Владимир Никитенко: "Соңғы оқу-жаттығу жиынында іріктеу ойындарында үміт артатын негізгі футболшылардың барлығын жинадық"
- Владимир Андреевич, Черногория және Франция жастар құрамаларына қарсы дайындық қалай?
- Тамыз айында ішкі чемпионаттағы үзілісті пайдаланып, Талғарда қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жаттығу жиыны команда үшін өте маңызды. Қыркүйек айында Черногория және Франция құрамаларымен өткізетін ойын алдында футболшылардың күшін сынап көретін соңғы сынақ болды.
- Жартылай қорғаушы, команда капитаны Дидар Жалмұқанның ойынына тоқталып өтсеңіз?
- Соңғы оқу-жаттығу жиынында іріктеу ойындарында үміт артатын негізгі футболшылардың барлығын жинадық. Дидар Жалмұқан біздің ойынымыздың негізгі тірегі саналады. Ол барлық шабуылға белсене араласады. Жастар құрамасының сапында өзін жақсы жағынан көрсетеді деп үміттенеміз.
- Қарсыласымыз Черногория құрамасы туралы не айтасыз?
- Іріктеу кезеңінде біз үшін әлсіз қарсылас жоқ. 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде бізге қарсы ойнайтын барлық команданың шебер орындаушылары бар. Черногория және Франция құрамаларындағы футболшылардың жекелей шеберлігі мықты. Ал, біз командалық ойын мен тактикаға баса назар аударамыз. Футболшылардан жанкештілік талап етіледі.
- Черногория құрамасына қарсы матч Ақтөбеде өтеді. Бұл қаланың футбол тарихында сіздің еңбегіңіз де жазылған. Жанкүйерлердің қолдауы осы ойынға әсер ете ме?
- Қазақстан жастар құрамасының ойынына жанкүйерлердің көп жиналғанын қалаймын. Ақтөбеде футболды қалай жақсы көретінін, өз командасына қалай қолдау көрсететіні бәріне аян. Біздің ойыншыларға жанкүйерлердің қолдауы үлкен күш береді. Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионның атмосферасы үлкен көмек болады деп сенемін.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |