Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
42
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
549
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
381
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
343
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
338
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

Неге футболда қазақ тіліне құрмет жоқ?

10 янв. 2016, 20:05 | 2485
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – Ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілі, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету, бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Бірақ сол тіл мәселесін біз жұмыла көтеріп жүргеніміз шамалы. Саясат, әлеумет, мәдениет демей-ақ, біз осы тілге деген құрметті спорттың өзінен көре алмай жүрген жәйтіміз бар. «Адам көңілден азады, тілден жазады» дегендей бір футболдың өзін алып қарайықшы. Бұрнағы күні елімізде футбол «тырнақшаның ішінде» дамып келеді десек, сол ойынның маңайында журген шенеуніктер ана тілімізді дамытып келеді ме?! «Балық басынан шіриді» дейді емес пе халық даналығы! Міне соның нақ дәлелі ретінде шенеуніктерді алуға да болады. Олар футбол төңірегіндегі мәселелерді қазақшалап талқылайтын кездері кемде-кем. Сөзіміз жанды болсын. Мысал келтірейік. Өткенде Астанада Қазақстан футбол федерациясының Президенті – Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов еліміздің өңір-өңіріндегі футбол тізгіншілерін, тілшілерді және қазақ футболының қарапайым жанкүйерлерінің басын қосып, форум өткізді. Форумда біршама дүние талқыланды. Бірақ, ол басқа тақырып. Айтқымыз келгені, сол форумға қатысқан футболдың көсегесін көгертіп жүрген азаматтарымыз он пайыз да қазақша сөйлемеді. Сұрақтар да орыс тілінде қойылып, жауаптар да сол солтүстіктегі көршілеріміздің тілінде қатылып жатты.

Мейлі, басшыларды қоя салайық. Олар барлық жерде де орысшалап сайрап тұрады емеспе?! Енді біршама футбол төңірегінде жүрген спортшылардың ана тіліне деген құрметтерін сараптап көрсек. Сөз жоқ, премьер-лигада қазақ баласынан гөрі шет елдің азаматтары шұбырып жүр. Дегенмен де, басқа елге келгесін, «легионер» мырзалар сол елдің ана тілін үйреніп, құрметтесе несі кетіп жатыр? Қазақстан командаларының барлығында дерлік жаттығу барысында бір-бірімен орыс тілінде қарым-қатынас жасайды. Қазақшалап пікір алмасып, нұсқау көрсетіп жатқан бірде-бір жанды көрмейсің. Бір өкініштісі, жалғыз ғана басқа ұлт өкілі үшін бес-алты қазақ тілдерін күрмелеп, сол тілде сөйлейді. Сонда «Ана тілдің алпыс тілге татитынын білмейді»,- деп күйінесің. Сол ойыншыларға менің де айтарым бар! Қазақта «жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста» дейді. Шеттен келген мейлі ойыншы, мейлі бапкерге болсын, қазақ жігіті, жалтақтай бермей, өзіңнің ана тілің мен салт-дәстүріңді үйретсең нұр үстіне нұр болары еді!

Жақында еліміздегі ең мықты бір команданың жартылай қорғаушысымен тілдесудің сәті түсті. Қазақтың қара домалағы. Шүкір, қазақшасы мықты. Бірақ, оның айтқан әңгімесінен кейін көңіл құлазып қалды. «Командада үш қазақ жігіті бар. Үшеуміз жолығып қалғанда ғана қазақ екенімізді есімізге түсіріп, қазақша сөйлесеміз. Ал, жаттығуда, басқа матчтарға жол жүргенде орыс тілін қолданамыз. Әрине, әуелде қарапайым қазақтың баласына орыс тілін меңгеру қиын болды. Бірақ, тіршілік қамын жасау керек. Үйрендік», - дейді ол.

Бал тамған тілден у да тамар. Әңгімемізді ашық бастағасын, әрмен қарай да ашық түрде жалғағаным жөн болар... Енді Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін командалардың ресми сайттарын қарап көрелік. Қазіргі таңда интернет желісі жоғары қарқынды дамығандықтан, ел ұжымдарының барлығында дерлік ресми сайттар бар. Бірақ олардың басым көпшілігі қазақ тілінде жылдам ақпарат таратып, үздіксіз команда жөнінде мәлімет беріп жатқан жоқ.

Биыл ел чемпионы атанған «Астананың» ресми сайтын қарап көрейік. Қазір «Астананың» айы шынында оңынан туып тұр. Чемпиондар лигасында ойнады. Имиджін де қалыптастырды. Медиа-менеджерлері де қызу жұмыс атқарып жатыр. Бірақ, клуб сайтының 80 пайызы орысша «сайрап» тұр. Егер, порталға кіріп, қазақша мәлімет іздей қояйын десең, орысша ақпарлардан көз сүрінеді.

Дау жоқ, бұл порталдың жүргізушілері команда жайлы жылдам ақпарат береді. Тіл- тәуелсіздік тұғыры емеспе? Қазақ тілінде ақпарат таратпаған ұжым (кешіктіріп), қазақ тілін сыйламасы анық.  Қазақтың ақылы–көзінде, қасиеті-сөзінде. Елордалықтар біздің сөзімізді жерде қалдырмай тілімізді құрметтеп, порталдарын қазақша жүргізсе игі болар еді.  

Сонымен қатар, былтырғы маусымды екінші орында аяқтаған «Қайрат» командасының ресми сайтына кіріп көрдік. Алматылық ұжымның сайтында қазақша бөлім бар. Бірақ, бұл желіде де қазақ тілінің хал-жағдайы мәз емес. Көңіліңнен мүлде шықпайды десе де артықтық емес. Орысша шыққан ақпараттарды кешіктіріп, «тікелей» аударып отырады.

Негізі, біз нысанымызға бұл екі клубтың ғана сайттарын алып отырғанымыз жоқ. Ел біріншілігінде өнер көрсететін барлық ұжымдарды алдық. Тек Қызылордалық «Қайсар» клубының қазақша таратып жатқан ақпараты көңілден шықты. Қалғандарында қазақ тіліне деген құрмет көрінбейді.

Құрметті оқырман! Сіз болып, біз болып осы мәселерді көтеріп, басшылыққа хабарламасақ, қазақ тілі күндердің бір күнінде құрдымға кетуі де мүмкін ...

Уалихан ҚОСАНБАЙ

суреттер sportinfo.kz, vesti.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх