Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
405
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
360
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
326
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
321
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
313
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

“Атырау” алыптар арасында

27 мая 2016, 15:16 | 1821
Қазақстан Кубогының ширек финалдық кездесулері өтті. “Ертіс”, “Астана”, “Қайрат” тізіміне “Атырау” да қосылып кетті. Олар өз алаңында “Ордабасыдан” пенальти сериясында басым болды.

«Жетісу» – «Қайрат» - 0:2 (0:2)

ГолдарЛунин 4, Джалович автогол 14

Ескертулер: Джалович 82

ЖетісуПасеченко (к), Кадио, Джалович, Клайн, Симоновски, Сағындықов, Әділханов, Мыңбаев (Шабаев 46), Калинин (Савич 55), Харун-Заде, Хасанов (Тұрысбек 20)

Қосалқы ойыншылар: Шабанов, Моисов, Әмірсейітов, Боровский, Балғабаев, Азовский

“ҚайратПлотников, Исаэль (Ли 81), Гоу, Маркович, Аршавин (Вороговский 75), Бакаев, Дарабаев, Исламхан (к) (Нұрмұхамет 88), Қуантаев, Рудосельский, Лунин

Қосалқы ойыншылар: Сидельников, Тавамба, Қуат, Мұсаев.

Төрешілер: Антонов (Павлодар), Орынбаев (Шымкент), Советханұлы (Семей)

25 мамыр. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 3 000 көрермен.

Қазақстан Кубогының жеті дүркін жеңімпазы “Қайрат” сырт алаңда “Жетісумен” кездесті. Бір матчтан тұратын ширек финалдық кездесулерде көптеген фаворитттер өздерін толық көрсете алмауы мүмкін. Алайда, алматылық ұжым өздерінің географиялық көршілеріне басымдылықты толық айқындатты. Матч басталысымен Станислав Лунин дәл соққымен есеп ашты. Қарағанды футболының түлегі Цхададзе командасында көп алаңға шығып жүрген футболшы емес. Екінші голды талдықорғандықтар өз-өздеріне салды. Сербиялық Марко Джалович аңдамай қимылдап, автогол авторы атанды. Ойынның екінші таймында осы есепті ұстап тұрған қонақтар қорғанысқа көшті. Ал, Кахабер Цхададзе жастарды алаңға шығарды. Ян Вороговский, Виталий Ли және Нұмұхамет секілді жастарға мүмкіндік берілді. Демек, грузиялық бапкер Еуропа лигасы жақындаған сайын ойыншылар тізімін кеңейтіп, алаңға шығатын жарамдылар қатарын көбейткісі келеді деген сөз. Себебі, Еурокубокта кімде-кім жарақат алып қалатын болса, онда осы аталған жастардың бірі біріншілік матчтарында алаңға шығып қалулары мүмкін.

«Қызыл-Жар» СК – «Астана» - 2:3 (0:1)

Голдар: Деспотович 33 (0:1), Деспотович 65 (0:2), Бурцев 69 (1:2), Тағыберген 73 (1:3), Ступич 80 (2:3)

Ескертулер: Хичри 90 - Шайыхов 63

«Кызыл-Жар СК»: Қалмықов, Соколенко, Сұлтанов, Аверченко (к) (Перцух 79), Аитов, Байжанов (Әлиев 61), Бурцев, Сапарғалиев, Хичри, Ступич, Струков (Мульдинов 75)

Қосалқы ойыншылар: Нестеренко, Закиров, Бегімбай, Гунченко, Пасичник, Волков

«Астана»: Мокин, Постников, Деспотович (Логвиненко 78), Абдурахими, Аруна, Бейсебеков (к), Гурман, Шайыхов (Аничич 90+4), Наджарян (Мұжықов 83), Щеткин, Тағыберген

Қосалқы ойыншылар: Эрич, Каньяс, Шомко, Жақыпбаев, Нөсербаев, Көлбеков

Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Павлов, Қошқаров (екеуі де – Алматы)

25 мамыр. Петропавловск. «Қарасай» стадионы. 9 000 көрермен. 

“Астана” бұл ойынға бей-жай қарады. Өйткені өздеріне толық сенімді болды. Қарсылас команда бірінші лиганың командасы. Ал, “Астана” ше? “Астана” ол – Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жүрген орташа Еуропалық ұжым. “Астана” тең ойнап жүрген “Атлетико” жақын арада клубтық деңгейдегі басты турнирдің финалында ойнамақ. Немқұрайлылық дей алмаспыз дегенмен, барлық мықтыларды Петропавлға апаруды дұрыс деп санамады, елордалықтыр. Бас бапкер Станимир Стойловтың бұл матчқа барған да жоқ. Көмекшісі Григорий Бабаянға толық сенетінін көрсетті. Жас маман бапкер сенімін ақтап шықты. Станимир айтқан Аруна мен Абдурахимиді ойнатты. Олар жақын арада басталатын әлгі Чемпиондар лигасында керек. Алайда, алғашқы екі голды негізгі құрам шабуылшысы Джордже Деспотович соқты. Оған бір пасты Аруна Лукман бергенін де айта кетейік. Киевтің “Динамосынан” ауысып келген бұл ойыншы жалпы осы 2-3 аптада өз формасын тауып, негізгі құрамға кіріп кетеді-ау. Максимович Сербия құрамасының жолдастық кездесулеріне кетсе, ортада бәлкім Аруна да ойнап қалар. Ал, негізі бұл жартылай қорғаушының орнына Асхат Тағыберген бар еді. Алаң иелері бір гол соққаннан кейін Асхат 27 метр жерден сол аяқпен соққы бағыттап, есепті 1:3 қылды. Одан кейін Владимир Фомичев шәкірттерінің тек бір ғана гол соғуға шамалары жетті. “Астана” әдеттегідей жартылай финалға тіке тартты.

“Оқжетпес” – “Ертіс” - 1:2 (0:1)

Голдар: Фонсека 41 (0:1), Чертов 49 (1:1), Фаль 73

Сәтсіз пенальти: Мұртазаев 6

Ескертулер: Ристович 27, Жұмаханов 45, Чертов 86 - Ахметов 69, Фаль 86, Цирин 90, Фонсека 90+3

«Оқжетпес»: Бабаханов, Чертов, Алхазов (Хайруллин 61), Нганбе, Ристович, Куксин, Мангуткин, Төлиев (Чижов 30), Жұмаханов, Юрин, Богданов (к) (Еоне 17)

Қосалқы ойыншылар: Стаменкович, Лебедев, Бөлешев, Қожамберді, Зябко

“Ертіс”Цирин, Йирсак, Фонсека, Керла, Джаллоу, Фернандес (Фаль 67), Әлиев (к), Есімов, Ахметов, Мұртазаев (Фредгеймас 90), Малый

Қосалқы ойыншылар: Лория, Сартаков, Кислицын, Аяғанов, Киров, Попов

Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Искаков (Қостанай), Калачев (Атырау)

25 мамыр. Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 000 көрермен.  

Бір біріне ойын мәнері бойынша ұқсас қос команда арасындағы тартыс орын алды. “Оқжетпес” те, “Ертіс” те жылдам-жылдам, әрі қысқа-қысқа пастармен ойын өрбітті. Сондай бір тамаша комбинация Карлуш Фонсеканың голымен аяқталды. Португалиялық легионерге бұл жерде тек допты бос қақпаға бағыттау ғана қалған болатын. “Астана-Арена” стадионына қайта оралған “Оқжетпес” өз ойынын бірден таба алмады. Оның үстіне бұл матчқа Владимир Мұқанов екінші құрам футболшыларын шығарды. Екінші тайм бастала салысымен қорғаушы Данил Чертов таразы басын теңестірді. Болгариялық бапкер Димитар Димитров болса негізгі ойыншылаын алаңда ұстады. Тек көп шыға бермейтін Фернандеске мүмкіндік берген. Ойын тәжірибиесінің аздығынан алаңда толық ашыла алмай жүрген Фернандесті Джибби Фаль алмастырды. Тісқаққан шабуылшыға гол соғу үшін бір ғана мүмкіндік жеткілікті болды. Оған берілген пастың өзі бір ғанибет. Отыз метрдей жерден шыр айналдырып допты әріптесіне қолмен бергендей қойып берген Карлуш Фонсека болатын. Фаль тек басты қоя салды. Ал, негізі “Ертістің” басымдылығы ойынның бастапқы минуттарында-ақ анықталып қоюшы еді. Әттең, Роман Мұртазаев пенальтиді жөнді тебе алмады. Ұлттық құрамаға шақырту алған шабуылшы стандарттық жағдайларды орындауға әлі дайын емес екен.

“Атырау” – “Ордабасы” - 1:1 (0:0), қосымша уақыт 0:0, пен. 4:1

Голдар: Аржанов 70 (1:0), Абдулин 90+1 (1:1)

Ескертулер: Балтаев 80, Эссаме 112 - Абдулин 72, Мұхтаров 112, Ирисметов 120

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Ламанж, Эссаме (к), Аржанов, Шарпар (Куртеян 56), Макась (Трытко 50), Балтаев, Кузьмин, Шабалин (Эсатов 82), Коробкин

Қосалқы ойыншылар: Жомартов, Нұрмұхаметов, Маров, Мулдаров, Қонысбаев, Сапаров

«Ордабасы»: Бойченко, Гейнрих (Әшірбеков 63), Симчевич, Юнузович (Тәжімбетов 74), Трифунович (Сүйімбаев 58), Абдулин, Бейсенов, Ирисметов, Мұхтаров (к), Төлебек, Қожабаев

Қосалқы ойыншылар: Бекбаев, Диакате, Адырбеков, Тұңғышбаев, Қайқыбасов, Ерланов

Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Дерцапф (Орал), Богданов (Семей)

25 мамыр. Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 5 500 көрермен.

“Атырау” алыптар арасынан табылды. Алыптар деген ол Қазақстан футболының үздік командалары. Алдымен “Қайрат”, кейіннен бұл тізімге “Ертіс”, сосын барып “Астана” ілінген. Соңғы болып жартылай финалға жолдама алған “Атырау” болды. Тура 25 мамыр оқушылардың оқу маусымын аяқтаған мерекелі күнінде “Атырау” командасы жергілікті жанкүйерлерге нағыз сый жасады. Матчтың 70-ші минутында Аржанов алыстан әдемі гол соқты. Тоғыздықты дәл көздеді. Ал, соңғы минуттарда алаң иелері болмашы жерден гол жіберіп алды. Айып алаңына асырылған пасқа ешкім бармаса да, қаңғалақтаған доп қақпа төрінде тулады. Ал, ойыннан кейін қосымша минутта шабуылға шығуға қорқақтаған қос команда, бар мәселені пенальти сериясында шешуді жөн санады. Алаң иелері қақпашы Жасұр Нәрзіқұловтың арқасында 4-1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх