Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
19
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
112
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
135
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
123
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
160
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

"Қайраттың" жеңетін кезі келді

29 апр. 2017, 05:30 | 2186
Қазір елімізде болжам беретін ресейлік сайттар көбейді. Олар әртүрлі еуропаның біріншіліктеріне өз пікірлерін айтады. Ал, біз отандық футболдың бұл тұста кемшін қалмағандығын тілеп, өз ойымызды ортаға салдық. Әдеттегідей "KazFootball.kz" порталы 9-шы тур ойындарына болжам жасайды.

9-тур

«Оқжетпес» - «Ақтөбе»

Бұл матч турнирлік кестедегі көршілердің арасында өтеді. Екеуінде де бірдей – 5 ұпайдан бар. Чемпионат басында көп үміт артылып, сол сенім үдесінен шыға алмай жүрген қос клуб осы турда ағынан жарылуы тиіс. Себебі, өткен турда екеуі де матчтар өткізбеді. Ал, «Ақтөбе» командасының сырт алаңда жақсы ойнайтынын ескерсек, көкшетаулықтарға тіпті қиын болғалы тұр. Көкшетаулықтар өз алаңындағы ойындарын әзірге елордада өткізіп жүр. Параметрлері ешбір сай келмейтін «Тарлан-Аренада» қызықты ойын өтеді. Себебі, жасыл алаңда аса қатты ұзаққа жүгірудің қажеті шамалы. Сондықтан, хоккейге ұқсас шабуылы арлы-берлі теңселетін ойын өтеді деп сенеміз. Матчқа беретін бағамыз екі команда кем дегенде бір голдан соғуы керек.

«Тараз» - «Атырау»

Қазақстан Премьер-лигасында «Тараз» сапында дебют жасаған Еркебұлан Сейдахмет қашан гол соғар екен деп күтіп жүрміз. Ол да бір оқиға. «Астанадан» 0:4 ұтылған жамбылдықтар өз алаңында ұпай алуды көздейді. Біріншілікте биыл тек «Ордабасыны» ғана жеңген Ваит Талғаев шәкірттері «Атырауды» қыспаққа алады. Оның үстіне «Тараздың» гол соқпағанына да біраз болды. «Атырау» ұпайын қайтарып алған соң, жақсы көңіл-күйде. Олар барлығын таза парақтан бастамақшы. Чемпионатта әлі жеңіске жетпеген екі команда бар. Бірі – «Шахтер», екіншісі осы – «Атырау». Демек, жаңа бапкер алған «мұнайшылар» осы матчта гол соғуы тиіс. Екі команда да гол соғады деген бәсті алғымыз келеді.

«Қайсар» - «Астана»

Стойчо Младенов пен Станимир Стойловтың арасындағы теке тірес. Болгариялық қос бапкер бір біріне қандай сый жасар екен? Ойын тартысты өтеді дегенге сенім мол. «Астана» қазір өз ойынын тапқан секілді. Ортадағы Иван Маевский мен Срджан Граховац жұбы Рохер Каньяс пен Неманья Максимовичті жоқтатып жатқан жоқ. Шабуылда Джуниор Кабананга жарап тұр. Тек бұл матчта Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионының жасыл алаңының сапасы елордалықтарға майдай жаға қоймас. Осы тұрғыдан алғанда ойында үш гол кірмейтін шығар деп топшыладық. Ал, «Астана» минималды жеңісті тіркесе, таң қалмаймыз.

«Қайрат» - «Ақжайық»

«Қайраттың» турнирлік кестеде ұзап шығатын уақыты болған. Өзінен көрсін. Қайта–қайта тең ойнап, ұпайдан шашау шығара берді. Өткен турда «Ертіспен» ойында тең нәтижеге жеткендерінің өзі үлкен жетістікке баланды. Енді өз алаңында олай ойнамайды деп күтеміз. Оралдық команданы оңай ұта алатын қауқары бар. Кахабер Цхададзе командасы чемпионатта жеңіліп көрмеген жалғыз ұжым. Алайда, тең нәтиже тіркеуден алдына жан салмай тұр. Алты кездесуде қарсыласымен ұпай бөліскен. Павлодардағы матчта Стас Покатилов жарақат алып орнына Владимир Грошев деген жас жігіт шықты. Демек, осы ойында Изу Азука секілді шабуылшысы бар «Ақжайық» гол соғып кетуі мүмкін. Оның үстіне көптеген командалар «Орталық» стадионға келгенде шабыттанып ойнайтыны бар. Сондықтан, матчтағы голдар саны 2,5-тен көп болады деп отырмыз.

«Шахтер» - «Ордабасы»

Қарағандылық «Шахтер» чемпионатта әзірге ең көп гол жіберген команда. 7 ойында 14 доп жіберген. Яғни, орташа есеппен алғанда әр матч сайын екі доп. 10 гол соғып тура 10 гол жіберген «Ордабасының» Қарағандыдағы ойында гол соғатыны анық көрінеді. Ал, «кеншілерге» осы ойында бір ұпай да жетіп қалар. Себебі, «Ордабасы» құрамы мықты ойыншылардан жасақталған команда. Оның үстіне «тазы ашуын тырнадан» алады демекші, өз алаңында «Тобылға» жеңіліп қалған шымкенттіктер осы турда соның орнын толтыруды көздейді.  

«Тобыл» - «Ертіс»

Тағы да турнирлік кестенің көршілері. Бұндай ойындарды алты ұпай үшін талас деп айтып жатады. Екеуі де шабуылдап, гол соққанды ұнататын командалар. Алайда, алаң иелерінің басымдылығы сезіліп тұр. Қостанайда күн жылыған сайын «Тобыл» жақсы ойнай бастады. Джордже Деспотович, Душан Савич, Томаш Шимкович, Алексей Щеткин, Тохтар Жаңғылышбайы бар команда кем дегенде бір гол соғады. Сондықтан, қостанайлықтардың тоталы бірден көп болады деп болжаймыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх