Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
74
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
641
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
393
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
353
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
351
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

"Қайратым" деп мен жүрмін, қайрат қылмай сен жүрсің...

18 апр. 2016, 09:59 | 1808
6-шы тур ойындары аяқталды. Көш бастаған екі команданың бірі сүрінді. Соңғы минутта пенальтиден жіберілген гол болмағанда, "Ертістің" де қазір көңіл-күйі тамаша болар еді.

"Ордабасы" – "Қайрат" - 1:0 (0:0)

Гол: Касалица 54

Ескертулер: Касалица 30, Тұңғышбаев 51, Чатто 90+1 – Бакаев 23, Маркович 67, Қуат 85

"Ордабасы": Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 90+3), Касалица (Трифунович 70), Трайкович, Юнузович, Абдулин, Адырбеков, Нұрғалиев (к), Төлебек (Ирисметов 78), Тұңғышбаев

Қосалқы құрам: Бекбаев, Гейнрих, Әшірбеков, Қожабаев, Қайкыбасов, Ерланов

айрат": Плотников, Исаэль (Ли 77), Тимощук (к), Маркович, Аршавин, Тавамба, Тесак, Бакаев, Қуантаев, Куат (Дарабаев 87), Рудосельский

Қосалқы құрам: Сидельников, Даиров, Райымбек, Вороговский, Лунин

Төрешілер:  Абданбаев (Тараз), Ысқақов (Қостанай), Журавлев (Павлодар)

17 сәуір. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 7 000 көрермен. 

Турдың басты матчына баланған кездесу екінші мәрте Шымкентте өтіп отыр. «Ордабасы» біріншілік басында кілең мықтылармен кездесіп жатыр. Күнтізбе солай. Алайда, шымкенттіктердің шашауына шаң жұғар емес. «Ертістен» жеңілгеннен кейін, олар өз алаңында «Қайратты» қабылдады. Осы арада «Ордабасы» бұрын «Атырауда» ойнаған Милош Трифуновичті тізімге қосты. Осылайша Бақтияр Байсейітов командасының шабуыл шебі түгел балқан түбегінің тұрғындарынан жасақталды. Солардың бірі хорватиялық Филип Касалица Ермек Қуантаевтың қателігін дер кезінде пайдаланып, гол соқты. Бұл гол кездесудегі жеңісті доп болып шықты. Ойын барысында көзге түскен тағы бір ойыншы бар. Ол – Доминик Чатто. Қорғаныста да, шабуылда да шымкенттік команда ойынына дем беріп жүрді. Ал, «Қайрат» болса жанкүйерлерін ренжітіп алды. Командаға бірдеңе жетіспейтін көрінеді. Алматылық ұжымда бапкер ауысқанымен, нәтиже ауыспай жатыр.   

"Шахтер" – "Оқжетпес" - 0:1 (0:1)

Гол: Чижов 31

Ескертулер: Сзоке 90+3 – Богданов 90+2

"Шахтер": Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Ягуби (Скорых 68), Горячий (Өміртаев 78), Габышев (Нұрыбеков 66), Финонченко (к), Байжанов

Қосалқы құрам: Ткачук, Дубков, Ермеков, Ветров, Васильев, Тәттібаев

қжетпес": Стаменкович, Чертов, Чижов (Ристович 81), Еоне, Волков (к), Нганбе, Мангуткин, Чичулин, Хайруллин, Молдақараев (Богданов 85), Қожамберді (Куксин 59)

Қосалқы құрам: Бабаханов, Алхазов, Төлеев, Жұмаханов, Юрин, Лебедев

Төрешілер:  Холматов (Қызылорда), Шарипов (Атырау), Орынбаев (Шымкент)

17 сәуір. Теміртау. "Металлург" стадионы. 1 500 көрермен. 

Бұл ойын Теміртауда өтті. Көкшетаулықтар матч басталысымен допты өз бақылауларына алды. Әдеттегідей көптеген пастармен шабуыл ұйымдастырған көкшеліктер 31-ші минутта гол соқты. Айып алаңында «кеншілер» Чижовқа допты беріп қойды. Қонақтарға жауап қатқысы келген қарағандылықтар түрлі шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ, «Оқжетпес» қақпашысы Стамкенович үшінші ойын қатарынан гол жібермеді. Осыдан кейін «Шахтер» ел біріншілігіндегі жеңіске жетіп көрмеген жалғыз команда болып саналды. Себебі, 6-шы турда «Атырау» да, «Жетісу» да жеңіске жетті. «Шахтер» мұндай нәтижеден кейін премьер-лиганың анық аутсайдері деген атаққа лайықты ұжым секілді.

"Жетісу" – "Тараз" - 2:1 (0:0)

Голдар: Савич 47 (1:0), Симоновски 58 (2:0), Мане 65 (2:1)

Ескертулер: Рудик 60, Моисов 90+1 – Әмірханов 24, Шахметов 89

"Жетісу": Шабанов (к), Кадио, Джалович, Клайн, Савич, Рудик (Әмірсейітов 84), Симоновски (Калинин 69), Әділханов, Шабаев, Тұрысбек, Азовский (Моисов 69)

Қосалқы құрам: Пасеченко, Сағындықов, Мыңбаев, Балғабаев, Харун-Заде, Хасанов

"Тараз": Григоренко, Мера (Айтбаев 49), Зенькович (Сүлей 60), Данилюк, Мане, Воротников, Баялиев, Әмірханов, Шахметов, Недашковский (к), Караман (Байтана 71)

Қосалқы құрам: Докич, Д.Евстигнеев, В.Евстигнеев, Қарпық, Нұралы

Төрешілер:  Кучин (Қарағанды), Васютин (Алматы), Сүйінов (Павлодар)

17 сәуір. Талдыкорган. "Жетісу" стадионы. 1 200 көрермен. 

Жеңіске жетіп көрмеген «Жетісу» осы турда желпінді. Ойыны да жақсы болды. Көп шабуылдар ұйымдастырды. Матч барысында талдықорғандықтардың ойынға өте жақсы дайындықпен шыққаны байқалды. Ал, «Тараз» болса көптеген жарақаттардың кесірінен негізгі ойыншыларын алаңға шығара алмады. 47-ші минутта Душан Савич алаң иелерін алға шығарса, 58-ші минутта македониялық Симоновский есепті еселеп тастады. Ал, 65-ші минуттағы Мәлік Маненің соққан голы 6-шы турдың үздік голы болып саналары сөзсіз. Сенегалдық ойыншы допты 30-метрдей жерден шірене тартып, тоғыздыққа топ еткізді.

"Астана" – "Тобыл" 1:0 (1:0)

Гол: Аруна 32

Ескертулер: Шомко 76, Логвиненко 89 – Левин 24, Шимкович 32, Мирошниченко 61, Джалилов 74

"Астана": Эрич, Постников, Аничич (Бейсебеков 67), Каньяс, Твумаси, Максимович, Аруна (Деспотович 63), Шомко, Мұжыков, Нөсербаев (к) (Тағыберген 88), Логвиненко

Қосалқы құрам: Мокин, Абдурахими, Гурман, Көлбеков, Шаихов, Наджарян

"Тобыл": Логиновский, Деак, Кассай, Шимкович (к), Яворский, Дмитренко, Досмағамбетов (Джалилов 66), Левин (Главина 46), Мирошниченко, Мухутдинов (Дудченко 71), Хижниченко

Қосалқы құрам: Бусурманов, Н’Диайе, Аслан, Жұмасқалиев, Кургулин, Розыбакиев

Төрешілер:  Рахымбаев, Джаспенов (екеуі де – Алматы), Тихонюк (Ақтөбе)

17 сәуір. Астана. "Астана Арена" стадионы. 3 500 көрермен. 

Ел чемпионы әзірге 100 пайыздық көрсеткішпен келеді. Бұл матчта да алаң иелері жеңіске жетті. Голдың авторы киевтің «Динамосында» ойнаған Аруна Лукман. Жаңадан ауысқан ойыншы өзінің екінші ойынында алғашқы голын соқты. Өткен маусымда «Астана» намысын қорғаған Логиновский енді «Тобыл» қақпашысы ретінде бұрыңғы әріптестерінің шабуылына тойтарыс берді. Логиновский болмағанда есеп күрделірек болар еді. «Астананың» негізгі бәсекелесі болып тұрған «Ертіс» бұл турда ұпай жоғалтты. Бірақ, елордалық «Астана» бұл жағдайға қатты қуанбауы керек деп ойлаймыз. Себебі, келесі турда олар Павлодарда тура сол «Ертіспен» ойнайтын болады. Чемпионаттың көктемгі лидері де сол матчта анықталып қалуы ықтимал.

"Ақтөбе" – "Ертіс" - 1:1 (0:1)

Голдар: Гогуа пенальтиден 22 (0:1), Смақов пенальтиден 87 (1:1)

Ескертулер: Куаджа 21, Тілешев 69, Жаңғылышбай 89 – Гогуа 37, Әлиев 65

қтөбе": Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Қайыров (Крюков 81), Кәкімов (Тілешев 64), Смақов (к), Шестаков (Жалмұқан 48), Жаңғылышбай

Қосалқы құрам: Павлов, Цвейба, Азовский,, Әйімбетов

ртіс"Лория (к), Гогуа (Воменко 69), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фалль 90), Гетериев, Ахметов, Мұртазаев (Алиев 63), Малый

Қосалқы құрам: Цирин, Сартаков, Аяғанов, Киров, Попов

Төрешілер:  Ысқақов, Әубәкіров (екеуі де – Астана), Бельский (Тараз)

17 сәуір. Ақтөбе. "Қобыланды батыр" атындағы орталық стадион. 9 000 көрермен. 

Ақтөбе қаласына үлкен футбол келді. Жанкүйерлер әбден футболды сағынып қалса керек, «Қобыланды батыр» трибуналары жанкүйерге лық толы болды. Ойынға төрелік еткен Марат Ысқақов кездесу барысында екі пенальти белгіледі. Және екеуі де таза, анық, ешқандай даусыз берілген 11-метрліктер еді. Біріншісін Гогита Гогуа дәл орындап, «Ертісті» алға жетеледі. Ал, екіншісі өте маңызды пенальти еді. 587 минут бойы гол жібермеген Давид Лория қақпасына доп жіберіп алды. Және бұл голды Самат Смақов салды. Негізі, Давид Лория доптың бағытын тауып алғанымен, сәл ғана соққыны қайтаруға күші жетпеді. Сонымен, Лорияның рекордына нүкте қойылды.

"Атырау" — "Ақжайық" - 2:0 (2:0)

Голдар: Шабалин 4 (1:0), Трытко 19 (2:0)

Ескертулер: Говедарица 42, Сергиенко 61

"Атырау": Нәрзіқұлов, Дамчевски, Ламанж, Аржанов, Шарпар, Трытко (Куртеян 77), Мулдаров, Кузьмин, Шабалин (Балтаев 85), Қонысбаев (Эсатов 90), Коробкин (к)

Қосалқы құрам: Эссаме, Чуреев, Сапаров, Жомартов, Маров

қжайық": Калменов, Говедарица (к), Колуния, Ортиз, Николич, Валиуллин (Мальцев 54), Сергиенко, Тапалов (Омаров 66), Шурыгин, Коробов, Бегалин (Хромцов 74)

Қосалқы құрам: Багаутдинов, Антипов, Сапанов, Сәрсекенов, Шевцов, Хаиров

Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Попов (Павлодар), Шабанов (Алматы)

17 сәуір. Атырау. "Судоремонтник" стадионы. 1 200 көрермен. 

«Судоремонтник» стадионы суға көміліп, көлшікке айналып жатты. Мұндай алаңда футбол ойнау қиынның қиыны. Англияда 19-шы ғасырда тіркелген футболдың алғашқы бейне жазбаларымен салыстырсаңыз «Атырау» - «Ақжайық» ойынымен айна қатесіз дәл келер еді. Футбол ойынының одан бері қалыптасқанына екі ғасырдай уақыт өтсе де, заманауи стандарт жағдай Атырау қаласын айналып өтіпті. Дегенмен, су үстінде өткен бұл ойында «Атырау» жауапсыз екі гол соқты. Мақтаулы польшалық шабуылшы Пшемыслав Трытко тамаша техникаға ие екенін көрсетті. Қақпашыны алдап өтіп, бос қақпаға допты тоғытты. Никитенко командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, кішкене де болса көңілдері көтеріліп қалды.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх