Дидар Жалмұқан: "Қорғаныстан шабуылға жылдам шығу - негізгі талаптардың бірі"
- Өте қызық ойын күтіп тұр. Өз алаңымызда ойнаймыз. Ақтөбеде көптеген жанкүйерлер келіп, ерекше қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз.
- Черногория құрамасы туралы не айтасыз?
- Қарсыластың сапында техникалық шеберлігі жоғары ойыншылар аз емес. Олардың дене даярлығы мықты және паспен жақсы ойнайды. Алайда, біздің өз ойын үлгіміз бар. Сол арқылы ойынға дайындаламыз.
- Бұл кездесуде біздің команда қандай тактикаға көңіл бөлмек?
- Қорғаныстан шабуылға жылдам шығу - негізгі талаптардың бірі. Сонымен қатар, гол соғатын сәттерді жиі ұйымдастыру және оны нәтижелі пайдалану.
- Қазіргі жастар құрамасындағы көшбасшылардың бірі саналасыз. Осыған байланысты әлдеқандай қысым байқалмай ма?
- Футбол - командалық ойын. Бұл жерде көшбасшы және қалғандары деп бөлудің қажеті жоқ. Әр ойыншы нәтиже үшін алаңдайды және командаға көмектесу үшін бар күшін жұмсайды. Біз жанкүйерлерге қуаныш сыйлау үшін жасыл алаңда жүз пайыз тер төгетін боламыз.
- Ақтөбе футбол мектебінің түлегі үшін өзіңіздің туған қалаңызда ойнау қосымша көмек шығар?
- Әлбетте, Ақтөбе стадионында әрқашан ерекше футбол атмосферасы байқалады. Жігіттердің барлығы үшін біздің стадионда ойнау ұнайды деп ойлаймын. Стадионға жиналған жанкүйерлердің жеңіске жетуге қосымша күш берері анық.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |