Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
381
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
356
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
322
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
317
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
309
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

“Қайрат” алғашқы алтылықта

07 мая 2016, 10:20 | 1609
Тоғызыншы турда премьер-лига кішігірім өзгеріске ұшырауы мүмкін деп топшылаған болатынбыз. Алайда ойындар көрсеткендей, ештеңе де мұрты бұзылмай, сол күйі қала берді.

9-тур. 5-мамыр.

“Оқжетпес” – “Астана- 0:1 (0:0)

Гол: Деспотович 74

Ескерту: Еоне 66

“Оқжетпес”: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Волков (к), Нганбе (Ристович 78), Куксин, Богданов (Бөлешев 81), Хайруллин, Молдақараев, Қожамберді (Юрин 78)

Қосалқы құрам: Бабаханов, Алхазов, Төлеев, Лебедев, Зябко

“Астана”: Эрич, Аничич, Каньяс, Твумаси, Деспотович (Щеткин 90), Максимович, Аруна (Тағыберген 68), Бейсебеков (Гурман 46), Шомко, Нөсербаев (к), Логвиненко

Қосалқы құрам: Мокин, Постников, Абдурахими, Көлбеков, Мұжықов, Шайыхов

Төрешілер:  Кучин (Қарағанды), Полуэктов (Тараз), Шабанов (Алматы)

5 мамыр. Щучинск. «Жақсы» СК стадионы. 500 көрермен. 

Турдың орталық кездесуі шипажайдың стадионында өтті. Егер ПФЛК жобасы бойынша бұл матчты көрген адамдар болса, осы сөзімізге кәміл сенеді. Қазақстан чемпионатының қос лидерінің ойын өткізген жерін көрсеңіздер, ел футболының болашағынан түңіліп кетесіздер. Елге көрсеткенге ұят. Ғаламтор арқылы осы ойынды тамашалаған ресейлік журналистер мен футбол сүйер жанкүйерлер біраз жайды бетімізге басты. Алғашқы үштікте келе жатқан командаларыңның ойыны осындай болса, жетіскен екенсіңдер дегенге келтірді. “Оқжетпес” бапкері Владимир Муханов кездесуді әдейі “Астана-Аренада” өткізбеді. “Астана” өз алаңында жүргендей тайраңдап жүрмесін дегендегісі. Бірақ, бәрібір де одан ештеңе өзгере қоймады. Кездесу бойы шабуылдаған елордалықтар кездесудің 74-ші минутында Джордже Деспотовичтің дәл соққысымен алға шықты.

“Ақжайық” – “Ақтөбе” - 0:0

Ескертулер: Колуния 50, Говедарица 73, Шевцов 80 – Жаңғылышбай 85, Крюков 86

“Ақжайық”: Багаутдинов, Говедарица (к), Колуния, Ортиз, Хромцов (Валиуллин 76), Абдрахманов, Мальцев (Бегалин 65), Омаров, Сәрсекенов (Шевцов 61), Сергиенко, Шурыгин

Қосалқы құрам: Удалов, Антипов, Тапалов, Хаиров, Гридин

“Ақтөбе”: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Михалев (Цвейба 46), Жалмұқан (Жаңғылышбай 69), Кәкімов, Крюков, Смақов (к) (Тлешев 24)

Қосалқы құрам: Павлов, Азовский, Қайыров, Тотай

Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Сүйінов (Павлодар), Жақсылық (Қызылорда)

5 мамыр. Орал. «Ақжайық» стадионы. 3 000 көрермен. 

Оралдағы стадионның да сапасы сын көтермейтіні белгілі. Премьер-лигаға жаңадан шыққан “Ақжайықтың” жайын түсінуге болады. Инфроқұрылым дамымай, ешқандай команда дами алмайды. Бұл темір қағиданы түсінгендер елімізде аз. Өкінішке қарай. Тек алматылық “Қайрат” қана еуропалық мәнерде қызмет етуде. Материалдық базаны қалыптастырмай, жақсы деңгейдің футболшыларын шығара алмасын олар бірден ұқты. Ойынға тоқталып өтейін десек, аса қатты бір іліп аларлық ештеңе болған жоқ. Аракідік бірлі-жарым шабуылға ұқсас бірдеңелер. Жалпы ойын өте түсініксіз өтті. Қос команда қорғанысты мықтап ұстап, бір-біріне гол соғып алмайық деп жүргендей көрінді. Оралдықтар үшін бәрі тамаша. “Ақтөбемен” өткен ойында бір ұпай алып отыр.

“Ертіс” – “Тобыл” - 3:1 (1:1)

Голдар: Фаль 25 (1:0), Жұмасқалиев 44 (1:1), Мұртазаев 74 (2:1), Гогуа пенальтиден 76 (3:1)

Ескертулер: Малый 44, Йирсак 58 – Шимкович 29

“Ертіс”: Лория (к), Гогуа (Аяғанов 90+2), Йирсак, Керла, Джаллоу, Фернандес (Попов 88), Фаль, Есімов, Ахметов, Мұртазаев, Малый

Қосалқы құрам: Цирин, Фрейдгеймас, Сартаков, Әлиев, Киров, Воменко

“Тобол”: Логиновский, Деак, Кассай, Н’Диайе (Дудченко 57), Шимкович (Жулпа 81), Яворский, Главина, Жұмасқалиев (к), Мирошниченко, Мухутдинов, Хижниченко (Досмағамбетов 68)

Қосалқы құрам: Петухов, Аслан, Джалилов, Левин, Кургулин, Розыбакиев

Төрешілер: Абданбаев (Тараз), Тихонюк (Ақтөбе), Советханұлы (Семей)

5 мамыр. Павлодар. «Орталық» стадион. 7 500 көрермен. 

Ойын алдында “Ертіс” жеңіске жетеді дегенге букмекерлік кеңселер 1,36 коэффициент беріп тұрды. Бірақ, ойын басталуға санаулы сағат қалғанда бұл бәс 1,56-ға көбейе түсті. Қазақстандық букмекерлік кеңселер мұндай өзгерістерге барғанда кез-келген адам секем ұстайды. Келісілген ойындарды әбден көріп үйренген қазақстандық жанкүйерлерді де түсінуге болады. Алайда, керекуліктердің жеңісінің қиындай түскенінің себебі кейін анықталды. Букмекерлер “Ертіс” сапында алаңға Карлос Фонсека шықпайтынын естіпті. Португалиялық ойыншыда дисквалификация бар болатын. Кезінде Еуропаның әжептеуір ортаңқол командаларында ойнаған Джиби Фалльдің трансферлік құны 11 миллион ақш долларына дейін жеткен еді. Сол “қара маржан” кездесудің 25-ші минутында қазақстандағы алғашқы голын салды. Алайда, тайм түгеселер тұста “кәрі қасқыр” Нұрбол Жұмасқалиев есепті теңестіріп кетті. Биыл ардагерлеріміз шынында да жарқырап жүр. Екінші таймда Роман Мұртазаев чемпионаттағы 6-шы голын соғып, мергендер тізіміндегі алғашқы орнын нығырлай түсті. Жас шабуылшы Ұлттық құрамаға сұранып тұрғандай. Құрама бапкерлерінің құлағына “алтын сырға” болсын. “Ертістің” алға сүйреушісі Гогита Гогуа осы күндері еліміздегі мықты легионерлердің бірі екендігін дәлелдеп, есепті 3-1 қылды.   

“Тараз” – “Шахтер” - 1:2 (0:0)

Голдар: Скорых 71 (0:1), Финонченко 76 (0:2), Байтана 90+3 (1:2)

Ескертулер: Д.Евстигнеев 86 – Ермеков 51, Сзоке 56, Нұрыбеков 61

“Тараз”: Григоренко (к), Зенькович, Мане, Воротников, Баялиев (Данилюк 46), Әмірханов, Айтбаев, Д.Евстигнеев, В.Евстигнеев (Таубай 84), Сүлей (Байтана 75), Шахметов

Қосалқы құрам: Докич, Рымтаев, Қараман, Қарпық, Нұралы, Әбдінәби

“Шахтер”: Багинский, Уббинк (Ягуби 76), Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Нұрыбеков (Пикалкин 77), Ермеков, Финонченко (к) (Тарасов 85), Байжанов, Скорых

Қосалқы құрам: Ткачук, Габышев, Дубков, Васильев, Тәттібаев

Төрешілер: Ысқақов (Астана), Калачев (Атырау), Панин (Қостанай)

5 мамыр. Тараз. «Орталық» стадион. 4 200 көрермен. 

Ойында үш гол кірді. Екі ардагер Скорых пен Финонченко бір-бірден доп салды. Жауған жаңбырдың кесірінен футболшылар әдемі ойын көрсете алмады. Алайда Бауыржан Байтананың соңғы минуттағы голы әдемілігі жағынан көз сүріндіреді. Қайталап көре беретін гол болды. Тараз футболының таланты қайта-қайта алынған жарақаттардың кесірінен өз деңгейінде өнер көрсете алмай келеді. Әйтпесе, ортадағы ойынды ұстайтын жақсы деңгейдің футболшысы ғой.

“Атырау” – “Ордабасы” - 2:2 (1:1)

Голдар: Касалица 5 (0:1), Трытко 45+1 (1:1), Нәрзіқұлов автогол 51 (1:2), Трытко 86 (2:2)

Ескертулер: Коробкин 26, Қонысбаев 57 – Қожабаев 32

“Атырау”: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Ламанж, Аржанов (Шарпар 71), Куртеян, Трытко, Мулдаров (Сапаров 68), Кузьмин, Шабалин (Макась 58), Қонысбаев, Коробкин (к)

Қосалқы құрам: Жомартов, Эссаме, Балтаев, Чуреев, Эсатов, Маров

“Ордабасы”: Бекбаев, Диакате, Чатто, Касалица, Абдулин, Мухтаров, Нұрғалиев (к) (Бейсенов 87), Сүйімбаев, Төлебек (Тәжімбетов 66), Тұңғышбаев, Қожабаев (Симчевич 55)

Қосалқы құрам: Бойченко, Гейнрих, Трифунович, Адырбеков, Қайқыбасов, Ерланов

Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Гусев (Көкшетау), Козлов (Ақтау)

5 мамыр. Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 2 500 көрермен. 

Жаңбырдың кесірі осы ойынға көп тиді. “Атырау” өз алаңында осымен екінші мәрте жауын астында ойнауда. Жасыл алаңда “жалп-жалп” етіп, толарсақтан су кешкен аяқдопшылар күлкілі голдар соқты. Жанкүйер санасына кірмейтін голдар осы ойында бірінің артынан бірі қақпаға еніп жатты. Үш ұпай алып, жеңіске жетіп тұрған Байсейітов командасы соңғы минутта гол жіберіп алды. “Атырау” тең түскіш командаларыдың қатарында.

“Қайрат” – “Жетісу- 2:0 (1:0)

Голдар: Тұрысбек автогол 25, Тавамба 72

Ескертулер: Бакаев 82 – Тұрысбек 90+2

“Қайрат”: Плотников, Исаэль (Қуат 46), Гоу (Тавамба 62), Тимощук, Маркович, Аршавин (Дарабаев 76), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Рудосельский, Лунин.

Қосалқы құрам: Сидельников, Қуантаев, Дайыров, Райымбек, Вороговский

“Жетісу”: Пасеченко (к), Кадио, Клайн, Савич, Симоновски (Харун-Заде 46), Сағындықов (Мыңбаев 64), Әмірсейітов, Әділханов (Балғабаев 77), Шабаев, Тұрысбек, Калинин

Қосалқы құрам: Шабанов, Джалович, Азовский, Хасанов, Сейдахметов, Әділ

Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Богданов (Семей), Лабашов (Атырау)

5 мамыр. Алматы. «Орталық» стадион. 8 000 көрермен.

Тұрысбектің автоголынан кейін алматылықтар еркін қимылдады. Жерар Гоуды алмастырған Кахабер Цхададзе ойыншылар алмастыруы кезінде дәл қадам жасады. Гоудың орнына шыққан Тавамба гол соқты. Камерундық шабуылшы Қазақстан премьер-лигасындағы екінші голын соқты. Бұл жерде Исламбек Қуатқа Андрей Аршавин тамаша пас шығарғанын айта кетейік. Қақпаға дендеп енген Қуат Тавамбаға тамаша ысыра салды. Осы ойыннан кейін “Қайрат” алғашқы алтылыққа енді. Алматылықтардың алған беттері жаман емес. Осылай жүре берсе, жақын арада алғашқы үштікке енері анық. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх