Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
104
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
171
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
175
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
163
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
183
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

"Қайсар" қайтер екен?

21 февр. 2017, 17:40 | 3433
Қазір футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйер қатары артып келеді. Әсіресе, облыс орталығындағы командалардың қолдаушылары белсенді. Сыр еліне тиесілі "Қайсардың" тыныс-тіршілігін қалт жібермейтін әлеуметтік желі пайдаланушылары да аз емес. Қазір өзін "қасқырлардың" фанаты санайтын топ алдағы маусымнан не күтеді? Осы ойды KazFootball.kz порталы өрбітіп көрмек.

Әрине, «дала көкжалдары» «Қайсардың» жеңісін аңсайды. Ол анық. Ал, Стойчо Младенов шәкірттерінің шамасы неге келетіні маусым барысында анықталады ғой. Әзірше байқағанымызды ортаға салайық. Түрлі себептермен «Қайсардың» оқу-жаттығу жиындарын назарда ұстауға тырыстық. Алдымен бапкерлерге тоқталсақ.

Бас бапкер - Стойчо Младенов. Болгария құрамасында бірнеше жыл өнер көрсеткен. Өз елінде бапкер ретінде де танылды. Анатоли Нанков екеуі Египетте де жұмыс істеді. Енді Қазақстанға келді. Былтыры маусым ортасында "Атырауға" келіп, мұнайшыларды ұшпаққа шығарған жоқ. «Қайсармен» келісім-шарт жасасқан бетте ойыншылар тобын алып, желтоқсан айында Түркияға аттанды. Қыстан бері Босфор маңын мекен етті. Қаңтарда кеткеннен команда әлі сол жақта. Ойыншыларды судай сапырыстырды. «Анау «Қайсарға» келді, енді кетіп барады», деген мазмұндағы ақпарат ағынына қараумен болдық. Кемі отыз легионерді байқап көрді. Құрамға қосылғандары шамалы. Бір білгені бар шығар, біте қайнаспаған соң сырттай тон пішу қисынсыз. Бас бапкер Нанковқа қапысыз сенеді.

Анатоли Нанков 1998 жылы Францияда өткен мундиалда өнер көрсетті. Болгария Парагваймен ойнағанда алаңда ол да жүрді. Матчты тікелей таратқанбыз. Содан білеміз. Екінші ескерту есебінен бәсеке соңына таман алаңнан қуылды. Дегенмен, ойыны ұнаған. Алаңды көре білуі. Репортаж кезінде мақтадық та. Болгария кездігіне баладық. Қарсыласына жүгіртіп алатын. Сол Нанков қазір Сыр елінің командасында. Футболды бір кісідей біледі.

Қақпашыларды Виталий Галат жаттықтыруы тиіс еді. Бірақ әлде бір себептермен командадан шеттетілді. Әлде жұмысқа кешіккен. Енді оның орнына Вадим Егошкин келді. Егошкин ел футболының тарихындағы айтулы қақпашылардың бірі болды. Білімі терең. Мүмкін Антон Цирин мен Марсель Исламқұловтың шеберлігін шыңдауға ұмтылар. «Қайсар» қақпашы мәселесін қалай шешер екен? Цириннің бабы тайып бара жатқан секілді. Енді Егошкин шырағын қайта жақпаса. Марсель де жаман емес. Алайда, тағы бір мықты қақпашы қажет секілді...

Сонымен қатар, былтырғы бас бапкер Сұлтан Әбілдаевтың командадағы қазіргі қызметі мен жағдайы белгісіз. Кейбіреулер Младеновпен сөзге келіп қалды дейді мыс. Алдағы уақытта ақпарат күтетін боламыз. 

Енді қорғанысқа келейік. Команда көптеген жолдастық кездесулер өткізді. Қорғаушылар тарапынан кеткен қателіктер де тым көп. Мүмкін жаттығудағы салмақ ойын кезінде тұсау шығар. Ондай да болады. Иван Граф сауатты екен. Алексей Мулдаровтың шеберлігіне шек келтіру әбестік. Абдель Ламанж да қабілетті. Алайда, солардың өрескел қателіктері маусым барысында белең алуы да мүмкін ғой деген күдік тұрады. Үркіту орталық қорғаушыларға сын болсын. Қос қанатты қайтер екен? Дмитрий Евстигнеев сол жақта, Ілияс Әмірсеитов оң жақта жүрді. Евгений Горячий мен Валентин Чуреевті де көрдік. Бас бармақты жоғары көтеруге болмас. Өз деңгейлерінде өнер көрсетті. Көңіл де суыған жоқ, іш те жылыған жоқ. Қара жарыста қайрат шығаруға ерініп, бәсеке кезінде барын салатындар болады. Біз атаған жігіттер маусым кезінде түлесе, кәні! Қорғанысқа жергілікті түлектер Олжас Алтаев, Алдан Балтаев және Керімжанов секілді ойыншылар да көмектесуге дайын. 

Жартылай қорғаушылар жөнінде. Ең бастысы Мақсат Байжанов бар. Бірнеше ойыншының жүгін арта алады. Әлгі жүкті діттеген жеріне шашау шығармай апарады да. «Қайсар» Байжановты жақсы алды. Мақсат керемет ойыншы. Ақылды жігіт. Нағыз капитан. Маңындағыларға ықпал ете алады. Демек, «Қайсар» тірек болатын футболшымен келісім-шарт жасасты. Әркімнің өзінше пікір айту құқы бар ғой.

Младенов шақырған ойыншының төресі Джон Камара секілді. Алғашқы жолдастық кездесуде байқадық. Рас, көңіл-күйдің адамына келеді. Шатттанып жүрсе, алмайтын қамалы жоқ. Допты ұршықша иіреді. Техникасы жақсы. Алаңды көре біледі. Сосын, тез қимылдайды.

Владимир Аржанов туралы айтсақ. Украина футболының өкілі ғой. Қара күші көп. Тактикалық тұрғыда қосатын болса, «Қайсарды» өрге сүйрейді. Бірақ, доп жетектегенде кібіртіктейді.

Негізі, Руслан Сахалбаев пен Думан Нәрзілдаевқа сенім артылса, екеуі де ұятқа қалдырмас еді. Алайда, Младенов әсіресе Думанға негізгі құрамнан орын табуға қиналатын секілді. Орта тұстан. Кейде сол жаққа қояды. Думан ойынды жүргізуге қабілетті футболшы. Дене күшін мықтап алса, ел футболындағы елеулі тұлғаға айналауы тиіс. Талант. Техникасы жойқын ойыншы – Руслан  Сахалбаев. Маусым кезінде тіпті ашылуы тиіс.

Жамбылды жақсы алды. Көкеевті. Жамбылдың дриблингі мықты. Орнында тұрып-ақ екі қарсыласты сан соқтыруы мүмкін. Әттең, жауапкершілікті арттырса, тіпті тамаша болар еді. Қазақ футболының жарық жұлдыздарының бірі. Бірақ, кейде Көкеевті танымай қаласың. Алаңда. Егер бүкіл болмысымен ойынға немесе футболға берілсе, ұлттық құрамаға да қайта оралады. Жеңіл қимылдайды. Пас ұсынудың нағыз шебері. Младенов Жамбылдың тілін таба ала ма? Мәселе осында.

Матиас Курьор туралы көп айтылады. Өнерін көрдік. Әбден қарадық. Өзіндік деңгейі бар. Бір жақты пікір айту қиын. Голдың «иісін» сезеді. Қажет кезде керек жерден табылады. Жалқаулық та байқалатындай ма. Бұл біздің пікір. Тағы да айтайық. Көргеніміз ауыр жаттығулардан кейінгі жолдастық кездесулер. Мартиникиден келген Матиас маусым кезінде түлеп сала беруі де мүмкін.

Саиди Нтибазонкиза. Бізге ұнайды. Ұнайтындар санатында. Санатында дейтініміз, жалпы Саиди секілді тез қимылдайтын, алаңда тыным таппайтын ойыншылар біздің досымыз. Патрик Твумаси, кешегі Фокси секілділер. Бірақ, олардың мінездері де ерекше келеді. Сынаптай сырғып тұрады. Тезге салу қажеттілігі туындайтын шақтар болады. Немесе ақылмен жеткізу. Младенов қаншалықты психолог? Саидидың бабы сырғып бара жатқанда ақылға шақыра ала ма, арқадан қаға ала ма?

Шабуылда монтенегролық Стефан Николич. Тірсегі қорғаушыға таяу жүре ме. Жалп етіп құлайды. Ол – жақсы қасиет. Айып доптарын алу үшін. Сауатты құлайды. Тұсауы кесілмеген бала секілді тоңқалаң аса бермейді. Құлайтын жерін біледі. Демек, тактиканы меңгерген. Сосын өзін қатты сыйлайды. Құлайды да, атып тұрып допты іздейді. Пенальти тебу үшін. Нағыз шабуылшы. Младенов алғы шепті шыңдай түседі деген үміттеміз. Себебі, бір Николич аздық етеді. Рас, Елжас бар. Алтынбеков. Елжастың да өзін көрсетер шағы. Бәлкім, биыл реті келер?

Арнайы "KazFootball.kz" порталы үшін - Амангелді Сейітхан

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх