Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
51
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
559
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
382
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
343
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
340
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

“Достастық Кубогында” Қазақстан медаль алатын кезге жетті

15 янв. 2016, 10:29 | 2177
Жаңа жылдың алғашқы айында қазақстандық футболсүйер қауымға қызықты болатын бір жарыс бар. Ол – “Достастық Кубогы”. Дәстүрге айналған жарыс биыл Ресей Федерациясының мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында өтеді. Қазақстан жастар құрама командасын бұл турнирге Серік Әбдуәлиев бастап апарады.

Өйткені, Қазақстан футбол федерациясы Саулюс Ширмялиспен келісімді одан әрі ұзартқан жоқ. Әдеттегідей Ширмялиске сенеміз бе деген сұрақ бұл жолы қойылмағанымен, ең бастысы бапкердің қалыптастырып кеткен командасы бар. Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі аяқ алыс та жаман емес еді. Енді оның ісін С.Әбдуәлиев жалғастырмақ. 

Жалпы, осы арада оқырманға бұрын-соңды бұл турнирде Қазақстан жастар құрамасы қалай өнер көрсеткенін еске сала кетсек.

Таланттар ашқан турнир

 “Достастық Кубогы” ел чемпиондарының емес, мемлекеттердің жастар ұлттық құрамалары арасында өтетін сайыс болып шешілді. Осыған орай біздің жастар құрамасын алғаш болып сербиялық маман Слободан Крчмаревич жасақтады. «А» тобына түскен отандастарымыз алғашқы ойынды жарыс қожайындарына қарсы өткізді. Ресейліктер 90 минутта тек бір ғана гол соғып, үш ұпайды еншілеп кетті. Одан кейінгі матчта Крчмаревич шікірттері Түркменстан құрамасын 3-1 есебімен жеңді. Матчтың 22-минутында есепті түрікмендер ашқанымен, екінші таймның ортасына тақаған сәтте Лисенков таблодағы көрсеткішті теңестірген. Одан кейін, Асхат Тағыбергеннің орнына алаңға шыққан Алексей Щеткин екі доп соғып, қоржынымызға үш ұпай салды. Айта кететін болсақ, Алексей сол ойынның үздік футболшысы атанды.

Осы ойыннан кейін өзіне деген сенімділігі артқан Слободан Крчмаревичтің командасы Эстонияны да дәл сондай есеппен жеңді. Бірақ, бұл ойында басымдылық толықтай біздің жігіттердің қолында болды. Матч бастала сала Хижниченко есепті ашса, бірінші тайм аяқталар тұста Щеткин есепті еселей түсті. Ал, үшінші гол Тағыбергеннің еншісінде.

Топта, екінші орын алған Қазақстан ширек финалда Беларусь құрамасымен кездесті. Бауыржан Жолшиев алғашқы боп есепті ашқанымен, қарсыластар үш бірдей гол соғып, еңсемізді түсіріп тастады. Матч соңында Евгений Горячий соққан екінші доп командаға да, жанкүйерлерге де үміт сыйлағанымен, таблодағы көрсеткішті теңестіруге уақыт жетіспеді.

5-8-ші орындарға жүргізілген талас бәсекесінде Қазақстан жастары литвалық құрдастарымен күш сынасты. Кездесу тағдыры ойын соңынан кейінгі пенальти сериясында шешілді. Сергей Хижниченко тепкен доп қақпашының қолына түсті. Жеңіліс тапқан отандастарымыз 7-ші орынға Молдова құрамасымен таласты. Бұл ойында да жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды. Осы жолы жігіттерге сәттілік жолдас болды. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы 2012-жылғы “Достастық Кубогында” 7-ші орынға табан тіреді. Ал, жалпы жарысты Ресей құрамасы жеңді.

Қазақстан құрамасының алғашқы матчтағы ойыншылар құрамы.

Россия — Қазақстан 1:0 (1:0)

Ресей: Зайцев, Ходырев, Бурнаш, Чичерин (к), Жестоков, Померко, Васильев, Махмудов (Байрамян, 46), Буданов (Делькин, 75), Заболотный (Войнов, 87), Кузьмичев (Бибилов, 64)

Қазақстан: Ткачук, Даутов (к), Қуат (Азаматов, 75), Тағыберген, Исламхан (Лёвин, 69), Хижниченко (Ахметов, 67), Прокопенко (Щеткин, 34), Бейсебеков, Горячий, Лисенков (Жолшиев, 63), Шомко (Күнов, 63)

Бір актердің театры

2013-жылы “Достастық Кубогына” Қазақстан құрамасын беларуссиялық маман Сергей Боровский жасақтап апарды. Ойыншылар құрамында қатарынан екінші мәрте бұл жарысқа келіп тұрған тәжірибиесі мол футболшылар болды.

Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер»), Станислав Павлов («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы»), Игорь Пикалкин («Шахтер»), Сергей Григорьев («Оқжетпес»), Саят Сариев («Жетісу»), Кирилл Пасичник («Актөбе»), Мақсат Әмірханов («Тараз»)

Жартылайқорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Әлібек Аяғанов («Ертіс»), Эльвин Аллаяров («Ертіс»), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Евгений Левин («Ордабасы»), Александр Ульшин («Оқжетпес»)

Шабуылшылар: Бауыржан Исламхан («Тараз»), Станислав Лунин («Шахтер»), Тимур Қалижанов («Ақтөбе»), Роман Мұртазаев («Шахтер»).

Алғашқы матчта қазақтар қырғыз бауырларымен ойнады. Ойын күнтізбесінің сәтті болғандығының арқасында отандастарымыз турнирді жеңіспен бастады. Бұл матчта Лунин, Исламхан, Мұртазаевтар бір-бір голдан соқты. Қазақстан жастары өздерінің сүйікті есебі 3-1-мен тағы да жеңіске жетті. «В» тобындағы екінші қарсыласымыз Өзбекстан құрамасы болды. Бұл ойын айрықша драматизммен есте қалды. Мінезді қарсылас 1-0 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде бізден жоғары орналасты. Іріктеудегі соңғы матчта жерлестеріміз жарыс қожайындарына қарсы шықты. Бұл матчта Бауыржан Исламхан өзін толықтай көрсете алды. Бірақ, алаң иелерінің екі шабуылының бірі голға айналып жатты. Есеп 7-3. Өз тобында үш ұпаймен 3-ші орында қалған Боровский командасы бәрібір плей-оффқа жолдама алды. Өйткені, біздің команда үшінші орын алған құрамалар ішінде ұпайы мен голдар айырмасы жағынан оқ бойы алда еді.

Ширек финалда жастарымыз тағы да Беларусь құрамасына тап болды. 2:1 есебімен жол берген соң, U-21 құрамамыз 5-8-ші орындар үшін өткен ойында Өзбекстан құрамасынан кеткен есені қайтарып алды. Есеп 3-2. Бұл матчта да ойынның үздігі болып Бауыржан Исламхан танылды. Жалпы, Боровский командасының ойын мәнері негізінен ортадағы осы ойыншыға қатты байланысты еді. Бір актердің театры деп те айтып қалғандар кездесіп жатты.

Ал, құрамамыз турнирде 5-ші орын үшін таласып, Молдовадан 1-0 есебімен жеңіліп қалды. 2012-жылы 7-ші орын алсақ, 2013-жылы 6-шы болдық.  Жалпы жарысты екінші жыл қатарынан Ресей құрамасы жеңіспен аяқтады.

 Ширмялистің шыңдауы

2014-жылы Қазақстан жастар құрамасының тізгінін литвалық маман Саулис Ширмялис ұстады. “Достастық» Кубогында” командамыз «С» тобына түсіп, Латвия, Беларусь және Мәскеу облысының командаларына қарсылас атанды. Алғашқы ойында отандастарымыз Беларусь құрамасына 4-1 есебімен ұтылды. Жалғыз голды тағы сол Бауыржан Исламхан соқты. Ол осы турнирге үшінші мәрте қатысқан ойыншылардың бірі. Екінші матчта Мәскеу облысының командасына отандастарымыз жауапсыз екі гол салды. Гол авторлары - Тоқтар Жаңғылышбай мен Роман Мұртазаев. Шабуыл өтінде тағы бір «Шахтер» ойыншысы Виталий Ли ойнағанын айта кету керек. Жалпы Ширмялис шабуыл шебін «Шахтер» ойыншыларынан жасақтады. Үшінші, ең маңызды, ойында Қазақстан Латвияны жеңуі тиіс болатын. Бірақ, есеп сол күйі ашылмады. Топта үшінші орын алған Қазақстан жастары 4-ұпаймен плей-оффқа жолдама алды. Ширек финалда турнир фавориті Ресей құрамасы 3:1 есебімен Ширмялис командасынан басым түсті. Дәстүрден таймай құрамамыз ендігі жарысты 5-8-ші орындар үшін таласта өткізді. Латвияға қарсылас атанып, оларды 3:1 есебімен жеңді. 5-ші орын үшін болған матчта Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербург жастар құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында да кезекті голын соққан Роман Мұртазаев жалпы 5-голмен турнирдің үздік бомбардирі атанды. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы 2014-жылғы “Достастық Кубогында” 5-ші орынды иеленді.

Ал, 2015 жылы Ширмялистің командасы топтан екінші орын алып шыққанымен, қайтадан Беларусь құрамасына жеңіліп қалды. 7-ші орын үшін өткен ойында Қазақстан Тәжікстанды 2:0 есебімен жеңді.

Биыл Қазақстан құрамасы жоғарғы орыннан көрінеді деп айтуға негіз бар. Себебі, жарысқа қатысушылар саны азайды. 8 команда мынадай екі топқа бөлінді:

«А» тобы: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова.

«В» тобы: Ресей, Латвия, Тәжікстан, Эстония.

Бұл жарысқа саяси себептермен Украина, Грузия, Әзірбайжан мен Армения құрама командалары қатыспай жүр. Сондықтан да, бұл жарыстың атауы да, форматы да келер жылы өзгеруі әбден ықтимал.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер prosportkz.kz, vesti.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх