Главное Маңызды
25 нояб. 2024, 19:23
344
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1309
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
976
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
620
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1634
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:

Баяғы жартас...

25 мар. 2016, 22:21 | 1857
Бүгін Қазақстан жастар құрама командасы Еуропа-2017 чемпионатына іріктеу турниріндегі кезекті ойынын өткізді.

Ойыншылар құрамы жарық көрісімен команда сапында шабуылшы жоқ екені бірден байқалды. Негізгі шабуылшы болып жүрген Абат Әйімбетов жарақатына байланысты алаңға шыға алмасы ойын алдында белгілі болған. Ал, оның “Ақтөбедегі” әріптесі Дидар Жалмұқан да матчқа жақындағанда кішігірім жарақат алып қалыпты. Осыған байланысты бас бапкер Вахид Масудов негізгі шабуылшы ретінде Сергей Ветровты қойды. “Шахтер” сапында өткен жылдан бері көзге түсіп жүрген жас ойыншы қарағандылық командада шабуылшы қызметінде ойнап жүрген жоқ. Ойынның алғашқы минуттарында жастарымыздың аса қатты қарқынмен шабуылға шықпағанын көрдік. Қарсыласты бағамдап, барлап жүрді. 15-ші минуттарға қарай Босниялықтардың шамасы түсінікті болды. Орталық ойыншылары пас алмасу кезінде қарапайым қателіктер жасап, ойын тізгінін қолдарында ұстай алмасын байқатты. Жалпы, алғашқы таймда Босниялықтар іріктеу турнирінен бірінші орын алып, Польшада өтетін дүбірлі додаға жолдама алып қойғандай жүрді. Асықпай қорғаныстан шабуылға өтіп, алыс-алыс пастар тастап, жайбарақат өз ойындарын тапқылары келгендей жүрді. Бірақ, бірінші таймда қарсылас команда ештеңе өндіре алмады. Осындай кезде шабуылға иек артып, қысып-қысып жіберсе, Босния қысылтаяң жағдайға тап келер еді. Алайда, отандастарымыз жарытып шабуылдай алмады. Ортадан пас беретін плеймейкер жетіспеді. Осыдан екі жыл бұрын бұл позицияда Бауыржан Исламхан мен Георгий Жуков ойнаған болатын. Олардың жоқтығы анық байқалды. Ортада ойнайтын сол жігіттерден кейін жақсы бір ойынды ұстайтын футболшы шықпағаны бәрімізді қынжылтады. Масудов ортаға Еркебұлан Тұңғышбаевты қойды. Бірақ Еркебұлан өзінің “Ордабасысында” қапталда өнер көрсетеді. Сондықтан болар, Тұңғышбаев ортада өзін жақсы сезіне алмады. Екінші таймда Еркебұланды бас бапкер тіпті шабуыл өтіне қойды. Оның өзінде де ойыншы өзін жақсы сезіне алмады. Ойыншыларды бұлайша түрлі жағдайларға пайдалану бапкер тарапынан дұрыс қадам болмады. Тұңғышбаев өзінің оң қапталында ойнай бергені дұрыс болар еді.

Екінші таймда бас бапкер Георгий Макаевты шығарды. Орталық алаңды күшейту мақсатында жасалынған бұл қадам өз-өзін ақтамады. Алаңға шыққанына бес минут болмай Макаев алаңнан қуылды. Георгий Макаев бұрынғы футболшы Гурам Макаевтың ұлы екенін де айта кетейік. Әкесі де кезінде қызба футболшы еді. Баласы да әкесіне тартып туса керек.

Ал, оған дейін жастар құрамасына алынған Ян Вороговскийде бір мүмкіндік болды. Бірақ “Қайраттың” жартылай қорғаушысы берілген мүмкіндікті жіберіп алды. Осы бір сәтте гол соғылғанда, матчтың тіпті басқаша өрбитіні анық еді.

Босниялықтарда да гол соғатын тамаша мүмкіндік болған. Алайда бос қақпаға келе жатқан допты қорғаушы Сартаков сызықтан шығарды. Жалпы бұл матчта қорғаушылардың өнеріне еш мін таға алмаймыз. Бас бапкердің жасаған ойыншылар алмасуының ішінен тек Иван Антиповтың шығуын ғана құптауға болады. “Ақжайықтың” ойыншысы қапталдағы ойынды қыздыра түсті. Қорғанысқа да көп көмектесті. Тек Антиповты сәл ертерек шығару керек пе еді деген ойға қалдық. Он адаммен қалғаннан кейін қорғанысты мықтап ұстап, 0:0 тең нәтижені қанағат тұтып отырмыз.

Іріктеу турнирінде ешқандай турнирлік маңыздылыққа ие емес босниялықтар өздерінің мақсаттарына жетті. Яғни басты командаға футболшылар даярлау мәселесі осы ойында көрініс тапты. Босния бапкері Дарко Нестерович ойын алдында осылай мәлімдеген. Босниялықтардың біршамасы Қазақстанға негізі келмеген. Олардың бір ойыншысы Смайл Превляк мысалға Австрия чемпионатында ойнайды. Мына матчқа олар ол ойыншыны тіпті шақырмаған. Іріктеу турнирі басталғаннан кейін екі-үш ойында сәтсіздікке ұшыраған босниялықтар одан әрі турнирлік маңыздылықтан айырылды. Енді қазір олардың мақсаты өзгерген. Командада болған үш-төрт мықты ойыншыны Ұлттық құрамаға жақсы тәрбиелеп шығарып салу және келесі іріктеу турнирінде өнер көрсететін жастарды тәрбиелеу. Міне, нақты қойылған мақсатпен жұмыс жасалынуда деп айта аламыз. Ал, бізде ше? Бізде, кейде мақсат жоқ па деп қаламыз. Біздің футбол ешқандай мақсатсыз секілді. Егер өз-өзімізді алдамай бапкерлер нақтырақ ойланса. Қазақстан бүгінгі ойында жеңіске жеткен күннің өзінде топтан шыға алмас еді. Оны Қазақстандағы футболдың иісі мұрнына баратын кез-келген адам біледі. Швейцария мен Англияны ұту қияли әңгіме екені анық. Сондықтан да, осы бастан аталған мықты командаларға қарсы ойынға неге келесі іріктеуге қатысатын жастарды шығармасқа. Бүгінгі ойынға қатысқан бірнеше ойыншы келесі жылы құрамада ойнай алмайды. Олардың жасы 21-ден асқалы тұр. Ондай футболшыларды қазірден бастап шапан жауып, жылы шығарып салу керек. Осы жағынан қызмет жасағанда бапкерлер келесі іріктеуде кішкене бірдеңе жасап көрер еді. Әйтпесе, біздің жастар құрамамызға үнемі бірдеңе жетіспей жатады. Ол – буын алмасу процесінің нашарлығы. Одан бөлек техника мен жеке ойыншылардың шеберлігін қоса беріңіз. Жалпы айтқанда нақты шешімдер мен қадамдар жоқ. Әр іріктеу циклы сайын көңіліміз түсіп, турнирлік кестенің түбінен табылып жатамыз. УЕФА-ға мүше болып, Еуропа футболымен тыныстап жүргенімізге он бес жыл болды. Бірақ, баяғы жартас сол жартас. Ештеңе өзгермеген.

Қазақстан U-21 — Босния және Герцеговина U-21 0:0 

Ескерту: Куксин 32, Рудосельский 57, Ветров 70 — Мемия 37, Хаджиахметович 40, Гояк 67, Саничанин 70, Чивич 82, Ходжич 86
Алаңнан қуылу: Макаев 81

Қазақстан U-21: Павлов, Рудосельский, Сартаков, Төлиев, Воменко (Күлбеков 83), Федин (Макаев 75), Тұнғышбаев, Шайхов, Куксин, Ветров, Вороговский (Антипов 68)

Босния және Герцеговина U-21: Пирич, Чивич, Саничанин, Йовичич, Мемия, Ходжич Ар., Черимагич, Милошевич (Гояк 66), Хаджиахметович, Реджич, Попович (Говедарица 90)

Бас төреші: Сурен Балиян (Армения)
25 наурыз. Астана. «Астана Арена».

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх