Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
381
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
355
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
322
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
317
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
309
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Соңғы минут синдромы

28 апр. 2016, 17:43 | 1867
Ел кубогының 1/8 ойындары тартысқа толы болды. Көп кездесу тағдыры 90-шы минуттарда шешілді.

Қазақстан Кубогы.

1/8 финал. 27-сәуір.

“Ордабасы” – “Қайсар” - 2:0 (0:0)

Голдар: Тәжімбетов 82, Тұнғышбаев 90+2

Ескертулер: Ирисметов 49, Юнузович 78, Тәжімбетов 82 – Алтынбеков 45+1, Суюнов 61

“Ордабасы”: Бекбаев, Чатто, Трайкович, Юнузович (Тәжімбетов 80), Әшірбеков (Гейнрих 65), Бейсенов, Ирисметов (Тұнғышбаев 56), Мұхтаров, Нұрғалиев (к), Сүйімбаев, Қожабаев

Қосалқы құрам: Бойченко, Диакате, Абдулин, Адырбеков, Қайкібасов, Ерланов

“Қайсар”: Исламкұлов, Нүсіп (Ілиясов 73), Назаров (Кунов 32), Кейлер, Сүйінов, Марочкин, Алтаев, Сахалбаев (к), Граф, Алтынбеков (Вяткин 86), Марушко

Қосалқы құрам: Рушинас, Жақсыбаев, Қалмұратов, Молтусинов, Павинич, Цуркан

Төрешілер: Тевяшов (Орал), Шабанов, Васютин (Алматы)

27 сәуір. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 4 000 көрермен.

“Ордабасы” мен “Қайсар” арасындағы кездесулер бұрындары тартысты өтетін. Көршілес жатқан қос облыстың ұжымының арасында талай тамаша, қиян-кескі ойындар болған, оның барлығы жанкүйерлер жадында. Ал, бұл ойын соншалықты бір тартысты бола қойған жоқ. Оның да түрлі себептері бар. “Ордабасы” осы күні алғашқы үштікке енуді көздеп жүр. Алайда, Байсейітов жігіттері біріншілікте білгендерін жасай алмауда. Сондықтан, шымкенттіктерге Қазақстан Кубогының финалына дейін жетіп алған абзал. Оның үстіне өз алаңыңда қызылордалық “Қайсармен” ойнар болсаң, онда келесі кезеңге өтуің керек. Осындай оймен шыққан оңтүстікқазақстандық аяқдопшылар ұзақ уақыт гол соға алмай жүрді. Бірінші лиганың командасы тегеурінді қарсылық көрсетті. Алайда, Қызылорда футболының өкілі Дәуренбек Тәжімбетов “Қайсар” қақпасына гол соқты. Одан кейін Еркебұлан Тұңғышбаев есепті еселеп, жеңісті сенімді етті. “Ордабасы” енді 29-шы сәуір күні болатын жеребе тарту рәсімін күтетін болады.

“Тобыл” – “Қызыл-Жар СК” - 0:0, 0:0, пен. 2:4

Ескертулер: Кургулин 64 – Жанұзақов 95

“Тобыл”: Петухов (к), Дудченко, Жулпа (Мухутдинов 96), Н’Диайе (Деак 46), Яворский, Главина, Джалилов, Досмағамбетов, Левин, Кургулин (Хижниченко 78), Розыбакиев

Қосалқы құрам: Логиновский, Аслан, Дмитренко, Жұмасқалиев, Мирошниченко, Эльмурзаев

“Қызыл-Жар СК”: Нестеренко (к), Макаев (Сапарғалиев 70), Сұлтанов, Аверченко, Аитов, Әлиев, Бурцев (Соколенко 106), Жанұзақов (Волков 111), Хичри, Ступич, Струков

Қосалқы құрам: Закиров, Перцух, Мульдинов, Пасичник

Төрешілер: Сариев (Орал), Попов (Астана), Субботин (Актобе)

27 сәуір. п.Затобольск. “Затоболец” стадионы. 1 800 көрермен.

Осы ойыннан кейін Дмитрий Огай қызметінен кетті. “Жетісумен” тең түскен ойында жанкүйерлер наразы болып еді. Ал, енді бұл жолғы жеңіліске не жорық? Бірінші лига командасын өз алаңында ұта алмау бұл команда деңгейіне сын екені сөзсіз. 11-метрлік пенальти сериясында жолы болған Владимир Фомичев шәкірттері ширек финалға шықты.

“Ақжайық”  “Ертіс” - 0:1 (0:1)

Гол: Эррера 8

Ескертулер: Мұртазаев 13, Аяғанов 52, Керла 65

“Ақжайық”: Багаутдинов, Говедарица, Николич, Әбдірахманов, Антипов, Валиуллин, Омаров (Хромцов 70), Сапанов (к), Сәрсекенов (Ортиз 34), Шевцов, Гридин (Бегалин 52)

Қосалқы құрам: Кәлменов, Колуния, Мальцев, Сергиенко, Тапалов, Хаиров

“Ертіс”: Цирин, Керла, Эррера, Фалль, Сартаков, Әлиев (к), Есімов, Аяғанов, Воменко (Фрейдгеймас 90+1), Мұртазаев (Попов 87), Малый

Қосалқы құрам: Капанов, Киров

Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Козлов (Ақтау), Бейжанов (Петропавловск)

27 сәуір. Орал. "Ақжайык" стадионы. 1 500 көрермен.

Талғат Маруанұлының командасы чемпионат басын өте сүреңсіз бастады. Құрама тізгінін ұстаса деген бапкеріміздің жеке командасы неге бұлайша құлдырады? Әрине, керекулік “Ертіспен” терезесі тең ойнау қиынның қиыны. Димитар Димитров командасы осы күні кім-көрінгенді жеңіп жүр. 8-ші минутта соғылған жалғыз гол оларды келесі айналымға шығарды. Дәл осылай жалғаса берсе, Қазақстан Футбол Федерациясы Талғат Байсуфиновты уақытша қызметінен алып тастап, құрамаға жаңа бапкер әкелуі мүмкін. Оның үстіне ресейлік БАҚ өткен аптада “Гаттузо Қазақстанға баратын болыпты”-деп “бұрқ” еткізді.

“Қайрат” – “Шахтер” - 4:0 (0:0)

Голдар: Тавамба 78, Қуат 83, Исаэль 90+2, Дарабаев 90+3

Ескерту: Маркович 39

Қайрат»: Плотников, Исаэль, Тимощук, Маркович (Дарабаев 86), Аршавин (Қуат 78), Тавамба, Тесак, Бакаев, Исламхан (к) (Дарабаев 88), Қуантаев, Рудосельский

Қосалқы құрам: Сидельников, Ли, Мусаев, Райымбек, Вороговский, Хабаев

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Зенели (Нұрыбеков 70), Ягуби, Горячий, Ермеков, Финонченко (к) (Пикалкин 72), Байжанов, Скорых (Тәттібаев 81)

Қосалқы құрам: Ткачук, Дубков, Васильев

Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Полуэктов (Тараз), Филипчук (Шымкент)

27 сәуір. Алматы. «Орталық» стадион. 8 700 көрермен.

Кахабер Цхададзе өзін көрсете бастады. Командада бұрынғы ойын қайта тірілгендей. Тавамба да гол соқты. Енді шабуылшы бұдан ары қарай өзін жақсы сезіне бастауы керек. Екінші голды Қуат соғып, жеңісті бір қуаттады. Ал, Исаэль тіпті үшінші голмен жанкүйерлерді қуантты. Дарабаев та доп соғып дараланды. Өзі ойнаған “Шахтерге” қарсы екілене ойнады десек болады. Вайсстың сүйікті ойыншысы енді грузин маманының да көзіне іліккендей. Бұл ойын жалпы күткендей, ойдағыдай өтті. Енді жанкүйерлер “Қайраттың” алғашқы үштікке келгенін күтеді.  

“Оқжетпес” – “Тараз” - 2:1 (1:0)

Голдар: Хайруллин 45+1 (1:0), Сүлей 75 (1:1), Хайруллин 90+4 (2:1)

Ескертулер: Богданов 36, Чертов 81, Чижов 88 - Абденаби 19, Д.Евстигнеев 70, Баялиев 80, Қараман 81

Алаңнан қуылған: Чичулин 79

Окжетпес: Бабаханов, Чертов, Чижов, Волков (к), Нганбе (Юрин 66), Куксин, Чичулин, Богданов (Ристович 62), Хайруллин, Молдақарев, Қожамберді (Бөлешев 73)

Қосалқы құрам: Стаменкович, Алхазов, Еоне, Тулиев, Жұмаханов, Лебедев

Тараз: Докич, Баялиев, Әмірханов, В.Евстигнеев (к) (Д.Евстигнеев 64), Қараман, Рымтаев (Сүлей 68), Кәрімолла, Тоғызбай, Сатыбалды, Әбдінәби, Кеңесбек

Қосалқы құрам: Григоренко, Данилюк, Айтбаев, Байтана, Нұралы, Егембаев

Төрешілер: Атажанов (Шымкент), Журавлев (Павлодар), Тихонюк (Ақтөбе)

27 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 000 көрермен.

Кубок деген бір қызық жарыс. Бір ойыннан тұратын тартыста бәрін күтуге болады. Көкшетаулықтар анық фааворит еді. Ал, “Тараз” соны біліп түгел жастарды шығарды. Жамбыл жері талантты ойыншыларға ешқашан кенде болған емес. Соны тағы бір дәлелдеді. Бірінші таймда қорғанысты мықтап ұстап, қарымта шабуылға иек артты. 19-20 жасар жігіттер тәжірибиелі ойыншыларға тегеурін танытты. Бірінші тайм бітер тұста стандарттық жағдайдан есеп ашқан Марат Хайруллин жігіттердің жігерін жасытып жібергендей көрінді. Бірақ, екінші таймда шапшаң қимылдаған тараздықтар есепті теңестірудің әрекеттерін қарастырды. Нұрмат Мырзабаев осы тұста тағы екі Тараз футболының түлегін алаңға шығарды. Әлішер Сүлей мен Дмитрий Евстигнеев. Соңғысы ағасы Виталий Евстигнеевті алмастырды. Ал, Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Әлішер Сүлей болса, айып алаңына сытылып еніп, есепті теңестіріп тастады. “Тараз” бұл ойында алаңға шығарған 13 ойыншысының 12-сі жергілікті ойыншылар еді. Тек қақпашы Докич қана легионер. Осы арада испан чемпионатында ойнайтын “Атлетик” Бильбао командасы еске түсіп кетеді. Таза өз мектебінен түлеп ұшқан жігіттермен Еуропа лигасында керемет өнер көрсетіп еді. Осы ойынға шыққан футболшылардың ішінде де Қазақ футболының болашақтары толып жүр. Тағы бір қоса кететін жайт ағайынды Евстигнеевтерден басқа алаңда ойнаған тараздық футболшылардың барлығының да ұлты қазақ еді. Міне, қаржы мен қолдауды осындай командаларға үйіп төксе артық емес. Әйтпесе, ел футболының қаражаты қайда және кімнің қалтасында кетпей жүр.

“Ақтөбе” – “Жетісу” - 0:1 (0:0)

Гол: Савич 65

Ескертулер: Жалмұқан 64, Смақов 87 – Шабаев 42, Симоновски 90

“Ақтөбе”: Павлов, Цвейба (Куаджа 81), Михалев (Жаңғылышбай 64), Азовский, Жалмұқан, Жұмашев, Крюков, Смақов (к), Тотай, Айымбетов (Кайыров 73), Жұмағали

Қосалқы құрам: Тамабай, Кәкімов, Бойчук

“Жетісу”: Пасеченко (к), Кадио, Клайн, Моисов (Симоновски 62), Савич, Әмірсейітов, Әділханов, Шабаев, Тұрысбек, Калинин, Азовский (Мыңбаев 70)

Қосалқы құрам: Шабанов, Джалович, Рудик, Сағындықов, Балғабаев, Харун-Заде, Хасанов

Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Гусев (Көкшетау), Попов (Павлодар)

27 сәуір. Ақтөбе. “Орталық” стадион. 5 500 көрермен.

Егер Душан Савич “Жетісудан” кететін болса, онда талдықорғандық команда премьер-лигадан кетуі мүмкін. Әр ойын сайын бізге осындай ой келеді. Үнемі голды да сол салады, пасты да сол береді. Савич болмаса бұл “Жетісу” не істер екен деген ой келеді. Кубоктың кездесуінде де Душан доп соқты. Енді Құлшынбаев командасы ширек финалда!

“Астана” – “Каспий” - 1:0 (0:0)

Гол: Нөсербаев 90

Ескертулер: Көлбеков 13 – Жаныбаев 50, Қызылтаев 53

Астана: Мокин, Абдурахими (Нөсербаев 79), Аруна, Бейсебеков (к), Жақыпбаев (Деспотович 75), Гурман, Көлбеков, Шаихов, Наджарян (Мұжықов 79), Щеткин, Тағыберген

Қосалқы құрам: Дүйсен, Постников, Шомко, Сәулет, Берг, Меңдібаев

Каспий: Аязбаев (к), Жанысбаев, Озғанов (Таңжарықов 49), Қызылтаев, Қабылан, Коне, Шевченко, Қадырбаев, Шәлекенов, Утробин, Ескендіров (Мусса 90+2)

Қосалқы құрам: Овчинников, Алқамбеков, Елтаев, Нәбиханов, Ахмеев, Жақыпов

Төрешілер: Омаров (Алматы), Айжігітов (Қызылорда), Шәріпов (Атырау)

27 сәуір. Астана. "Астана Арена" стадионы. 500 көрермен.

Күткендей-ақ екінші құрамды шығарған Станимир Стойлов бірінші лига командасын оңай жеңеміз деп ойласа керек. Алайда, барлығы тап-тамаша болып шыға салмады. Жергілікті қазақ жастарынан жасақталынған ақтаулық команда ел чемпионына қарсы барын салып ойнады. Жалпы қазақстанда кез-келген команда “Астанаға” қарсы қатты ойнайды. Ерекше жігермен шығады алаңға. Өйткені, чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жүрген футболшыларға қарсы “Астана-Аренада” алаңға шығу көптеген қазақстандық футболшы үшін стимул. Екіншіден бапкерлер көзіне түсетін тамаша мүмкіндік. Ақтаудың “Каспий” командасы абыроймен өнер көрсетті. Кейбір эпизодтарда тіпті елордалықтарды бір тықсырып алып жатты. Бірақ, білікті маман Стойлов екінші таймда арт-артынан үш ойыншыны шығарды да, кездесу тағдырын шеше салды. Деспотович, Мұжықов, Нөсербаев үштігі 20 минут ішінде бір гол салары анық еді. Деспотовичтің тепкен бір добы тіпті қақпа ішіне кіріп шықты. Төреші санамады. Ол болмаған соң жұмысты Таңат өз мойнына алып, соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті. Деңгейдің аты деңгей. 

“Атырау”  “Алтай” - 1:0 (0:0)

Гол: Дамчевски 90+3

Ескертулер: Чуреев 23, Сапаров 49, Куртеян 79 – Мұқанов 39

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Эссаме (к), Шарпар (Аржанов 41), Макась (Шабалин 46), Куртеян, Трытко (Коробкин 83), Балтаев, Чуреев, Эсатов, Сапаров

Қосалқы құрам: Жомартов, Мулдаров, Кузьмин, Қонысбаев, Жагоров, Ламанж

«Алтай»: Котляр, Жағыпар (Нұрғалиев 87), Тәңірбергенов, Мұқанов, Карпович (к) (Таипов 67), Д.Шмидт, Шафф, Ерсалимов (Омашев 79), Димов, Заречный, Колодин

Қосалқы құрам: Колбунцов, Халелов, Чулагов, Щеткин

Төрешілер: Кумашев (Астана), Сүйінов (Павлодар), Қошқаров (Алматы)

27 сәуір. Атырау. "Мұнайшы" стадионы. 3 000 көрермен.

“Алтайдың” ойынын көргендердің айтуынша, бұл ұжым кейбір премьер-лига клубынан жаман емес екен. Сол әңгімелер осы жолы дәлелденді. “Атырау” жартылай негізгі құраммен зорға жеңіске жетті. Ал, жалпы кубоктың осы бір сатыдағы ойындары негізі тартысты өтті. Ойынның соңғы минуттарында соғылған голдар саны жеткілікті. “Оқжетпестен” Хайруллин, “Ордабасыдан” Тұңғышбаев, “Қайраттан” Исаэль мен Дарабаев, “Астанадан” Нөсербаев, енді міне, “Атыраудан” Дамчевски. Бұл дегеніміз - кубок ойындарының осындай бір ерекшелігі бар деген сөз. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх