Мерген “Муртазиньо” Ұлттық құраманың шабуылын күшейте ме?
«Астана» – «Қайрат» - 1:0 (1:0)
Гол: Максимович 6
Ескертулер: Шомко 29, Мужиков 43, Деспотович 82, Аруна 90+2 – Тесак 47
«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси, Деспотович (Щеткин 87), Максимович, Шомко, Мұжықов (Аруна 89), Нөсербаев (к) (Тағыберген 77), Логвиненко
Қосалқы ойыншылар: Мокин, Абдурахими, Бейсебеков, Гурман, Көлбеков, Шайыхов
“Қайрат»: Плотников, Исаэль, Тимощук, Маркович, Аршавин (Қуат 73), Тавамба, Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев (Лунин 82), Рудосельский
Қосалқы ойыншылар: Сидельников, Дарабаев, Райымбек, Вороговский, Хабаев
Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Будниченко (Екібастұз), Дерцапф (Орал)
1 мамыр. Астана. «Астана Арена» стадионы. 11 000 көрермен
Турдың басты ойыны “Астана-Арена” стадионында өтті. Соңғы жылдардың бедерінде бір-бірімен бітіспес қарсыласқа айналып келе жатқан “Астана” мен “Қайрат” арасындағы кездесу қазақстандық жанкүйерлер үшін әрқашан қызықты. Кәдімгі қазақстындық ел-классикоға айналып келе жатқандай. “Барселона” мен “Реал” іспеттес мінезді қарсыластарға айналды. Ойынның алтыншы минутында Неманья Максимович баспен есеп ашты. Матч басында соғылған доп жанкүйерлер делебесін қоздыра түсті. Алайда, бұл гол 90 минутқа созылған теке тірестегі жалғыз гол болып қала берді. “Астана” кезекті жеңісіне жетті. Елордалықтар әзірге чемпионатта жеңіліп көрмеген команда. Станимир Стойлов командасын ұтатын елімізде әзірге команда табылмай тұр.
“Тобыл” – “Тараз” - 1:0 (0:0)
Гол: Н’Диайе 90+4
Ескертулер: Досмағамбетов 53, Н’Диайе 90+5 – Воротников 42, Шахметов 55, Д.Евстигнеев 82, Григоренко 89, Баялиев 90+3
“Тобыл”: Логиновский, Деак, Дудченко, Кассай, Шимкович (Н’Диайе 80), Яворский, Главина, Досмағамбетов (Джалилов 69), Жұмасқалиев (к), Кургулин (Мирошниченко 65), Мухутдинов
Қосалқы ойыншылар: Петухов, Жулпа, Аслан, Левин, Розыбакиев, Хижниченко
«Тараз»: Григоренко (к), Данилюк (Рымтаев 73), Мане, Воротнкиов, Әмірханов (Баялиев 90), Айтбаев, Д.Евстигнеев, Сүлей, Байтана (В.Евстигнеев 59), Шахметов, Нұралы
Қосалқы ойыншылар: Докич, Қараман, Кәрімолла, Қарпық, Тоғызбай, Әбдінәби
Төрешілер: Дүзмәмбетов (Өскемен), Әубәкіров (Астана), Павлов (Алматы)
1 мамыр. Затобольск. «Затоболец» стадионы. 3 000 көрермен
Бас бапкерсіз қалған қостанайлықтар жеңіске қиналып жетті. Бұл үш ұпай қостанайлықтарға оңай келген жоқ. Матчтың қаһарманы деп “Тараз” қақпашысы Григоренконы айтуға болады. Әулиеаталық қақпашы матч барысында тоғыз сейв жасады. Бірақ тоғызына шыдаған қақпашы оныншы соққыға төтеп бере алмады. Жалпы, “Тараз” осы ойында қорғанысты мықтап ұстады. Сырт алаңда бір ұпай алып кетуді мақсат тұтты. Бірақ, Нұрмат Мырзабаев командасының жолы болмады. Жалпы соңғы екі ойында соңғы минуттарда гол жіберіп алып жүр. Демек, футболшылардың жекелей ұстанымдарында бір кінәрат бар деген сөз. Ал, қостанайлық команда жақын арада жаңа бапкер таппаса, жағдай қиындай түсетінін анық аңғарып отыр.
“Ордабасы” – “Ақжайық” - 1:0 (0:0)
Гол: Тәжімбетов 72
Ескертулер: Шевцов 39, Сапанов 43
Алаңнан қуылған: Сапанов 83 (екі ескерту)
«Ордабасы»: Бекбаев, Диакате (Бейсенов 84), Чатто, Касалица (Тұңғышбаев 62), Трайкович, Юнузович (Тәжімбетов 62), Абдулин, Нұрғалиев (к), Сүйімбаев, Төлебек, Қожабаев
Қосалқы ойыншылар: Бойченко, Гейнрих, Адырбеков, Әшірбеков, Мұхтаров, Қайқыбасов
«Ақжайық”: Кәлменов, Колуния, Ортиз, Хромцов (Бегалин 66), Мальцев (Валиуллин 74), Сапанов (к), Сергиенко, Тапалов (Абдрахманов 79), Хаиров, Шевцов, Шурыгин
Қосалқы ойыншылар: Багаутдинов, Антипов, Омаров, Сәрсекенов, Гридин
Төрешілер: Холматов (Қызылорда), Виноградов (Петропавловск), Джаспенов (Алматы)
Кубоктық кездесуде алаңға шыққан Дәуренбек Тәжімбетов гол салған еді. Қызылорда футбол мектебінің түлегі әбден үлкен футболға сусап қалыпты. Шыққан екінші ойынында да гол соқты. Бапкер көзіне түсуді қолға алған Тәжімбетовтің қолы жүріп тұр. “Ақжайыққа” қарсы өткен матчтың 72-ші минутында Дәуренбек жеңісті голды соқты. Енді, Бақтияр Байсейітовтың командасында шабуыл шебі одан әрі күшейді деуге болады. Хорватиялық Эдин Юнузовичке енді Тәжімбетов керемет бәсекелестік тудыртады деген сөз.
“Жетісу” – “Ертіс” - 0:3 (0:2)
Голдар: Мұртазаев 39, Мұртазаев 41, Фернандес 90+3
Ескертулер: Фонсека 69 – Гогуа 80
«Жетісу»: Шабанов (к), Кадио, Клайн, Моисов (Сағындықов 21), Савич, Әмірсейітов, Әділханов (Мыңбаев 63), Шабаев, Тұрысбек, Калинин, Азовский (Симоновски 46)
Қосалқы ойыншылар: Пасеченко, Джалович, Рудик, Балғабаев, Харун-Заде, Хасанов
“Ертіс”: Лория (к), Гогуа (Фернандес 77), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фалль 89), Гетериев (Попов 74), Ахметов, Мұртазаев, Малый
Қосалқы ойыншылар: Цирин, Сартаков, Әлиев, Есімов, Аяғанов, Воменко
Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Попов (Өскемен), Құсайынов (Астана)
1 мамыр. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 2 500 көрермен
Қазақстан Ұлттық құрамасына шабуылшы керек деген мәселені биыл бірінші рет қозғап жүрген жоқпыз. Бапкерлердің айтуынша жаңадан шығып келе жатқан футболшыларды қарастыру керек. Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен Роман Мұртазаев “Достастық Кубогында” бірнеше гол соғып, мергендер қатарында болғанын жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ шығар. Биылғы біріншілікті “Ертіспен” бастаған Мұртазаев жаңаша тың серпінге ие болғандай. Димитар Димитров жас футболшыға көп сенім артып, үнемі алаңға шығарып бағын ашты ма, әйтеуір Роман биылғы чемпинатта бес гол соғып мергендер көшінде топ бастады. Ал, Талдықорғандағы матчта ол екі минут ішінде екі гол салды. Қарағандылық “Шахтерден” дер кезінде ауысқан шабулшыны енді құрама бапкерлері қойын дәптерлеріне түртіп алар ма екен?!
«Шахтер» – «Атырау» - 0:0
Сәтсіз пенальти: Финонченко 57
Ескертулер: Кузьмин 74
«Шахтер»: Багинский, Уббинк (Тәттібаев 82), Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели (Васильев 76), Нұрыбеков, Ермеков, Финонченко (к), Байжанов, Скорых (Ягуби 68)
Қосалқы ойыншылар: Ткачук, Горячий, Дубков, Өміртаев, Пикалкин, Тарасов
«Атырау»: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Ламанж, Эссаме, Аржанов (Макась 80), Куртеян, Мулдаров, Кузьмин, Шабалин (Балтаев 88), Қонысбаев (Трытко 66), Коробкин (к)
Қосалқы ойыншылар: Жомартов, Маров, Чуреев, Эсатов, Сапаров
Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Бельский (Тараз), Ысқақов (Қостанай)
1 мамыр. Карағанды. «Шахтер» стадионы. 1 500 көрермен
Райан Гиггз “Манчестер Юнайтедте” 20 жыл тер төксе, соның ерлігін қайталап жүрген Андрей Финонченко “кеншілер” үшін қашанғы тіреу болар екен. Өткен жолы сыртта “Ақжайыққа” қарсы матчта гол соққан Андрей “Шахтерге” алғашқы жеңісті сыйлаған. Бұл жолы Финонченкода сол ерлікті тағы дүркін жасауға мүмкіндік болған. 57-ші минутта белгіленген пенльтиді тәжірибиелі ойынша голға айналдыра алмады. Әрине, бұл қателік үшін Финонды ешкім сөкпесі анық. “Шахтер” үшін еңбегі сіңіп кеткен шаубылшының орнын басатын ойыншы шықпай жүргені ғана қарағандылық жанкүйерлердің жанына батады.
«Ақтөбе» – «Оқжетпес» - 1:0 (0:0)
Гол: Смақов пенальтиден 73
Ескертулер: Сорокин 42, Крюков 44, Жалмұқан 45, Кәкімов 89 – Юрин 4, Молдақараев 45, Ристович 72, Чертов 73, Волков 90+3
«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Михалев (Жаңғылышбай 75), Жалмұқан (Цвейба 83), Кәкімов (Азовский 90+2), Крюков, Смақов (к)
Қосалқы ойыншылар: Павлов, Жұмашев, Тотай, Тілешев, Жұмағали
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов (к), Еоне (Волков 64), Нганбе, Ристович (Қожамберді 82), Куксин, Чичулин, Юрин (Бөлешев 60), Хайруллин, Молдақараев
Қосалқы ойыншылар: Бабаханов, Алхазов, Төлеев, Жұмаханов, Богданов, Лебедев
Төрешілер: Антонов (Павлодар), Филоненко (Тараз), Тасыбаев (Павлодар)
1 мамыр. Ақтөбе. «Орталық» стадион. 6 500 көрермен
Финонченкоға ұқсас ел футболында тағы бір ардегер бар. Көп жылдар бойы “Ақтөбеде” еңбек еткен Самат Смақов өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Ал, жалпы айтқанда биылғы біріншілік басында ардагерлер дүркіреп тұр. Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Финонченко, Әлібек Бөлешев, Самат Смақов секілді ойыншылар командаларына дер кезінде көмек көрсетіп, мол тәжірибиелерін жастарға паш етуде. Ал, бұл кездесуде Марат Хайруллин мен Владимир Мұқановтардың “Ақтөбе” жанкүйерлерін ренжітуге дәті жетпеген секілді.
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |