Геворг Наджарян: "Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін жасыл алаңда бар күшімізді саламыз"
- Ойынға дайындық қалай?
- Дайындық өте жақсы. Барлығы маңызды кездесуге салмақты дайындалып жатыр
- Матч алдындағы команданың көңіл-күйі қалай?
- Команданың көңіл-күйі жақсы. Жақсы қарым-қатынас орнатылған. Жігіттердің барлығы жоғары жауапкершілік жүктелгенін түсінеді. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін жасыл алаңда бар күшімізді саламыз.
- Қарсыласты зерттеп үлгердіңіздер ме?
- Черногория құрамасы – салмақты қарсылас. Олардың құрамында мықты орындаушылар аз емес. Жаттықтырушылар штабы Черногория ойынының мығым және осал тұстарын көрсетті. Ойынның өте маңызды екенін тағы да қайталаймын. Сол себепті кездесуге тыңғылықты дайындықпен келеміз.
- Алдағы ойында біздің командаға не көмектеседі?
- Командалық рух пен тәртіпті сақтау арқылы жеңіске жете аламыз деп ойлаймын. Біздің жанкүйерлердің қолдауы да үлкен көмек болмақ. Қазақстандағы футболы ең жақсы дамыған қала Ақтөбе екенін білеміз. Сондықтан, ойында ерекше қолдау болады деп үміттенеміз. Жауапты ойында жанкүйерлер қолдауы қосымша дем бермек.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |