Главное Маңызды
25 нояб. 2024, 19:23
339
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1303
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
972
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
617
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1627
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:

Вахид Масудов: "Алпысыншы минуттарда ойыншылар шаршап қалды"

25 мар. 2016, 21:51 | 1413
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Вахид Масудов ойыннан кейіңгі баспасөз мәслихатында:

- Өте ауыр кездесу өтті. Біздің ойлағанымыздың барлығы іске аспады. Ойыншыларды дайындауға менде аз уақыт болды. Бірнеше мүмкіндіктер болды, бірақ біз оны голға айналдыра алмадық. Ал, жалпы, мен жігіттердің өнеріне қанағаттанамын. 

- Физикалық тұрғыда жігіттер нашар көрінді. Екінші таймда тіпті шаршаңқылықтары байқалып тұрды. 

- Лимит ережесі алынып тасталғаннан кейін жігіттер ойын тәжірибиесінен айырылды. Соның кесірі ойынға әсерін тигізді. 

Бұл ойында біз бір ұпай еншіледік пе, әлде екі ұпай жоғалттық  па?

- Біз жеңіске дайындалдық. Шабуыл жағы ойымыздағыдай болмады. Ал, қалғаны көңілге қонады. Допты көбірек ұстап, матч тізгінін өзіміз ұстадық. 

Матч барысында футболшыларымыз көп жаға-жыртысқа барып жатты. Оның сыры неде? 

- Жастар өз-өздерін көрсеткісі келеді. Ойынның өзі де тартысты өтті. Футболшылар алаңның әрбір бұрышында допқа таласып жатты. Ал, Макаев жылдамдығы бар ойыншы еді. Бірақ, қызбаланып кетті. Әйтпесе, ол ойынды күшейтуі тиіс еді. 

Максим Фединді алмастыруға тура келді. Жартылай қорғаушының аяғы қайта-қайта тартыла берді. Ол ойынға толықтай дайын болмады ма?

- Максимнің де соңғы кездері ойын тәжірибиесі жоқ болып шықты. Федин Сербияда өзінің командасында ойынға көп шығып жүрген жоқ. Мысалға 20-шы Наурыз күні өткен матчта тіпті ойыншылар тізіміне түспеген. Бірақ, ол мінезді жігіт. Сонысымен де, ол мені қатты таңғалдырды. Айтқанның барлығын істеп, алға қарай ұмтылып тұратын аяқдопшы. Болашақта үлкен футболшы болып өсетін шығар деп ойлаймын. 

Осы ойында Сізге шәкірттеріңіздің көрсеткен ойынынан не ұнады?

- Бізде ең бастысы допты көп ұстау пайда болды. Бірақ, толықтай ойлағанымыз іске аспады. Алпысыншы минуттарда тіпті ойыншылар шаршап қалды. Ал, алаңнан бір ойыншымыз қуылғаннан кейін тіпті қиын жағдайға түстік. Орталықтағы ойыншылар қорғанысқа түсіп үлгермей жатты. 

Қарсылас команда көңіліңізден шықты ма?

- Жоқ. Мүлде. Мен Босниядан бұдан мықты ойын күтіп едім. Бірінші ойында тіпті қатты ойнаған команда секілді еді. Мен бейнежазбаны үш рет қайталап көрдім. Алғашқы матчтағы команда мен бүгінгі Босния екеуі екі түрлі команда.  

Енді қалған ойындарда біздің командада қандай мақсат болады?

- Іріктеу турнирінде кем дегенде екінші орын алу үшін өте үлкен күш қажет. Ондай шама бізде жоқ екені түсінікті. Десе де, Швейцария мен Норвегия, әрі Англия секілді командаларға қарсы ойындарда барынша көп ұпай алуға тырысамыз, әрі келесі іріктеуге дайындықты бастаймыз. 

Шабуылдау кезінде көңіліңізге не жақпады?

- Қаптал арқылы жақсы жүріп келдік те, айып алаңына пас көтеруді ұмыттық. Осы жағы қынжылтты. Матч басталмас бұрын осы бір тұсқа біршама тоқталған едім. Алайда ойыншылар ойын барысында қапталдан допты көп көтермеді. Жалпы бүгінгі ойын үшін жігіттерге қатты сөз айтпадым. Футбол мұнымен бітпейді деп жігер беруге тырыстым. Өйткені, олар жастар. Барлығы да жеңіске жете алмағандықтарына қатты қынжылып отыр. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх