Вахид Масудов: "Алдағы ойынға үлкен сеніммен қараймыз"
- Жаттықтырушылар штабы, федерация жетекшілігі, ойыншылар, жанкүйерлер өз алаңымызда әдемі ойын өрнегін көрсетуді қалайды. Ең бастысы - оң нәтижеге қол жеткізу. Ол үшін бар күшімізді жасыл алаңда жұмсаймыз. Аз уақыт ішінде футболшылар бірін-бірі түсініп, жеңіске жету мақсаты алға қойылған. Жалғыз кемшілік - қазіргі уақытта жастар құрамасының футболшыларының ойын тәжірибесі жоқтығы. Дегенмен, алдағы ойынға үлкен сеніммен қараймыз.
- Жастар құрамасын жақында ғана қабылдап алдыңыз, барлық үміткерлермен таныса алдыңыз ба?
Барлығымыз отандық футболда жұмыс істейміз. Сол себепті үнемі қадағалап отырамыз. Көптеген ойыншылармен бірге жұмыс істедім. Өскеменде қақпашы Павловты негізгі құрамға тартқан едім. Сондықтан, футболшылардың басым бөлігін жақсы танимын. Ал, оқу-жаттығу жиынында олардың мүмкіндіктеріне мұқият мән беретін боламын. Айта кету керек, Талғарда бір аптаға созылған оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жігіттердің барлығы келе алмады. Дегенмен, бүгін Астанада барлық мықты ойыншылардың жиналғанына қуаныштымын. Жарақат алған футболшылар жоқ. Барлығы жасыл алаңда бар күшін сарқуға дайын. Алға ұмтылу үшін барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын.
- Кеңейтілген тізімге Бірінші Лиганың бірнеше футболшысы енді. Премьер-Лигада "лимит" ережесіне өзгеріс енгізілгеннен кейін Бірінші Лиганың футболшылары да мүмкіндік алады деп айтуға бола ма?
- Көптеген ойыншылар Бірінші Лигада "лимит" арқасында ойын тәжірибесіне ие болады. Өткен жылы Премьер-Лигада осындай мүмкіндік бар еді. Футболшылар тәжірибе жинақтады. Осы оқу-жаттығу жиынына Бірінші Лигада үш футболшыны шақырдық. Олар өз клубтарында ойнайды. Ал, Премьер-Лигада жас футболшылардың алаңға шығуына ешкім кепілдік бермейді. Алайда, ешқашан басты төмен түсірудің қажеті жоқ. Әр футболшы өзінің мүмкіндігін дәлелдеп, негізгі құрамда алаңға шығу үшін таласуы керек.
- Жастар құрамасы жақында ғана Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Өздерін жақсы жағынан көрсеткен немесе көңіл толтырмаған футболшылар болды ма?
- Көңілден шықпаған футболшылар болған жоқ. Келесі іріктеу кезеңінде қажет болатын көптеген жас футболшылармен танысып шықтық. Жиында әр ойыншы жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Олар әрі қарай өздерін дамытуға ниетті.
- Қазіргі уақытта жастар құрамасын жас ерекшелігі бойынша ойнай алатын екі "легионер" бар. Ол Сіз құрамға шақырған Максим Федин және Латвияның "Спартак" клубында ойнайтын Ринат Хайруллин. Ринатты құрамға неліктен шақырмадыңыз? Оның Латвияға бару шешіміне қаншалықты дұрыс?
- Ринаттың таңдауы дұрыс деп ойлаймын. Футболшы үнемі ойнауы керек. Негізгі құрамға ілінбеген ойыншы басқа команда іздеуі тиіс. Ол жақта ойын тәжірибесі болуы шарт. Әрине, Латвия чемпионатында Ринаттың ойынын қадағалап отырамыз. Қазіргі уақытта біздің кеңейтілген тізімде 50-ден астам адам бар. Сондықтан барлығын бақылауда ұстаймыз. Қандай лигада ойнаса да, құрама жейдесін киюге лайықты ойыншыларға мүмкіндік береміз. Ал, Максим Фединге келер болсақ, ол өзін Сербия чемпионатында дәлелдеп жүр. Ол жақсы мектепте тәлім алып жүр. Соңғы уақыттары алаңға жиі шығып, ойын тәжірибесіне ие бола бастады.
- Жастар құрамасы сіздің жетекшілігіңізбен қандай футбол ойнайды?
- Бапкер ретінде шабуылға мән беретін жүйелі футболды енгізгім келеді. Алайда, кейбір мәселелер бар. Өкінішке қарай, уақыт аз және жас футболшылар биыл жасыл алаңда бой үйрете қойған жоқ. Бұл жаттықтырушылар штабын аздап алаңдатад. Алайда, біз дайындықты тоқтатпаймыз.
- Федерация жетекшілігі қандай міндет қойды?
- Біз әр ойында жеңіске жеткіміз келеді. Біз үшін федерация тарапынан қолайлы жағдай жасалған. Нәтиже жаттықтырушылар мен футболшыларға тәуелді. Турнир кестесінде жоғары көтерілуді жоспарлап отырмыз.
- Босния және Герцеговина құрамасымен алғашқы ойынды қарап шықтыңыз ба? Қарсыластың әлсіз тұстарын таба алдыңыз ба?
- Біз Талғарда болғанда ойынды толық қарап шықтық. Қарсыластың мықты және әлсіз тұстарын анықтадық. Босния және Герцеговина құрамасы жақсы дайындалған. Футболшылары Еуропа чемпионаттарында ойнайды. Дегенмен, әлсіз тұстары жоқ емес. Шәкіртеріммен жүргізетін теориялық дәрісте осыған баса мән береміз.
- Жастар құрамасына жасанды алаң мен жанкүйерлердің қолдауы көмектесе ме?
- Әрине, жанкүйерлердің қолдауы көмек болатыны сөзсіз. Сол себепті Астанада жанкүйерлер бізге қолдау білдіреді деп сенемін. Ал, алаң екі командаға да бірдей.
ҚФФ
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |