Главное Маңызды
25 нояб. 2024, 19:23
345
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1310
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
977
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
621
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1636
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:

Вахид Масудов: "Еркебұлан Тұңғышбаев ертең ұжымды алаңда алға сүйреуі тиіс"

24 мар. 2016, 19:25 | 1556
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Вахид Масудов ойын алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді.

- Келер ойын өте қиын болады. Футболшылар үшін оңай түспесі анық. Қарсыластарымыздың ойыншылары еуропаның мықты командаларында өнер көрсетеді.

- Құрамадағы ақтөбелік ойыншылар жайлы айтып өтсеңіз. Естуімізше, жарақаттары бар секілді?

- Абат Әйімбетов үш апта бойы жаттыққан жоқ. Команданың мүшесі болғаннан кейін ғана шақырып отырмыз. Әйтпесе, өзім Абатқа аса қатты сеніп отырған жоқпын. Ал, Дидар Жалмұқанға келер болсақ, оның да кішігірім жарақаты бар. Ол екеуінен бөлек тараздық ойыншылар Абзал Таубай мен Әлішер Сүлейде ойынға қатыспайды. Біздің команданы қазір алаңдатып отырған осы мәселелер. Аталған төрт ойыншы сақадай сай болғанда, қазір басқаша ойланатын едік.

- Қарсылас команда жайлы не айтасыз?

- Босниялықтарда да ақаулар бар. Әсіресе орталық алаңда. Жартылай қорғанысы әлсіздеу көрінді. Ал, ортадағы қос қорғаушысы өте жылдам екен. Сондықтан да, бар білгенімді мен балаларға жақсылап түсіндіріп айттым. Қалай ойнау керектігін.

- “Достастық Кубогындағы” сәтсіздіктен кейін команданың психологиялық жағдайы қай деңгейде?

- Командада барлығы жұмыс жасауда. Атмосфера өте тамаша. Қарсылас өте жақсы команда. Бізге нәтиже керек. Сондықтан, қарсыласты қалпақпен ұрып аламыз деген ой жоқ. Жаттығу жұмыстары өте ауыр өткен де шығар. Бірақ, олар мен айтқан тапсырмалардың барлығын жақсы орындауда. Жаттығу жұмыстарын кішігірім өзгерттім. Ойыншылар үйренісіп, үлгеруге тырысып жатыр.

- Қазақстан премьер-лигасында “лимит” алынып тасталғаннан кейін жастар құрамасының ойыншыларына қиындау болды ма?

- Лимит әсер еткені рас. Еркебұлан Тұңғышбаевтан басқа биыл ешқандай ойыншы премьер-лигада ойнап жүрген жоқ. Негізгі құрамда алаңға шыға алмай жүр. Сондықтан, лимит алынып тасталғаннан кейін футболшылар өз өздерін осындай матчтарда көрсетуі тиіс. Абат үш ай бойы командасында оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмады. Ал, Дидарға лимиттің алынып тасталынғаны кері әсерін тигізді. Бірақ мен оған қоңырау шалып, ертерек түсіндіріп айттым. Дидар біздің құрамаға керек ойыншы.

- Жастар құрамасына Германиядан ойыншылар келеді деген рас па?

- Егер жақсы деңгейдің ойыншылары болса, неге құрамаға шақырмасқа. Жастар құрамасына болашағынан үміт күттіретін футболшылар ғана келгені дұрыс.

- “Астанаға” қарсы ойында “Ордабасының” ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев керемет ойын өрнегін көрсете білді. Ертеңгі ойында сол ойыншыға бар үміт артыла ма?

- Біз оған сенім артамыз. Ол өзін жақсы қырынан көрсетуі керек. Ол команданың лидері ретінде ертең ұжымды алаңда алға сүйреуі тиіс.

- Командада басқа қандай мәселе бар?

- Үйлесімділік жетіспей жатыр. Біз соны ертеңгі ойыннан бастап іске асыруға тырысамыз.

- Ұлттық құрама ойыншылары жеңіс немесе тең түскен ойыннан соң сыйақы алады. Жастар құрамасында ондай дәстүр бар ма?

- Сыйақы берілетін шығар. Федерация оны ұйымдастырса, мен қарсы емеспін. Бірақ нақты қаншалықты екенін айта алмаймын.

- Жастар құрамасын жаттықтыру Сіз үшін қандай мәртебе?

- Мен үшін жаңа серпіліс алуға болатын қызмет. Менің қол астымда көптеген қазақстандық жастар тәлім алды. Айтап өтер болсам: Балтиев, Тарасов.  Бірақ өзім жастар құрамысын жаттықтырғанды жақсы көремін. 

- Босния құрамасының сапында Армин Ходжич сынды мықты шабуылшы бар. Оған қарсы қалай ойнайсыздар?

- Ол ойыншыны командаға ерекшелеп көрсеттік. Видео жазбалармен де қорғаушыларға түсіндірдік. Ертеңгі ойында бұл шабуылшыны тұсаулап ұстауға тырысатын боламыз.

- Қарсыластар туралы тағы не айта аласыз?

- Қаптал арқылы тамаша ойнай алатын футболшылар. Босниялықтардың қос қапталы бізді алаңдатады.

- Біздің команда стандарттық жағдайларды қалай пайдалана алады?

- Стандарттық жағдайларға дайындалдық. Біздің құраманың негізгі ойыны стандарттық жағдайларға артылмайды. Десе де біз бұл жағдайды да есептедік.

- Кім жеңіске жетеді?

- Мүмкіндіктер елу де елу.

Ермұхамед МӘУЛЕН

фото: ҚФФ

 

 

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх