Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
86
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
158
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
164
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
153
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
173
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Қазақстандағы футбол ұстаханасы неге мардымды өнер көрсете алмай жүр?

08 мар. 2017, 05:20 | 3534
"Егер футболда көп нәрсені ақша шешсе, онда Біріккен Араб Әмірліктері Әлем чемпионы атанар еді". Бұл сөзді польшаның атақты бапкері Казжимез Горски айтқан. "Тараз" футбол клубы жайлы мақаламызға бұл сөздің не қатысы бар еді дейсіз ғой? KazFootball.kz порталы осы тақырып жөнінде сараптама ұсынады.

Жамбыл өңірі жалпы спорты елімізде қарқынды дамыған облыстардың бірі. Киелі жерден талай спорт саңлағы шықты. Алайда, олардың ішінде бокс пен футболдың шоқтығы биік. Соңғы жылдары боксты былай қойып, жергілікті жастар негізгі денді аяқдоп өнеріне қойды. Оның себебі әрине Тараз қаласының атын шығарған таланттар. Нұркен Мазбаев, Азамат Ниязымбетов, Нұрмат Мырзабаев секілді ойыншылар. Соларға қарап өскен Бауыржан Исламхан, Бауыржан Байтана, Ұлан Қонысбаев секілді футболшылар Жамбыл жерінің футболға деген ықыласын одан әрі күшейтті. Олардан кейін де біршама жігіттер шықты. Тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Барша қазақстандық жанкүйерлер Тараз футбол таланттарын шығаратын ұстахана деп жүр. Алайда, сол қаланың басты командасы неге Премьер-лигада мардымды өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсете алмай жүр?

«Тараз» сапында жарқ етіп бір көрінгеннен кейін футболшылар өзге клубтарға ауысады. Оның себебі, жергілікті командада футболшылар жалақсы төмен. Салыстырмалы түрде. Сондықтан, олар «Астана» мен «Қайрат» секілді командаларға кетуге құмар. Өйткені, өзге ұжымда олар екі есе көп жалақы алады. "Тараз" футбол клубының басшылары жалпы осы кезде шарасыз қалады. Себебі, футболшылар бір ойнап көрініп алған соң көп ақша мен мақсаты жоғары ұжымдарға ауысады. Оларға тоқтау қоя алмайсың. Әрине, өссін, дамысын, чемпиондыққа талассын. Бірақ, сол таланттардың топырлап ауысып жатқанын заңдастырып, содан бір клубқа пайда түсіру керек қой. Әр ойыншының келісім-шартын 4-5 жылға созып, «Қайратқа» немесе «Астанаға» жақсы бір қомақты қаржыға сатуға болар еді. Себебі, түлеп шыққан футболшыларға қаншама күш жұмсалды. Ол ең алдымен жергілікті бапкерлер еңбегі. Сол процестен пайда табу мүлде жоқ. Біз еуропалық футбол моделін ұстанатын ел болғандықтан мұндай оқиғадан адам саудасын ойлап табудың түк те керегі жоқ. Бұл жүйені біздер үшін осыдан бір ғасыр бұрын ағылшындар ойлап тауып қойған. Мәселе, негізі қарап тұрсаңыз осы «Тараз» футбол клубының философиясы мен ішкі ұстанатын саясатының әлі қалыптаспағандығын білдіреді. Мысалы, соңғы жылдардағы мақсат біреу. Жергілікті жастар мен тәжірибиелі легионерлерді ұштастыру. Буын алмастырып, жергілікті ойыншыларға ден қою. Ол не үшін? Жастар тәжірибиелі легионерлер ортасында жүріп үйренді делік. Одан клубқа не пайда? Ол ойыншы талантын ашып, тәжірибиесін жинап, келесі маусымда сөмкесін жинап «Қайратқа» аусып кетсе. Одан клуб бір тиын да пайда таппаса. Міне, осы тұсқа жеткенде клуб тығырыққа тіреледі.

Биылғы құрам туралы сараптама жазудың өзі артық. Клубтың қаржысы аз. Қазір көп нәрсе ақшаға тірелетін болған. Кімде мықты легионер – солар алғашқы алтылықта. Ал, «Тараздың» мақсаты тағы да Премьер-лигадағы орынды сақтап қалу. Ваит Талғаев келіп бірінші лигаға дайындалып жатты. Аяқ астынан енді мықтылар қатарында өнер көрсететін болды. Кәрі-құртаң тәжірибиелілер алынды. Құрамда көбіне тағы да жергілікті жастар. Әрине, жастар шығып, алаңның дәмін ертерек сезіп, қазақстандық футболшылар қатарын көбейткені Ұлттық құрамаларымызға жақсы. Жасөспірімдер, жастар, үлкен құрамаға азық.

8-ші наурыз күні «Тараз» өз алаңында «Шахтерды» қабылдайды. Әдеттегідей алғашқы турды жеңіп бастағанымен, команда дәстүр бойынша қайтадан құлдырайды. Себебі, жастардың шамасы 4-5 ойынға ғана жетер. Одан кейін, бәрі бұлыңғыр... Алайда, тараздық жанкүйерлер жыл сайынғы әдет бойынша командадан керемет бір ойын күтеді. Еуропа чемпионатына аяқ асты барып, жеңімпаз атанған Данияның 1992 жылғы ерлігіне пара-пар ерлік көрсетеді деп күтеді...

"Тараз" футбол клубының биылғы маусымда өнер көрсететін құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Джурахон Бабаханов, Владимир Логиновский, Бобыр Зайнутдинов, Арслан Сатыбалдин;

Қорғаушылар: Нұртас Кургулин, Мақсат Әмірханов, Антон Молтусинов, Мадияр Нұралы, Құрмет Қараман, Әділет Кеңесбек, Бекзат Шадманов, Неманья Миюшкович;

Жартылай қорғаушылар: Абзал Таубай, Тимур Байжанов, Максим Азовский, Ардақ Қарпық, Санжар Нұрлыбаев, Бақтияр Зайнутдинов, Гаврил Кан, Давронжон Эргашев, Мохамед Диара, Жақып Қожамберды, Евгений Шипицин, Андрей Горбанец;

Шабуылшылар: Максим Фещук, Руслан Мухаметшин.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх