Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
101
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
169
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
173
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
161
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
182
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Ойға ораған "Ордабасы"

07 мар. 2017, 06:10 | 2695
Шымкент Бақтияр Байсейітовке қалай қарайды? Қазіргі "Ордабасының" қызығы сол дер едік. Команданың жаңа маусымға дайындығы мен жаңадан алынған ойыншылары туралы KazFootball.kz порталы сараптамасын ұсынады.

Команданы жаттықтыруға мәскеу «Динамосынан» түлеген Алексей Петрушин келген көрінеді. Оның қолынан не келетінін уақыт байқатар. Кешегі кеңес мектебінің соңғы тұяғының бірі ғой. Тың ойлары болмауы мүмкін. Жеңіске бастайтын соқпақты жете танитын маман. Қасына ерген Андрей Ферапонтовпен ақылдасып отырса, команданы биікке самғатса, кәні. Шымкент жүлде бөлісіне араласатыны анық. Шама жете ме? Мәселе осында. Біздің шаруа командаға үңілу еді ғой. Іске кірісейік.

Негізгі қақпашысы – Алмат Бекбаев. Мүмкін, Сергей Бойченко. Жалпы, Шымкент талантты қақпашыларға кенде емес. Бұрын да солай болған. Бүгін де жорғасынан жаңылған жоқ. Кімге қақпа күзеттіреді, әлгі қызметті сол абыроймен атқарады. Маусым басталарға сәл уақыт қалғанда қатарға Рамиль Нурмухаметов келіп қосылды. Енді қорғанысқа көшейік.

Серб Зоран Рендулич келіпті. «Црвена Звезда» сапында шыңдалған, «Похан Стилерс» көрген, Қытай барған Зоран басқа қорғаушылармен бірге берік қамалға айналуы мүмкін ғой. Мұхтар Мұхтаровты да тізімнен көрдік. Қазақта «Кәрі пышақ ұялғанынан өтеді» деген мақал бар еді. Ренат Абдулин, Фархадбек Ирисметов туралы да солай айту керек шығар. Қорғаушы дегенде сыртынан сүйсінетін Александр Симчевич болуы мүмкін. Сербиялық футболшы «Мордовия» сапында жүрді. Арқада доп тепті. Міне, Шымкент асты. Былтыр отыз бір ойын өткізіпті. Бапкерлерге ұнаған. Сонымен қатар, Талғат Адырбеков, Бағдаулет Қожабаев, Ұлар Жақсыбаев, Темірлан Ерланов секілді қорғаушылар бар. Енді жартылай қорғанысқа өтейік.

Кирилл Ковальчукты алыпты. Жасы отызда. Інісі Сергей «Ақтөбеде» ойнаған. Ковальчуктердің жүйрігі осы - Кирилл. Ресейде өнер көрсетті. Өз елінде доп тепті. Сенім білдірген бапкерлерді ұятқа қалдырған жоқ. «Астанадан» Азат Нұрғалиев қайтып келді. Еуропа көрді. Ойын таныды. Өресі өсті. Жалғыз келген жоқ. Бұрынғы "Астананың" капитаны Таңат Нөсербаевты ерте келді. Таңат шабуылшы ғой. Алдымен орта тұсты түстеп алайық. Бізге ұнайтын ойыншы Еркебұлан Тұңғышбаев. Нағыз футболшы. Шаршамайды, шалдықпайды. Техникасы күшті. Алаңды көре біледі. Әріптестеріне доп жеткізудің де ретін табады. Екі-үш қорғаушыны алдап өтуге мүмкіндік беретін әккі тәсілдері де бар.

Самат Смақов жүр. Өз заманының саңлағы. Биыл негізгі құрамнан орын тие ме? Бапкерге байланысты. Мардан Төлебектердің көрінер шағы туды ғой, үміт соларда. Гогита Гогуамен де келісім-шарт ұзартылыпты. Төрт-бес жыл бұрын Ресей Премьер-лигасында жүргенде ойын өрнегіне таңдай қаққанбыз. Допты жұлып алатын, жылдам қозғалатын, тез ойлайтын футболшы. Бірақ, кейін кежегесі кейін тарта бастады. Денсаулығы сыр бермесе, «Ордабасыға» аса қажет жартылай қорғаушы. Бір топ жастар жүр. Мүмкін солардың арасынан екі-үшеуі суырылып шығар? Никита Бочаровты да жолдастық кездесулерде сынапты. Санат Жұмаханов кезінде алмас қылыштай жарқылдады. Талантын тани алған бапкер аз. Александр Гейнрихтің де әлі айтары бар секілді. Екеуі де тәжірибиелі. Алайда анау айтқан деңгейден табылуы қиын секілді. Түркия еліне виза берілмеген Абдулай Диакате шымкентке келді. Оның маусымға дайындығын алғашқы ойындар көрсете жатар. 

Шабуылшылар арасында Преслав Йорданов бар. София армияшыларының алдыңғы қатарлы ойыншысы деседі. Алуын алды. Ойын өрнегін енді білетін боламыз. Әлібек Бөлешев жүр. Қайрат Әшірбеков те осында. Бөсіп айтсақ жарасар еді. Шау тартқанын қаперде ұстамасақ. Алайда қайраты қайтқан тұста қайта түлейтіндер тым сирек қой. Отызды орталағандарың жиырма бестің қарымын қайдан алсын. Әлгі Преславқа Таңат Нөсербаев көмектесіп, екеуі қарсыластар айып алаңын бұзып жарса, оңтүстіктегі жанкүйерлердің айызы қанар еді. «Ордабасы» да керегінше ұпай алар еді. Грузин шабуылшысы Отар Марцваладзе де маусымда ойнайтын ойыншылар тізімінде. 

Бірнеше жолдастық кездесуінен үзінді көрдік. Оқу-жаттығу жиындары кезіндегі ойындар ғой. Бәлен деуге негіз аз. Бапкерлердің бір білгені бар шығар...

Арнайы "KazFootball.kz" үшін - Амангелді СЕЙІТХАН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх