Біз жастарға сенеміз...
Айта кетейік турнирлік кестеде Қазақстанда әзірге үш қана ұпай. Оны дәл осы Босниямен сыртта болған матчта алған едік. Алайда Саулюс Ширмялис шәкірттері одан кейінгі Швейцариямен, Норвегиямен, Англиямен болған ойындарда ешқандай ұпай ала алмады.
# |
Команда |
О |
Ж |
Т |
Ұ |
Д |
± |
Ұпай |
1 |
Англия |
4 |
3 |
1 |
0 |
7 − 1 |
+6 |
10 |
2 |
Норвегия |
4 |
2 |
1 |
1 |
5 − 3 |
+2 |
7 |
3 |
Швейцария |
4 |
2 |
1 |
1 |
6 − 5 |
+1 |
7 |
4 |
Қазақстан |
4 |
1 |
0 |
3 |
3 − 7 |
−4 |
3 |
5 |
Босния және Герцеговина |
4 |
0 |
1 |
3 |
2 − 7 |
−5 |
1 |
Бұл ойыннан кейін Қазақстан жастары топта тағы екі ойын өткізеді. Сыртта Швейцариямен және өз алаңымызда Англиямен. Ол екі ойынның екеуі де оңай соқпасы анық. Әсіресе, Швейцариямен сыртта өтетін матчта ұпай алу қажет. Алайда, теориялық тұрғыда Қазақстанға әлі топтың жеңімпазы атанатын мүмкіндік бар. Бірінші орынды алудың өте қиын екенін түсінетін жерлестеріміз, кем дегенде екінші орынды мақсат тұтады. Ол үшін Боснияны жеңгеннен кейін, не Швейцарияны, не Англияны жеңгеніміз абзал болады. Бірақ, оған дейін біз ертеңгі ойында Боснияны ұтуымыз керек. Оның өзі де оңай шаруа болмайын деп тұр. Босниялықтарға да ұпай ауадай қажет. Олардың Қазақстанға алып келген ойыншылар құрамы төмендегідей.
Босния жастар құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Кенан Пирич (1994, «Слобода»), Горан Карачич (1996, «Зриньски»),
Қорғаушылар: Керим Мемия (1996, «Железничар»), Эльдар Чивич (1996, «Словацко», Чехия), Синиша Саничанин (1995, «Младост», Лучани, Сербия).
Жартылай қорғаушылар: Александар Йовичич (1995, «Рудар», Приедор), Милош Шатара (1995, «Младост», Лучани, Сербия), Амир Хаджиахметович (1997, «Коньяспор», Турция), Дамир Садикович (1995, «Железничар»), Айдин Реджич (1997, «Борац», Баня Лука), Армин Черимагич (1994, «Гурник», Забже, Польша), Марин Попович (1994, «Челик»), Чазим Сулич (1996, «Сент-Этьен», Франция), Дени Милошевич (1995, «Ваасланд-Беверен», Бельгия), Милян Говедарица (1994, «Слобода»).
Шабуылшылар: Риад Байич (1994, «Коньяспор», Түркия), Армин Ходжич (1994), Амер Гояк (1997, екеуі де— «Динамо», Загреб, Хорватия).
Армин Ходжич еcімді шабуылшыға назар аударыңыздар. 1994 жылы туылған жас шабуылшының бойы 181 сантиметр. Сараеводағы “Железничар” деген Боснияның ең мықты командасының түлегі. Оны 2011-ші жылы ағылшынның “Ливерпуль” командасы келісім-шарт ұсынып, өз сапына қосып алады. Мерсисайдтық команда сапында Армин Ходжич бірде-бір кездесуге қатыса алмады. Себебі, аз уақыттан кейін оны “Ливерпуль” “Железничарға” жалға береді. Отанында 2 маусымда 45 ойында 18 гол соққан Ходжич Хорватияның “Динамо” Загреб командасына ауысады. Хорватия чемпионы жас талантпен бес жылдық келісім-шартқа қол қояды. Өткен маусымда Армин Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде албанияның “Скендербеу” командасына қарсы өткен матчта босниялық шабуылшы алғашқы голын соғады. Ал, одан кейін топтық кезеңде Ходжич грекияның “Олимпиакосының” қақпасына гол соқты. Осыдан бері футболшыны Босния Ұлттық құрамасы негізгі командаға шақырды. Алайда, жас ойыншы әзірге жас болғандықтан Боснияның жастар құрамасына алынуда. Ол мұндағы командада бес ойында үш гол соғып үлгерген. Арминнің туған күні 17-ші қараша күні болғандықтан, ол биылғы жылдың күзіне дейін жастар құрамасында ойнай алады. Сондықтан да, қазақстандық қорғаушыларға Армин Ходжичті тұсаулап ұстау қажет.
Енді өзімізге келсек. Құраманың аға бапкері Вахид Масудов болып тағайындалған еді. Жалпы, жаман маман емес. Қазақстан футболын өте жақсы білетін, ел футболында біршама команданы баптаған тәжірибиелі маман. Тіпті, кезінде Ұлттық құрама тізгінін де ұстады. Дей тұрғанымен, осының алдында бапкер болған Саулюс Ширмялис Масудовтан сәл де болса мықтырақ еді. Керекті нәтижеге жетуге тырысатын бапкер болатын. Жастар құрамасы оның бастауымен “Достастық Кубогында” тамаша ойнап жүрді. Кеткен бапкер кетті. Ендігі біз бас ауыртатын дүние ертеңгі матчта не істей аламыз. Масудов негізінен шабуылды күшейтетін бапкер. Өзі де кезінде шабуылшы болған. Дәлірек айтқанда, “Жартылай қорғаныс” деген факультеттің “Шабуыл ұйымдастырудың жолдары” кафедрасында оқыды. Алайда осы күні жастар командасының негізгі шабуылшылары Дидар Жалмұқан мен Абат Әйімбетовтерде кішігірім жарақат бар екен. Оларға көмектесуге Сербиядан Максим Федин келді. Сондықтан, Вахид Юнусұлы негізгі акцентті жартылай қорғанысқа қояры анық. Оның үстіне бұл позиция бізде жақсы қамтылған. “Ордабасыда” ойнап жүрген Еркебұлан Тұңғышбаев, “Оқжетпестен” Мирас Төлеев және “лимит” алынып тасталғаннан кейін “Тараздағы” негізгі орынынан айырылған Әлішер Сүлейлер ортадағы ойынды қыздыруы тиіс. Ал, ортаның тағы бір ойыншысы тараздық Абзал Таубай жарақат алғаннан кейін оның орнына кім шығады екен деген ой да жоқ емес. Жалпы, айтқанда құрама сондай бір тамаша баппен келіп отырған жоқ. Бір жақсысы чемпионат енді басталды. Көп ойыншыларымыз әлі тың. Күллі қазақстандық жанкүйер жастарға сенім артады.
Жастар құрамасына шақырту алған футболшылардың тізімі:
Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Караваев Илья («Алтай»), Павлов Станислав («Ақтөбе»).
Қорғаушылар: Әділханов Темирлан («Жетісу»), Агайсин Ануар («Тобыл»), Куксин Антон («Оқжетпес»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Құлбеков Біржан («Астана»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Шайхов Берік («Астана»).
Жартылай қорғаушылар: Тұңғышбаев Еркебұлан («Ордабасы»), Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Ермеков Қуаныш («Шахтер»), Антипов Иван («Ақжайық»), Күлекенов Исламбек («Ақтөбе»), Вороговский Ян («Қайрат»), Воменко Владимир («Ертіс»).
Шабуылшылар: Федин Максим («Спартак», Суботица), Әлмұрзаев Темірлан («Тобыл»), Макаев Георгий («Қызылжар»), Ветров Сергей («Шахтер»), Чулагов Самит («Алтай»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Айымбетов Абат («Ақтөбе »).
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |