Дарко Нестерович: "Қазақстан құрамасы маған қатты ұнады"
- Біріншіден, Қазақстан жастар құрамасының өте жақсы команда екенін айта кетейік. Бірінші таймда Қазақстан көбірек допқа иелік етті. Бірлі жарым гол соғатын да мүмкіндігі болды. Ал, екінші тайм қарама-қарсы бағытта өтті. Өзімізге тоқталар болсақ, бірінші таймда аса қатты гол соғатын ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Екінші таймда Босния көбірек шабуылға иелік етті. Бір-екі тамаша гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ, біз өз мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық. Қазақстандық жанкүйерлерге рахметімді айтқым келеді. Қазақстан құрамасы маған қатты ұнады.
- Сіздің шәкірттеріңіз өрескел ойнады. Көптеген жағдайда қауіпті түрде ойын тәртібін бұзып жатты. Ойын алдында осындай мақсат қойып па едіңіз?
- Ойынға қарайтын болсақ, олай деп айта алмаймын. Жігіттер сақ, әрі тәртіпті ойнады деп есептеймін. Футболшыларыма ондай тапсырма берген емеспін.
- Шабуыл шебіндегі футболшыларыңызға наразылығыңыз бар ма? Жалпы, мүмкіндіктерді мүлт жіберген сәттеріңізде не кедергі болды деп есептейсіз.
- Біздің құрамада бірнеше мықты футболшы болған жоқ. Ең бастысы оларды алмастырған ойыншылар жақсы ойнай білді. Ал, негізі жастар құрамасының мықты футболшылары бұл матчқа қатыспады. Бұл футбол. Мұнда голдар сәт сайын салына бермейді. Сондықтан, аса қатты ештеңе жоғалтқан жоқпыз. Ал, жалпы ойынның нәтижесіне қанағаттанбаймын.
- Бірінші ойында Федин ұнады дедіңіз. Осы ойында кімді көзге шалып қалдыңыз?
- Федин өте жақсы ойыншы. Бірақ, бұл ойынға шаршаңқы келгені көрініп тұр. Одан өзге ойыншыларды байқамадым.
- Қазақстан чемпионаты жайлы не білесіз?
- Қазақстан чемпионатында менің жақын достарым жұмыс істеді. Мысалға, "Шахтерда" ойнаған Алдин Джидич. Ол кезінде қарағандылық командада ойнаған кезде үнемі мақтап жүретін. Ал, өзім Қазақстан премьер-лигасының ойындарын көріп жүрген жоқпын. Сондықтан, нақты ештеңе айта алмаймын.
- Босния жастар құрамасының ойыншыларының ішінен қай футболшылар жақын арада басты командаға өтуі мүмкін?
- Біздің командадан осы жақында басты командаға алынуы мүмкін деп Дамир Садикович, Армин Ходжич, Смайл Превляк секілді ойыншыларды айта аламын. Алғашқы екеуін бүгінгі матчта көрдіңіздер. Ал, Превляк бұл ойынға қатыса алмады. Ол "Аустрия" командасының сапынан келе алмады.
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |