Чемпиондықтан әркімнің бар таласы...
Осы орайда командаларымыз Түркия және БАӘ жерлерінде қандай командалармен жолдастық кездесу өткізгенін бір тізбелеп, саралап шықсақ. Себебі, қарсылас командалармен өткізген ойындарына байланысты, ұжымдардың қаншалықты дайындық жасағанын аңғаруға болады. Әрине, көптеген бапкерлер маусым аралық үзілісте көбінесе жаңадан алған футболшыларын сынақтан өткізді.
Әңгімені, чемпионнан бастасақ. Елордалық ұжым алғашқы оқу-жаттығуды Дубайда бастады. Онда есте қалғаны Стойлов шәкірттерінің атақты мәскеулік “Спартакпен” кездескені. Бұл ойынның нәтижесі ешкімге ұнамағаны анық. Дегенмен, болгариялық маман оқу-жаттығу жиынына команда әлі толық жиналып үлгермеді деп ақталды. Одан кейінгі Түркиядағы матчтарда Қазақстан чемпионы тек бір ғана ойында ғана жеңіліс тапты. Оның өзінде екінші құрам ойыншыларын сынау мақсатында. “Астана” негізінен шабуыл шебін күшейту үшін түрлі комбинацияларды ойнатып көрді. Командаға жаңадан алынған Джордже Деспотович бірнеше голдар салып, бапкер көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда “Астананың” дайындығы жаман емес.
«Астана» — «Спартак» (Ресей) - 0:5
«Астана» — «Заря» (Украина) - 1:1 (Деспотович)
«Астана» — «Славия» (Болгария) - 3:0 (Деспотович, Твумаси, Наджарян)
«Астана» — «Сараево» (Босния және Герцеговина) - 3:2 (Щёткин, Каньяс, Деспотович)
«Астана» – «Марибор» (Словения) - 2:0 -(Мұжықов, Деспотович)
«Астана» – «Олимпик» (Украина) - 3:6 (Нөсербаев, Мұжықов, Твумаси)
«Астана» – «Карпаты» (Украина) - 1:1 (Деспотович)
Алматылық “Қайрат” бапкер жаңартты. Бородюк келісімен бірнеше тәжірибиелі ойыншылар алынды. Шабуыл шебі түгел өткен маусымнан қалған ойыншылар. Тек осы жақында ғана Андрей Аршавин келді. Бұл ойыншыны басшылар жарнама жағынан қарастырғанымен де, ойын тұрғысында Аршавин алғашқы айналымда өз-өзін толық көрсетуі мүмкін. Ал, одан кейінгі ойыны қалай болары жұмбақ. Әдет бойынша, екінші айналымда Аршавин қосалқы құрам ойыншысы атануы тиіс. Уақыт көрсете жатар. Әдеттегідей алматылықтар сапынан Гоу, Исламхан, Исаэль үштігі жолдастық кездесулерде голды қарша боратып жатты. Бородюк командасы жолдастық ойындардың біразында жеңіске жетті. Демек, алматылықтардың аяқ алысы да жаман болмауы керек.
«Кайрат» — «Ваттеншайд 09» (Германия) - 1:1 (Исламхан)
«Кайрат» — «Ньиредьхаза» (Венгрия) - 3:2 (Гоу, Бакаев, Ли)
«Кайрат» — «Карлстад БК» (Швеция) - 4:3 (Гоу - 2, Павленко, Ли)
«Кайрат» — «ВиОн» (Словакия) - 1:1 (Исламхан)
«Кайрат» — «Зимбру» (Молдавия) - 2:0 (Гоу, Исламхан)
«Қайрат» – «Сараево» (Босния и Герцеговина) - 3:1 (Исаэль, Гоу 2)
«Қайрат» – «Милсами» (Молдавия) - 2:0 (Исаэль, Гоу)
Өткен жылы “қолаға” қол созған “Ақтөбенің” биыл жағдайы қиын. Бапкердің де тәжірибиесі аздау. Юрий Уткульбаев жарытып мықты ойыншыларды да алмады. Жергілікті футболшыларға сенім артайын десе, олардың өзі жарақат алды. Тек Самат Смақов қорғанысты күшейтті. Ал, қалған жағы өте нашар. Сондықтан да, “Ақтөбенің” чемпионатты сәтті бастауы неғайбыл дүние дер едік.
«Ақтөбе» — «Высочина» - 0:3
«Ақтөбе» — «Пакш» (Венгрия) - 0:1
«Ақтөбе» — «Вождовац» (Сербия) - 0:4
«Ақтөбе» — «Сиони» (Грузия) - 4:0 (Жалмұқан, Күлекенов, Бочаров - 2)
“Ақтөбе” – “Металлист” (Украина) – 0:1
“Ақтөбе” – “Ертіс” – 1:2
Бақтияр Байсейітов командасы көп футболшыны сұрыптады. Алған ойыншылары сапасы жағынан жақсы болуы тиіс деп отырмыз. Хорватиялық Филип Касалица шабуыл шебін кұшейтетін де шығар. Жалпы, айтқанда “Ордабасы” жұмбақ ұжым болып отыр. Бірақ, ойыншылар құрамы мен өткізген матчтарына қарап алғашқы алтылықта нық тұратын ұжым деуге келеді.
«Ордабасы» — «Зира» (Әзірбайжан) - 4:1 (Радивоевич, Нұрғалиев, Қайқыбасов, Юнузович)
«Ордабасы» — «Сиах Джамеган» (Иран) - 0:2
«Ордабасы» — «Виктория» (Германия) - 0:1
«Ордабасы» — «Шкендия» (Македония) - 1:4 (Касалица)
«Ордабасы» — «Напредак» (Сербия) - 2:1 (Нсереко, Нұрғалиев)
«Ордабасы» — Гана U-23 - 3:1 (Нсереко, Тәжімбетов - 2)
«Ордабасы» - «Белшина» (Беларусь) – 2:1 (Тұңғышбаев Симчевич)
«Ордабасы» - «Авжилар Бередийе» (Түркия) – 5:3
«Ордабасы» – «Милсами» (Молдовия) - 1:1 (Юнузович)
“Чемпионаттың басында бәрі мықты, аутсайдер команда қайдан шығады” демекші “Атырау” чемпионаттың басын тамаша бастайтын команда қатарынан. Владимир Андрейұлы Никитенко қатал тәртіптің адамы. Өткен жылғыдай команда негізгі акцентті қорғанысқа қоймақ. Жолдастық ойындарда команда көбінесе 0:0 ойнаған. Кездескен қарсыластары да осал ұжымдар емес. Польша, Чехия, Болгарияның ортаңқол командалары. “Атырау” алтылықта.
«Атырау» — «Wil 1900» (Швейцария) -1:2 (Аржанов)
«Атырау» — «Петролул» (Румыния) - 0:0
«Атырау» — «Интер» (Әзірбайжан) - 0:0
«Атырау» — «Ягеллония» (Польша) - 0:0
«Атырау» — «Фастав Злин» (Чехия) - 2:3 (Аржанов, Шарпар)
«Атырау» — «Локомотив» (Болгария) - 4:1
«Атырау» — «Рудар» (Черногория) - 6:1
«Атырау» — «ВиОн» (Словакия) - 1:1 (Харба)
«Атырау» — «Спартак» (Словакия) - 1:1
“Атырау” – “Александрия” (Украина) – 0:0
Күшейген команданың бірі керекулік “Ертіс”. Өткен жылдың соңында алған бір топ легионері командада қалып, абырой болды. Олар екі ай бойы түсіністікті қалпына келтірсе, “Ертістің” көктемде ағыны қатты болуы ықтимал.
«Ертіс» — «Сиах Джамеган» (Иран) - 0:1
«Ертіс» — «Сегед» (Венгрия) - 1:0 (Аяғанов)
«Ертіс» — «Ақтөбе» - 2:1 (Граф, Аяганов)
«Ертіс» — «Дила» (Грузия) - 3:2 (Меуленс, Белле, Дос Сантос)
«Ертіс» — «Богемианс» (Чехия) - 0:3
«Ертіс» — «Славия» (Болгария) - 4:1 (Муртазаев - 2, Макась, Дос Сантос)
«Ертіс» — «Динамо» (Грузия) - 1:1 (Макась)
“Ертіс” – “Хорсенс”(Дания) - 2:0
“Ертіс” – “Қызылжар” – 2:1
“Ертіс” – “Сталь” (Украина) – 2:1
“Ертіс” – “Судува” (Литва) – 1:0
“Ертіс” –“Ворскла” (Украина) – 0:0
Оқу-жаттығу жиындарының соңын тең нәтижелермен аяқтаған “Оқжетпес” те оңай емес. Владимир Мұқановтың қандай мықты бапкер екенін қазақстандық жанкүйерлер біледі. Бұл команда биыл орталықта ойнайтын футболшыларды әбден күшейтті. Команданың басты мақсаты алғашқы алтылыққа ену. Өткен жылы орындалмай қалған меже бәлкім биыл қолдан келер?
«Оқжетпес» — «Анжи» (Ресей) - 0:3
«Оқжетпес» — «Пахтакор» (Өзбекстан) - 3:0 (Бөлешев - 2, Әлиев)
«Оқжетпес» — «Аль-Салам» (Оман) - 5:1 (Молдақараев, Сахалбаев, Мухаммад, Гридин, Бөлешев)
«Оқжетпес» — «Сиони» (Грузия) - 0:0
«Оқжетпес» — «Бельшина» (Беларуссия) - 1:1 (Бөлешев)
«Оқжетпес» — «Пирин» (Болгария) - 0:0
«Оқжетпес» — «Лустенау 07» (Аустрия) - 1:1 (Чижов)
“Оқжетпес” – “Минс” (Беларуссия) – 1:0
“Оқжетпес” – “Карпаты” (Украина) – 1:2
Дмитрий Огай қорғанысты мықтап ұстайтын бапкер. Өзі де кезінде қорғаныста өнер көрсеткен. Ол баптаған ұжымдар аз гол жіберіп, көп гол соғуға машықтанады. “Ақтөбеден” ауысқан футболшылар команданың негізін құрайтын секілді. Голды да көбінесе солар салуда.
«Тобыл» — «Сарайону» (Түркия) - 2:0 (Бугаев, Шимкович)
«Тобыл» — «Левски» (Болгария) - 0:2
«Тобыл» — «Сталь» (Украина) - 2:0 (Яворский, Дяк)
«Тобыл» — «Варда» (Венгрия) - 0:1
«Тобыл» — «Войводина» (Сербия) - 0:2
«Тобыл» — «Слобода» (Босния және Герцеговина) - 2:1 (Дяк, Кассай)
«Тобыл» — «Легионер» - 4:0 (Шимкович - 2, Хижниченко, Яворский)
“Тобыл” – “Днепр”(Украина) – 2:0
“Тобыл” – “Белшина”(Беларуссия) – 0:2
“Тобыл” – “Металлист” (Украина) – 1:2
“Тобыл” – “Заря” (Украина) – 1:0
Жергілікті жастарға сенім артып, тізгінді Нұрмат Мырзабаевқа берген “Тараз” жиын кезінде жетістірмеді. Тарас Данилюк, Малик Мане секілді екі легионер ғана алыпты. Қалғаны түгел Тараз футболының түлектері. Екінші алтылықтан “ойып тұрып” орын алғалы тұрған команда. Болжам солай. Бірақ, кім біледі, өз түлектеріне сенген “Саутгемптон” арғы жылы ойран жасаған жоқ па еді?
«Тараз» — «Истиклол» (Тәжікстан) - 2:2 (Рымтаев, Шахметов)
«Тараз» — «Ягодина» (Сербия) - 1:2
«Тараз» – «Олимпик» (Украина) - 1:2
«Тараз» – Милсами (Молдова) - 1:1
Галиакперов деген талантты шабуылшыдан айырылып қалған “Жетісу” екінші алтылықта бақ сынайтыны анық. Бұл командада ең бастысы жақсы бір футболшы өсіп келе жатқандай. Ол - Бауыржан Тұрысбек. Голдарды сол салып, команданың негізгі ойыншысына айналып отыр.
«Жетісу» — «Чонбук Хенде» (Оңтүстік Корея) - 1:1 (Савич)
«Жетісу» — «Краснодар» (Россия) - 1:2 (Тұрысбек)
«Жетісу» — «Бунедкор» (Өзбекстан) - 2:1 (Тұрысбек, Рудик)
«Жетісу» — «Верея» (Болгария) - 1:2 (Автогол)
“Жетісу” – “Небитчи” (Түрікменстан) – 1:1
“Жетісу” – “Алашкерт” (Армения) - 1:0
Басшыға жарымаған “Шахтер” демалыс кезінде түрлі оқиғаларды бастан өткерді. Нидергаус келе сала команданы қайта қалпына келтіргісі келген. Әжептеуір жақсы ойыншалар да алынғандай көрінген. Бірақ, одан кейінгі жағдай түсініксіз. Сондықтан да, “кеншілердің” болашағы бұлыңғыр.
«Шахтёр» — «Ягодина» (Сербия) - 0:1
«Шахтёр» — «Войводина» (Сербия) - 1:1 (Жаңғылышбай)
«Шахтёр» — «Ворскла» (Украина) - 0:1
«Шахтёр» — «Нови Пазар» (Сербия) - 3:1 (Зенели, Ермеков - 2)
«Шахтёр» — «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) - 0:2
«Шахтёр» — «Истиклол» (Тәжікстан) - 2:2 (Фернандо, Кенетаев)
“Шахтер” – “Ильичевец” (Украина) – 2:2
“Шахтер” – “Карпатя” (Украина) – 1:1
Талған Маруанұлы Байсуфинов мінезді тұлға. Өз дегенін істете білетін бапкер. “Ақжайықтың” осы күні басты қаруы осы кісі. Футбол бұл 50 пайыз алаң сыртында, ойыншыларды басқаратын маманға байланысты ойын. Сондықтан да, “Ақжайық” атылып шығып сенсация жасап, “Лестер” секілді мықтыларды ілестірмей кетсе ше? Әрине, әр команда жайлы сұрақ көп. Чемпионаттың өзі бәрін орнына қояры белгілі. Бірақ, ең бастысы Оралдың командасы ойынға оралғанына қуаныштымыз. Жаңадан келген командаға бәрі жарасады.
«Ақжайық» — «Ени Амасьяспор» (Түркия) - 2:1 (Хромцов, Хаиров)
«Ақжайық» — «Сумгаит» (Әзірбайжан) - 0:1
«Ақжайық» — «Аланьяспор»-д (Түркия) - 4:1
«Ақжайық» — «Тыргу-Муреш» (Румыния) - 0:1
«Ақжайық» — «Газ Метан» (Румыния) - 0:1
«Ақжайық» — «Берое» (Болгария) - 0:2
«Ақжайық» — «Aсан» (Норвегия) - 3:0 (Хромцов -2, Валиуллин)
“Ақжайық” – “Милсами” (Молдавия) – 2:4
“Ақжайық” – “Волунтари” (Румыния) – 4:1
“Ақжайық” – “Заря” (Украина) – 1:1
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |