Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
150
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
215
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
210
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
198
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
213
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Илья Воротников: “Футболда жаяудың шаңы шықпайды”

02 янв. 2015, 18:39 | 2160
Қазақ футболында ақаулы дүние жеткілікті. Ұлттық құраманың қорғанысы жайлы сөз қозғағанда кез-келген жанкүйер өз ойын ашық айтады. Ал, сол қорғаныста ойнап жүрген жігіттердің ойын кім тыңдап жатыр. Олардың да өз кезегінде айтары бар. Бүгінгі әңгімеміздің қаһарманы Илья Воротников. «Тараз» футбол командасы мен Ұлттық құрамамыздың қорғаушысы.

- Илья, сөз басын өзіңіздің спорттық ғұмырыңыздың бастауынан алсақ.

- Жастайымнан футболға қатты қызықтым. Біз футболмен айналысып жүрген кезде жағдай жалпы қиын еді. Футбол алаңдарының сапасы төмен, жарыстарға шығу - қиынның қиыны болатын. Бірақ, мен және менің құрдастарым футболға деген махаббаттың арқасында сол қиындықтарды жеңе білдік. Жасөспірімдер деңгейіне жеткенімде Республикалық спорт колледжіне қабылдандым. Онда атақты бапкер Сергей Кузнецовтың қол астында жаттықтым. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан футболына аты танылғандардың көбісі осы Кузнецовтан тәлім алғандар. Одан кейін мені Құрбан Бердыев пен Павел Черепанов бастаған бапкерлер «Рубин» командасына шақырды.

- Иә, осы жайлы естуіміз бар. Қазанға жасаған сапарыңызды кішкене толығырақ айтып өтсеңіз...

- Әлгінде айтқан Павел Черепанов мені және тағы бір жігітті Қазан қаласына байқауға шақырды. Біз еш ойланбастан бір аптаға баруға келістік. Жаттығу кезінде менің ойынымды Құрбан Бикейұлының өзі келіп, тамашалап тұрды. Сосын маған командада қалуға мүмкіндік жасады. Тіпті, келісім-шартқа отырдым. Сонда қазір ойлансам, менің өмірімдегі ең алғашқы кәсіпқой келісім-шартым «Рубинмен» болыпты ғой.

- «Рубинде» негізгі құрамға іліну қиын болды ма?

- Иә, әрине «Рубин» секілді команданың негізгі құрамына іліну екінің бірінің қолынан келе бермес. Оның үстіне ол кезде команда Ресей премьер-лигасының алғашқы бестігінің ішінде жүретін. Нобоа, Домингес секілді мықты легионерлер жүрді. Мен негізінен қосалқы құрам сапында ойнап жүрдім. Бір-екі рет негізгі құраммен сырттағы ойындарға да барып жүрдім. Алаңға шығып қалуым да ықтимал болған. Дегенмен, ол кезде жасым небәрі 19-да болатын. Керек емес жерден жарақат алып қалдым. Сосын маусым аяқтала берген тұста легионерлерге шектеу қоятын тағы бір заң шықты. «Рубин» басшылығы маған азаматтығымды Ресейге өзгерт деп ұсыныс тастады. Әйтпесе, қазандық командада қалуың қиын деді. Мен ойлана келе өз азаматтығымды ауыстырмай, елге оралуды көздедім. Келген соң, жаңадан құрылған «Алма-Ата» деген командаға келіп қосылдым.

- Қазақстан жастар құрамасында да біршама тер төктіңіз.

- Дұрыс айтасыз, сол шақтан бастап мен Қазақстанның жасөспірімдерден бастап, әртүрлі жастағы құрамаларына ойнай бастадым. Қанша дегенімен, «Рубинде» алған тәжірибием өз көмегін көрсетті. Кішкене, деңгейі жоғары легионерлермен ойнасып үйренгендігімнің арқасында Қазақстанда өзімді жақсы сезіне бастадым. Юха Малинен, Ойрат Садуов, Евгений Яровенко қол астында ойнадым. «Алма-Ата» командасында да шет елдік бірнеше мықты бапкердің тәлімін алдым. Одан кейін Қазақстан ішінде бірнеше клуб ауыстарғаннан соң мен «Таразға» келдім. «Таразда» доп тепкеніме 2 жылдан асты. Дәл осы «Тараз» менің бағымды ашты десем қателеспеймін. Осында жүріп қорғаныста қалай тұру керектігін ұғына бастадым. Бапкерлер көзіне түсіп, Ұлттық құрамаға іліндім.

- Илья Ұлттық құрама көп гол жіберіп жатады. Жанкүйерлер тарапынан қысымды сезінесіздер ме? Қанша дегенімен, қорғаныстың жүгі ауыр ғой.

- Қақпамызға гол кірсе, жүрегімізге келіп қанжар қадалғандай боламыз. Шынына келгенде ұтылған ешкімге ұнамайды. Жанкүйерлерді түсінуге болады. Бірақ, біз әрбір жіберілген голға олардан да көбірек қайғырамыз. Ірі есеппен ұтылған күндері ешкіммен сөйлеспей, 2-3 күн «байланыс аясынан тыс» кетемін. Дегенмен, футбол бұл ұжымдық ойын екендігін ұмытпау керек. Тек қорғаныстан емес, басқа да позициядағы жігіттер қателесіп жатады. Бір қателік, бір голдың соғылуына алып келеді. Ойын барысында мен де қателесуім мүмкін, шабуылшылар да, қақпашы да қателесуі мүмкін. Олардың барлығы да адам ғой. Сондықтан да Ұлттық құраманың жеңілісін бір адамға жаба салу дұрыс емес. Гол соқсақ та, ол бір адамның ғана өнері деп білмеңіздер. Футболда жаяудың шаңы шықпайды. Десе де, кейде қарсыластарымыздың командалық ойыны жүрмей жатқан кезде шеберліктері шыңдалған кейбір ойыншылар матч тағдырын шешіп кетіп жатады. Снейдер, Ван Перси, Арда Тұран секілді әлемдік жұлдыздарға қарсы ойнау өте қиын. Уақыт өте келе біздің командамыздың да сапында сондай деңгейдегі футболшылар пайда болады деп үміттенемін. 

- Сіз спорттық ғұмырыңызда көбінесе орталық қорғаушы болып ойнадыңыз. Ал, орталық қорғаушылар негізінен жұп болып жұмыс істейді. Сізге қандай әріптеспен ойнаған ұнайды?

- Шынымен де, осы кезге дейін үнемі орталық қорғаушы болып ойнадым. Қасымда үнемі жас футболшылар болды. Ал, мен керісінше қасымда тәжірибиелі ойыншы болғанын қалаушы едім. Өйткені, әріптесің тәжірибиелі болса бірдеңе үйренесің. Қасыңда жас футболшы болса онда екеумізге де үйрену керек. Мен ойнаған командаларда көбінесе солай болып жататын. Қасымдағы әріптестерім тіпті менен жас болып келетін. «Ақжайықта» ойнап жүрген кезімде қасымда Якоб Хлебоун есімді легионер әріптес болды. Біз ол екеуміз алаңда да, футболдан тыс та жақсы түсіністікте болатынбыз. Жалпы, «Ақжайықта» сол кезде бізде тамаша команда жасақталып еді. Қазақстанда жұмыс жасайтын ең мықты бапкерлердің бірі Саулюс Ширмялистің қол астында жаттығудың өзі бір ғанибет қой. Сол кездегі орталықта ойнаған шақтарымды қызыға еске аламын. Қасыңда сондай мықты легионер болса да көп нәрсе үйренесің.

- Биылғы маусым қорытындысы ретінде, үздік ойыншы деп кімді санайсыз?

- Биылғы чемпионат өте тартысты болды. Үздік деп бірнеше футболшыны айтсам артық емес. «Қайрат» сапында ойнайтын Жерар Гоу үздік шабуылшы дер едім. Ал қорғаушыларға тоқталсақ, онда «Астанадағы» Аничичті нұсқаймын.

- Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер vesti.kz,  prosportkz.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх