Главное Маңызды
22 нояб. 2024, 16:42
489
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
345
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
514
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:
21 нояб. 2024, 17:17
552
Спортивный директор «Астаны» Игорь Павлюк рассказал о подготовке столичных к финальному матчу Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL.
21 нояб. 2024, 11:13
2346
Аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев высказал свое мнение по поводу финансирования «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Бауыржан Сәрсекенов: "Ел футболының дамығаны ешкімге керек емес сияқты болып көрінеді"

29 янв. 2017, 07:50 | 2704
Қазақстанда балалар және жасөспірімдер футболына тыңғылықты қарап, әрдайым өзінің тың идеялары мен жобаларын таныстырып жүретін бапкер - Бауыржан Сәрсекенов. Ол ел футболының дамуына көп үлес қосқан мамандардың бірі. «Гранаткин мемориалы» аяқталысымен KazFootball.kz порталының тілшісі білікті бапкерге хабарласып, жалпы турнир туралы ойын білген еді.

– Бауыржан мырза, жасөспірімдер футболын бір кісідей білетін мамансыз. Айтыңызшы, «Гранатин Мемориалындағы» Қазақстан құрамасының көрсеткен нәтижесі жай кездейсоқтық па?

– Жоқ, олай деп айта алмаймыз. Футболда ондай нәрсе өте сирек болады. Әр жетістіктің артында өзіне тиесілі еңбегі тұрады. Тіреуші ұғымы болады. Естеріңізде болса осыдан он жыл бұрын Қазақстан футболы неміс футболының үлгісімен дамуды қолға алды. Әсіресе балалар және жасөспірімдер футболын солай қарай бағыт беріп, дамытқымыз келді. Бұл соның нәтижесі дер едім. Яғни, Премьер-лигадағы әрбір футбол клубы өзінің негізгі командасынан бөлек даярлау орталықтарын ашуы тиіс. Күллі облыс төңірегінде көзге түсіп жүрген балалар, жастарына сәйкес сол командаға алынады. Орталықтанған футбол мектебінде тәлім алады. Ол 12 жастан, 14-ке өтеді, сосын 16, сосын 17, міне осылай өсе береді. Яғни, баланың жасөспірімдер командасына дейінгі өсу сатысы көз алдыңда, бақылауда болады. Бұл ғылымға негізделген, ізі бар, жақсы бағдарлама. Міне, сол бағдарламаның алғашқы түлектері биыл өз нәтижесін көрсетті. «Гранаткин Мемориалына» барған Қазақстан құрамасының мүшелерінің барлығы дерлік облыстардағы клубтардың өкілдері. «Шахтер», «Ордабасы», «Қайрат» командаланың болашақ футболшылары жарқырап көрінді.

– Бұл футболшылардың арасында Премьер-лига клубына тиесілі емес, қалалық чемпионатта ойнайтын да футболшы болды ғой. Тараздың «Монтажник» клубынан алынған Еркебұлан Сейдахметті айтамын.

– Бұл өте талантты шабуылшы. Мен оған жаттығуда Неймар деген ат берген едім. Ойыны да, түр-тұлғасы да бразилиялыққа келіңкірейді. Егер Санкт-Петербургтағы ойындарды көрсеңіздер, оның 2-3 қорғаушыға қарсы қорықпай дриблингке баратынын байқар едіңіздер. Біздің команда қарымта шабуыл арқылы өнер көрсетті. Сол кезде Еркебұлан секілді жылдам, әрі шапшаң қимылдайтын шабуылшы керек еді. Сейдахмет өзіне артылған жауапкершілікті толық өтеді. Бапкерлер сенімін ақтады.

– Сіз енді, бүкіл ойындарды көрсеңіз, біздің сол командамыздың ойынына анализ жасап берсеңіз.

– Мен бапкерлік көзқараспен қарадым. Сондықтан, бірнеше сызбалар жасадым. Біздің команда негізінен қорғаныс арқылы ойнады. 5 қорғаушы, ортада екі артқы жартылай қорғаушы. Ал, жартылай қорғаныстағы екі футболшымыз шабуыл кезінде толыққанды шабуылшы болып кетіп отырды да, алдағы Сейдахметке екі жақтан күш берді. Былайша, айтқанда шабуылда бізде үнемі үш ойыншы болды. Ал, қорғанатын кезде тоғыз футболшы ойнады. Себебі, мұндай турнирде жас футболшылар қорғаныстан жылдам шабулға шыға алмайды. Олар әлі диагональ пастарды толық меңгермеген. Аяқтарының күші де жетіспейді. Өйткені, дене-тұрқылары әлі толық қалыптаспаған. Сондықтан, бұл тактика өз жемісін берді.

– Тактика деген кезде бізге Қазақстан U19 құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов еске түседі. Александрдың жұмысына қандай баға берер едіңіз?

– Мен оны сонау 2011 жылы Штутгартқа бапкерлер курсына оқуға бірге алып барғанмын. Ол сол кездің өзінде бәрін іздеп, біліп жүретін алғыр жігіт болатын. Тілді де тез үйренді. Тактикалық сызбаларды да қаттап жазып жүрді. Міне, соның барлығы өз жемісін беріп отыр. Ол жақсы бапкерге айналды. Өткен жылы ол жасөспірімдерді көптеген жарыстарға апарды. Молдова мен Андорраға барғанда тыңғылықты дайындық жүргізді. Сол кезде жасаған еңбектері енді жемісін берді ғой. Бізде басқа жастағы құрамалар жылына үш рет жиналады. Ал, ол жасөспірімдердің көбірек бастарын қосып, турнирлерге апара берді. Осылайша командасын қалыптастырды. Оның футболшылармен сөйлескенінің өзі қандай керемет. Әйтпесе, біздің кейбір бапкерлеріміз бар. Жас, әлі қалыптаспаған жеткіншектерге боқтап сөйлейді. Тапсырманы орындай алмаса сөгіп салады. Олай болмауы керек. Баланың бетін қақпауымыз керек. Мен соңғы жылдары консультант қызметінде жүрмін. Балалар бапкерлеріне бар білгенімді айтамын, түсіндіремін. Қай жерде қалай сөйлеу керектігін, әр баламен жеке әңгіме жүргізуі тиіс екенін айтамын. Мен мысалы әр баламен жеке тест өткіземін. Команда ішіндегі атмосфераны қалай бағалайды, үйіндегі жағдайы, сабақтағы қиындықтары. Осының барлығын жеке зерттеп, ол балаға психологиялық көмек көрсете отырып, жасыл алаңда қалай ойнау қажеттігін үйрете отыру керек. Әйтеуір, бар білгенімді мен жарыс кезінде де Александрге телефон арқылы хабарлап айтып отырдым. Азды-кем тәжірибиеммен бөлістім.

– Бауыржан мырза енді өзіңіз жайлы айтсаңыз. Сізге қазір шет елдік федерациялардан ұсыныс түсіп жатыр деген сыбыс шықты. Ол рас па?

– Өткенде бір турнирде Тәжікстан футбол федерациясының адамдары келіп, біраз консультация сұрады. Мен олардың ойындарын көріп, қателіктерін дәптерге сыздым. Сосын, олар рахметін айтып тағы да хабарласты. Енді Тәжікстан футбол федерация мен сол елдің «Вахш» клубынан ұсыныс түсіп отыр. Ол жақта да талантты футболшылар бар. Одан кейін ШҰАР-дан да хабарласып отыр. Ол жақта қазақ тілінде сөйлейтін футболшылар өте көп. Жастарды тәрбиелейтін бапкер керек деп отыр. Үрімші қаласының академиясы бар екен. Әзірге осындай ұсыныстар түсіп отыр. Енді жақын арада біреуін таңдауға тура келеді. Әйтпесе, Қазақстанда футболға жаны ашитын адамдар азайып бара жатқан секілді көрінеді. Ел футболының дамығаны ешкімге керек емес сияқты болып көрінеді.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх