Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
407
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
360
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
326
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
321
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
313
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Алғашқы үштік қалыптасты

24 апр. 2016, 15:44 | 1809
Қазақстан премьер-лигасының жетінші тур ойындары болып өтті. Турдың басты ойыны Павлодарда орын алды. “Ертіс” өз алаңында “Астанамен” тең түсті.

7-тур. 23-сәуір

«Тобыл» – «Жетісу» - 2:2 (2:0)

Голдар: Джалилов 1 (1:0), Джалилов 14 (2:0), Савич 55 (2:1), Тұрысбек 58 (2:2)

Ескертулер: Джалилов 44 – Савич 5, Кадио 18, Моисов 20, Клайн 87, Шабанов 90+2

«Тобыл»: Логиновский, Деак, Кассай, Яворский, Главина, Джалилов (Дудченко 60), Досмағамбетов (Н’Диайе 81), Жұмасқалиев (к), Мирошниченко, Мухутдинов, Хижниченко

Қосалқы құрам: Петухов, Жулпа, Агайсин, Аслан, Левин, Кургулин, Розыбакиев

«Жетісу»: Шабанов (к), Кадио, Клайн, Моисов, Савич, Симоновски (Калинин 46), Сағындықов (Әмірсейітов 73), Әділханов, Шабаев, Тұрысбек, Азовский (Мыңбаев 79)

Қосалқы құрам: Пасеченко, Джалович, Рудик, Балғабаев, Харун-Заде, Хасанов

Төрешілер:  Чесноков (Өскемен), Дерцапф (Орал), Будниченко (Екібастұз)

23 сәуір. Затобольск кенті. «Затоболец» стадионы. 2 500 көрермен 

“Тобыл” бас бапкері Дмитрий Огай жақын арада қызметін босатып қалуы мүмкін бес бапкердің тізімінде келеді. Қостанайлық команда жалпы жаман емес. Бірақ, оқу-жаттығу жиындарында бұл ұжымға салынған қаржы өз-өзін ақтай алмауда. “Ақтөбеден” көшіп келген біршама футболшы қостанайлық команданы алға сүйрей алар емес. Облыс басшылығы Огайды шақыртып бұрынғы даңқты “Тобылды” қайта түлеткісі келген. Алайда, әзірге даңқты команданың тек дақпырты ғана шығуда. Оның үстіне бір ойынға бармай қалып дауға да ұшырады. Сондықтан, кез-келген сүреңсіз ойын Огайды орнынан кетіретіні хақ. “Жетісуды” өз алаңымызда жеңе алмасақ, онда кімді жеңеміз?”, - деген оймен трибунаға келген қостанайлық жанкүйерлердің үміттері ақталмады. Рас, ойын барысында алаң иелері Рауль Джалилов соққан екі голдан кейін ұтып тұрған. Бірақ, команда бар басымдылықты ұстап тұра алмады. Талдықорғандықтар да табанды болып шықты. Бірден тайқып бермей, таласты соңына дейін жүргізді. Құлшынбаевтың командасы құлшынып отырып екі гол соқты. Алғашқысын әдеттегідей Душан Савич салса, екіншісін “ұрыста тұрыс жоқ” деген Тұрысбек ұрды.  

“Оқжетпес” – “Ордабасы” - 2:0 (2:0)

Голдар: Чижов 2, Молдақараев 3

Ескертулер: Ристович 12, Куксин 43, Қожамберді 56 – Трайкович , Абдулин 55

“ОқжетпесСтаменкович, Чертов, Чижов (к), Еоне, Нганбе, Ристович (Волков 78), Куксин, Чичулин, Хайруллин, Молдақараев (Юрин 88), Қожамберді (Бөлешев 81)

Қосалқы құрам: Бабаханов, Алхазов, Төлеев, Жұмаханов, Богданов, Лебедев

«Ордабасы»: Бойченко, Гейнрих (Чатто 72), Диакате, Касалица (Қожабаев 76), Трайкович, Трифунович, Абдулин, Адырбеков, Нұрғалиев (к), Төлебек, Тұңғышбаев (Юнузович 54)

Резерв: Бекбаев, Әшірбеков, Ирисметов, Қайкыбасов, Ерланов, Тәжімбетов

Төрешілер:  Измайлов (Талдықорған), Калачев, Лабашов (екеуі де – Атырау)

23 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы. 3 800 көрермен 

Біз мектеп оқып жүрген кезде қақпада тұрған Бойченконың тәжірибиесі мол қақпашы екені анық. Мен мектеп бітіріп, университет тәмамдап, қызметте жүргеніме де біршама уақыт өтті. Осы аралықтың барлығында ел футболында жүрген Сергей Бойченко әлі де болса қақпада тұрады. Шамасы, осы маусым соңынан кейін Бойченкоға абырой барда карьерасын аяқтау керек секілді. Өйткені көп жылдар бойы жинаған абырой айрандай төгіліп жатыр.

Кездесудің үшінші минутында ырғалып соққы жасап жатқанында Молдақараев жетіп келді де қақпашы тепкен допты аяғымен тосып қалды. Бұл екінші гол болатын. Оған дейін алғашқы бұрыштама добы кезінде Чижов чемпионаттағы қатарынан екінші голын салып үлгерген еді. Турнирлік кестедгі үшінші орын көкшетаулықтарға бұйырып тұр.

“Тараз” – “Атырау” - 0:0 

Ескерту: Мулдаров 70

“Тараз”: Григоренко (к), Данилюк (В.Евстигнеев 72), Мане, Воротников, Баялиев (Қарпық 68), Айтбаев, Сүлей, Байтана, Шахметов, Рымтаев (Бауыржан 61), Нұралы

Қосалқы құрам: Докич, Қараман, Кәрімолла, Тоғызбай, Егембаев, Әбдінәби

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Ламанж, Аржанов, Шарпар (Эссаме 46), Трытко (Макась 57), Мулдаров, Кузьмин, Шабалин, Қонысбаев (Куртеян 70), Коробкин (к)

Қосалқы құрам: Жомартов, Балтаев, Чуреев, Эсатов, Сапаров

Төрешілер:  Қарлыбаев (Орал), Советханұлы, Богданов (екеуі де - Семей),

23 сәуір. Тараз. «Орталық» стадион. 3 500 көрермен. 

Біріншіліктегі ең сүреңсіз ойынды таңда десе осы ойынды көрсетер едім. Трибунаға келген жанкүйерлерді аяп кетесің. Қазақстан футболы осы деп көрсетуге ұят. “Тараздың” жайы түсінікті енді. Өңкей жастар. Кеше ғана футбол мектебін аяқтаған жастар жүгіріп жүр. Мақұл. Ал, енді “Атырауға” не жоқ. Мұнайлы өлкенің командасы соншама сорлағаны несі?! Шет елден мықты легионерлер алдыртты. Жалақыдан еш кінәрат жоқ. Басшылық жағдайды жасауда. Бірақ, команда ойнап кете алар емес. Демек, бас бапкер футболшыларды, не болмаса футболшылар бапкерді түсінбейді деген сөз. Бұл түсінбеушілік түбі бапкердің қызметінен кетуіне әкеліп соқтырары анық. Матчтың есебі - 0:0. Таблодағы бұл көрсеткіш ең әділ көрсеткіш. “Таразға” бұл бір ұпай. “Атырау” болса екі ұпай жоғалтты.

“Ақжайық” – “Шахтер” - 0:1 (0:1)

Гол: Финонченко 17

Ескертулер: Шурыгин 12, Говедарица 79 – Багинский 87

Алаңнан қуылған: Николич 84

“Ақжайық”Кәлменов, Говедарица (к), Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Бегалин 54), Мальцев, Омаров, Сергиенко (Антипов 76), Хаиров, Шурыгин (Валиуллин 64)

Қосалқы құрам: Багаутдинов, Абдрахманов, Сапанов, Сәрсекенов, Шевцов, Гридин

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели (Ягуби 68), Горячий (Нұрыбеков 63), Ермеков, Финонченко (к) (Тәттібаев 88), Байжанов, Скорых

Қосалқы құрам: Ткачук, Дубков, Ветров, Васильев

Төрешілер: Дүзмәмбетов (Өскемен), Павлов (Алматы), Тасыбаев (Павлодар)

23 сәуір. Орал. «Ақжайық» стадионы. 1 500 көрермен. 

Финонченко әлі де болса гол соғып жүр. Қарағандыдағы “Орталық” стадионның алдына Финонченконың ескерткішін қойса болады. Кәдімгі “Арсенал” аренасының алдында Денис Бергкамптың ескерткіші тұрады ғой, сол сияқты. Райан Гиггз секілді бір командаға бүкіл спорттық ғұмырын арнады. Оралда өткен кездесуде “Шахтер” чемпионаттағы екінші голын соқты. Андрей соққан жалғыз доп “Шахтерға” чемпионаттағы алғашқы жеңісті алып келді.

“Қайрат” – “Ақтөбе” - 3:0 (2:0)

Голдар: Маркович 42, Аршавин 44, Тимощук 90+2

Ескертулер: Аршавин 53 – Қайыров 17

Алаңнан қуылған: Қайыров 90+4 (екі ескерту)

“Қайрат»: Плотников, Исаэль (Лунин 88), Гоу (Тавамба 60), Тимощук, Маркович, Аршавин (Қуат 70), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Рудосельский

Қосалқы құрам: Сидельников, Дарабаев, Ли, Дайыров, Райымбек, Вороговский

«Ақтөбе»: Отарбаев, Петролай (к), Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Борчаров, Азовский, Қайыров, Кәкімов (Тілешев 66), Крюков (Жалмұқан 46), Жаңғылышбай (Михалев 50)

Қосалқы құрам: Павлов, Смақов

Төрешілер: Алешин (Павлодар), Панин (Қостанай), Попов (Өскемен)

23 сәуір. Алматы. «Орталық» стадион. 13 000 көрермен 

Аршавин гол соқты. Бұл кәдімгідей оқиға болды. Осы күні “Қайраттың” қазақстандағы ойынын ресейлік баспасөз қадағалап отыр. Әрбір команданың аңдысын аңдып, Аршавин жайлы ақпаратты бұрқыратып беруде. Украинада Тимощук жайлы жазылуда. “Қайрат” үшін бұл екі ойыншы жарнамалық жүріс болды. Және осы екі аталған футболшылар бір бірден гол соқты. Ал, алғашқы голды Жарко Маркович баспен ұрды. Аршавинге де, Марковичке де Гоу пас берді. Өзі соқпаса да елдің гол соғуына ықпал етіп жүр. Талапшыл бапкер Цхададзе Бородюк кезінде босаңсып кеткен футболшыларды қайтадан ымыраға шақырған секілді.

“Ертіс” – “Астана” - 2:2 (1:2)

Голдар: Ахметов 2 (1:0), Деспотович 7 (1:1), Мұжықов 31 (1:2), Фонсека 60 (2:2)

Ескертулер: Фрейдгеймас 81, Керла 87, Гогуа 90+2 – Каньяс 44, Бейсебеков 46

ЕртісЛория (к), Гогуа (Фернандес 90+2), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фаль 84), Гетериев, Есімов, Ахметов, Мұртазаев

Қосалқы құрам: Цирин, Сартаков, Әлиев, Аяғанов, Воменко, Попов, Малый

Астана: Эрич (к), Постников, Каньяс, Твумаси, Деспотович (Щеткин 85), Максимович, Аруна (Нөсербаев 63), Бейсебеков, Шомко, Мұжықов, Логвиненко

Қосалқы құрам: Мокин, Гурман, Көлбеков, Шайыхов, Наджарян, Тағыберген

Төрешілер:  Вишниченко (Қостанай), Филоненко (Тараз), Виноградов (Петропавловск)

23 сәуір. Павлодар. «Орталық» стадион. 9 200 көрермен. 

Көшбасшылар тартысы өте қызықты өтті. Бұрынғы командасына қарсы екіленіп ойнаған Елдос Ахметов есеп ашты. Бірақ, бесінші минуттан кейін Деспотович таразы басын теңестірді. Одан кейін тіпті, Мұжықов елордалықтарды алға шығарды. Алайда, екінші таймда Карлос Фонсека алыстан бағыттаған соққысымен есепті 2:2 қылды. Бұл кезлдесудің қорытынды нәтижесі болып тіркелді. Сонымен, болгариялық бапкерлер дербиінде жеңімпаз анықталмады. Чемпионат басталуға бір апта қалғанда жолдастық кездесуде  “Ертісті” 5:1 қылып жеңіп жүрген “Астана” павлодарлық команданың чемпионат бойы бәсекелес болатынын байқады. Демек, қызықтың бәрі алда!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх