Айдос Орал: "Үздік жартылай қорғаушы атандым деп мақтанбаймын"
– Финал әрқашан да ауыр өтетін ойын ғой. Бұл матчтың оңай соқпасын біліп шықтық. Қарсылас соншалықты мықты болмаса да, өз жерінде ойнады. Дегенмен, бізді де қолдаған жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Жігіттер намысқа тырысып, қолдарынан келгеннің барлығын жасады.
– Жалпы турнирде Сіз капитан болғалы бері тамаша ойнап кеттіңіз? Голдар соқтыңыз, ортадағы ойынды да ұстай білдіңіз?
– Жоқ. Капитандық маған керісінше қосымша жүк болды десем болады. Гол соқсам ол таза ойын жағдайы. Әріптестерімнің арқасы. Тек салқынқанды болуға тырысамын.
– Турнирдің "Үздік жартылай қорғаушысы" атандыңыз! Құттықтаймыз!
– Иә, рахмет. Турнир алдында осылай болады деп айтса, сене қоймас едім. Менен де мықты жартылай қорғаушылар болды. Мен өзімді олардың арасынан ерекшелеп айтуға аузым бармайды. "Үздік жартылай қорғаушы" атандым деп мақтанбаймын.
– Енді алдағы уақытта демалыс алатын шығарсыз?
– Демалыс болмайтын шығар. Өз басым қатты шаршадым деп айта алмаймын. Одан әрі дамуымыз керек. Мен әлі жас футболшымын. Сондықтан, жеке өзім жаттығулар жасап, еңбектенемін.
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |