Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
67
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
618
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
390
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
351
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
347
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

Болгариялық бапкерлер дәурені

11 апр. 2016, 08:30 | 1726
Қазақстан премьер-лигасының төртінші тур ойындары өтті. Әзірге “Ертіс” пен “Астана” көш басын ешкімге берер емес.

“Ордабасы” – “Тобыл” - 2:2 (1:1)

Голдар: Төлебек 5 (1:0), Шимкович 22 (1:1), Диакате 66 (2:1), Жұмасқалиев 90+3 (2:2)

Ескертулер: Нұрғалиев 35, Сүйімбаев 37, Қожабаев 84, Диакате 88 - Мухутдинов 57

Алаңнан қуылған: Сүйімбаев 37

“Ордабасы”: Бойченко, Диакате, Чатто, Касалица (Қожабаев 72), Симчевич, Трайкович, Юнузович, Абдулин, Нұрғалиев (к) (Гейнрих 85), Сүйімбаев, Төлебек (Әшірбеков 90+2)

Қосалқы құрам: Бекбаев, Бейсенов, Мұхтаров, Қайқыбасов, Тәжімбетов, Пазылхан

ТобылЛогиновский, Деак, Кассай, Шимкович (К), Яворский, Главина (Н'Диайе 83), Дмитренко, Досмағамбетов (Дудченко 74), Мирошниченко, Мухутдинов (Жұмасқалиев 60), Хижниченко

Қосалқы құрам: Бусурманов, Джалилов, Левин, Кургулин, Розыбакиев, Эльмурзаев

Төрешілер:  Антонов (Павлодар), Шәріпов (Атырау), Попов (Өскемен)

09 сәуір. Шымкент. «Қажымұқан» атындағы стадион. 3 000 көрермен 

Турдың басты матчына баланған бұл кездесу сенімді толық ақтады. Ойын бастала салысымен алаң иелері стандарттық жағдайдан есеп ашты. Мардан Төлебек алыстан қақпаның бос бөлігін дәл көздеді. Алайда, Шимкович 22-ші минутта есепті теңестірді. Екінші тайм басында 10 адаммен қалған “Ордабасы” Диакатенің арқасында алға шықты. Айта кетейік, оған дейін Ғафуржан Сүйімбаев қызбалыққа салынғаны үшін алаңнан қуылған. Дмитрий Огайдың командасы 10 адаммен жүрген “Орданы” әбден қыспаққа алды. Алайда, олар есепті тек қосымша минутта ғана теңестіре алды. Нұрбол Жұмасқалиев ұрымтал сәтте баспен гол соқты. Ардагер ойыншы осылайша командасына бір ұпай әкелді.

“Шахтер” – “Ертіс” - 0:2 (0:1)

Голдар: Фрейдгеймас 26, Керла 58

Ескертулер: Байжанов 51, Сзоке 54, Садовничий 90+1 - Фонсека 70

ШахтерБагинский, Уббинк (Тәттібаев 81), Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Ягуби (Нұрыбеков 60), Габышев, Ветров (Зенели 46), Пикалкин, Финонченко (к), Байжанов

Қосалқы құрам: Ткачук, Горячий, Дубков, Ермеков Өміртаев, Скорых

“Ертіс”Лория (к), Гогуа (Попов 90+2), Йирсак, Фонсека (Фернандес 74), Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фалль 80), Гетериев, Ахметов, Мұртазаев, Малый

Қосалқы құрам: Цирин, Сартаков, Әлиев, Есімов, Аяғанов, Воменко

Төрешілер:  Чесноков (Өскемен), Шабанов (Алматы), Попов (Астана)

09 сәуір. Темиртау. «Металлург» стадионы. 1 000 көрермен

Көпшілік күткендей қонақтар жеңіске жетті. Легионер таңдауды тамаша қатырған Димитар Димитров осы ойында өз еңбегінің қызығын көрді. Алғашқы голды Фрейдгеймас ұрса, екінші допты Керла соқты. “Ертіс” сонымен әзірге 4 ойында 100 пайыздық нәтиже көрсетіп келе жатыр. 12 ұпай жинаған керекуліктер турнирлік кестедегі алғашқы орынды сақтап қалды. Павлодарлық команда биыл елордалық “Астанаға” бәсекелес болатын түрі бар. Тағы бір қоса кететін жәйт. Қақпашы Давид Лория биыл 360 минут бойы өз қақпасына гол жібермей келеді. Бұл рекорд қанша минутқа созылар екен? “Ертіс” келесі турда “Ордабасыны” қабылдайды. Чемпионаттағы көп гол соққан командалардың бірі Лорияның қақпасынан саңлау таба алар ма екен?

“Атырау” – “Кайрат” - 0:1 (0:0)

Голдар: Гоу 58

Ескертулер: Рудосельский 69, Ли 78

“Атырау”: Нәрзіқұлов (к), Ламанж, Эссаме, Аржанов, Куртеян, Трытко (Макась 70), Балтаев (Эсатов 46), Мулдаров, Чуреев, Қонысбаев (Шабалин 32), Коробкин

Қосалқы құрам: Дамчевски, Шарпар, Сапаров

КайратПлотников, Гоу (Тавамба 89), Тимощук, Маркович, Рудосельский, Аршавин (Қуат 74), Тесак, Бақаев, Исламхан (к), Қуантаев, Ли (Дарабаев 87)

Қосалқы құрам: Сидельников, Даиров, Райымбек, Вороговский

Төрешілер:  Ысқақов (Астана), Тасыбаев (Павлодар), Филоненко (Тараз)

09 сәуір. Атырау. «Судоремонтник» стадионы. 1 500 көрермен

“Атырау” жанкүйерлер сенімін ақтай алар емес. Бұл жолы олар өз алаңында “Қайратқа” жеңілді. Ал, ойынның 32-ші минутында Ұлан Қонысбаев жарақат алып, алаңдағы орнын әріптесіне босатып берді. Енді Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы алаңға қашан оралары белгісіз. Бұл “Атырау” командасы үшін жағымды жаңалық емес. Ойынның 58-ші минутында Жерар Гоу ойланып тұрып, асықпай қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Африкалық шабулшы өзінің бабына енді ене бастағандай. Жаңадан келген грузиялық бапкер Кахабер Цхададзе өзінің осал бапкер еместігін келе салып дәлелдеуде. Футболшылардың айтуынша бұл бапкер өте қатал, әрі талапшыл екен. Бородюктің кезіндегідей босаңсу енді болмайтынға ұқсайды.

“Астана” – “Тараз” - 2:1 (1:0)

Голдар: Нөсербаев 21 (1:0), Зенькович 48 (1:1), Шомко 81 (2:1)

Ескертулер: Каньяс 90+2 - Баялиев 56, Караман 70

«Астана»: Эрич, Аничич, Постников, Логвиненко Шомко, Максимович, Мужиков (Тағыберген 89), Каньяс, Деспотович (Щеткин 78), Нөсербаев (к) (Абдурахими 83), Твумаси

Қосалқы құрам: Мокин, Наджарян, Гурман, Бейсебеков, Жақыпбаев, Шаихов

«Тараз»: Григоренко (к), Данилюк (Әбдінәби 87), Мера, Айтбаев, Қараман, Әмірханов, Баялиев (Нұралы 78), Сүлей, Шахметов, Зенькович (Воротников 82), Мане

Қосалқы құрам: Джокич, Д.Евстигнеев, В.Евстигнеев, Рымтаев, Карпык, Кәрімолла

Төрешілер:  Тевяшов (Орал), Попов (Павлодар), Будниченко (Екібастуз)

09 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы. 2 358 көрермен

Кездесу фавориті күткендей-ақ жеңіске жетті. “Тараз” футболшылары дегенмен 81-ші минутқа дейін тең нәтижені ұстап тұрды. Жамбылдық футболшылар бұл ойында чемпиондарды біршама тығырыққа тіреді. Қорғанысты мықтап ұстаған әулиеаталықтар “Астананың” көп шабуылына тойтарыс берді. Тек сол 81-ші минутта Тарас Данилюктің қатесінен кейін Дмитрий Шомко биылғы чемпионаттағы өзінің алғашқы голын соқты. Осылайша, елордалық команда 4 ойында 4 жеңіске қол жеткізді.

“Ақжайық” – “Оқжетпес” - 0:2 (0:1)

Голдар: Бөлешев 25, Ристович 90+3

Ескертулер: Николич 43, Говедарица 52, Коробов 71 - Қожамберді 65, Еоне 78, Молдақараев 82

Ақжайық”Багаутдинов, Говедарица (К), Колуния, Иртиз, Николич, Хромцов (Бегалин 30), Валиуллин, Сергиенко (Забродин 58), Тапалов, Гридин (Мальцев 68), Коробов

Қосалқы құрам: Калменов, Антипов, Омаров, Сапанов, Шевцов, Шурыгин

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Волков, Нганбе (Ристович 85), Куксин, Мангуткин, Хайруллин (Жұмаханов 90+1), Бөлешев (к) (Молдақараев 80), Қожамберді

Қосалқы құрам: Бабаханов, Алхазов, Төлиев, Богданов, Лебедев

Төрешілер: Кумашев (Астана) Журавлев (Павлодар), Богданов (Семей)

09 сәуір. Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 500 көрермен.  

Байсуфиновтың командасы тағы да жеңілді. Бірінші лигадан келген команда болған соң, “Ақжайықты” түсінуге де болады. Премьер-лига мен бірінші лига арасында кішігірім деңгей аралық үзіліс бар. Бұрындары бұл жағдай аса қатты байқалмайтын. Бірінші лигадан шыққан командалар алғашқы алтылықта жүретін. Қазір, Қазақстан футболында мұндай жағдай сирек кездесетін болып барады. 35-жасқа толған туған күнін Әлібек Бөлешев голмен тойлап өтті. Ал, Ристо Ристович таза Арьен Роббеннің стилінде гол соқты. Оң қапталмен жылжып, ортаға қарай келді де, алыс бұрышқа допты тастай салды.

“Ақтөбе” – “Жетісу” - 3:2 (2:0)

ГолдарСмақов 15 (1:0), Бочаров 25 (2:0), Клайн 52 (2:1), Жаңғылышбай 87 (3:1), Савич 89 (3:2)

ЕскертулерКәкімов 51, Шестаков 69, Петролай 85, Жаңғылышбай 87, Куаджа 88 - Демель 90

«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Михалев (Жаңғылышбай 46), Қайыров, Кәкімов (Шестаков 59), Смақов (к), Тотай (Цвейба 75)

Қосалқы құрам: Тамабай, Азовский, Жалмұқан, Жұмашев, Тілешев

«Жетысу»: Пасеченко (к), Кадио (Моисов 84), Джалович, Клайн, Савич, Рудик (Симоновски 68), Демель, Сағындықов, Әмірсейітов, Тұрысбек, Калинин (Боровский 38)

Қосалқы құрам: Шабанов, Әділханов, Мынбаев, Шабаев, Балғабаев, Азовский

Төреші:  Абдуллаев (Қаратау), Ысқақов (Қостанай), Павлов (Алматы)

09 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 000 көрермен.

Осы ойынға дейінгі өткен ойындарда Нұрбол Жұмасқалиев пен Әлібек Бөлешевтің гол соққанын айтып өттік. Ал, бұл  матчта ардагерлер шеруін Самат Смақов жалғастырды.  Ойынның 15-ші минутында Самат айып добынан әдемі гол соқты. Араға 10 минут салып Никита Бочаров есепті еселей түсті. Екінші таймда Алмас Құлшынбаев шәкірттері 52-ші минутта есеп айырмасын қысқартты. “Қайсардан” ауысқан Кляйн баспен гол соқты. Бірақ, алаңға алмасып кірген Тоқтар Жаңғылышбай “Ақтөбенің” үшінші голын соғып, жеңіске бір табан жақындатты. Соңғы минутта соғылған Савичтің добы “Жетісуды” тең нәтижеге жеткізбеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

фото: vesti.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх