Главное Маңызды
22 нояб. 2024, 16:42
121
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
142
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
375
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:
21 нояб. 2024, 17:17
407
Спортивный директор «Астаны» Игорь Павлюк рассказал о подготовке столичных к финальному матчу Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL.
21 нояб. 2024, 11:13
2095
Аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев высказал свое мнение по поводу финансирования «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz:

“ЛИТВА”

19 янв. 2016, 13:39 | 3204
Қазақ футболының тарихында мықты шабуылшылар жетіп артылады. Бірақ, олардың ішінде орны ерекше дараланатын бір ойыншы бар. Тараз футбол мектебінің түлегі, даңқты шабуылшы Олег Литвиненконың спорттық ғұмыры көптеген жастарға үлгі боларлықтай. Оның Ирак командасының қақпасына соққан голы көптеген жанкүйерлердің жадында екені анық. Осы орайда Литвиненконың футболдағы ғұмырына бір тоқталып өтсек.

“Литти-ураган”

Ол 1973 жылы 22 қараша күні дүние есігін ашты. Жамбылда футболға деген көңіл қатты бөлінетіндіктен Олег еш ойланбастан футбол үйірмесіне жазылды. Оның әкесі Федор футболға қызығып қарайтын адамдардың қатарынан болатын. Алайда, Олег небәрі 9 жасқа толғанда оның анасы өмірден озады. Араға бірнеше жыл салып әкесі екінші мәрте үйленеді. Осы кездегі ауыр жағдай Олегті одан сайын шыңдай түседі. Ол барлық назарды футболға салады. Бірақ, бірден жамбылдың “Химик” командасына алына салу қиын болады. 1990-1991-ші жылдары ол команда үшін 13 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанады. 1991-ші жылы еліміз Тәуелсіздік алмай тұрып ол Волгоградтың “Русь” деген командасына кетеді. Жас футболшының дарыны сонда ашылар ма деп күтті көптеген мамандар. Бірақ, Олег “Фосфор” деген атқа ие болған бұрынғы өзінің «Химигіне» қайта оралады.

Бұл тұста еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына бөлек чемпионат өткізді. Қазақстанның алғашқы біріншілігіне қатысқан Литвиненко 29 ойында 11 гол соғып, бірден көзге түседі. Сол жылы командасының кубоктың финалына шығуына септігін тигізді. Осы жетістіктен соң ол - Алматының “Динамо” командасына ауысты. 40 ойында 17 гол салады. Екі маусымнан соң алматылық ұжымның жағдайы нашарлаған соң туған жерді қайтадан бетке алады. Бұл аралықта “Фосфор” өз атауын “Тараз”деп өзгертіп алған болатын.  

Бұл Олегтің алғашқы жетістіктерге жете бастаған кезіне тұспа-тұс келді. “Тараз” жергілікті футболшылардың арқасында мықты деңгейге көтерілді. Кіл талантты футболшыларды бір ұжымға жинаған жамбылдықтар 1995-жылғы маусымда тамаша өнер көрсетті. Сол шақта Тараздың “Химик” деп аталатын орталық стадионына 20-23 мың жанкүйер келіп жүретін. 1994-1995 жылғы екі маусымда Литвиненко “Тараз” үшін 54 ойын ойнап, 29 гол соқты. Голдардың көп бөлігін ол 1994-ші жылы соқты. Сол маусымда ол 20 голмен үздік сұрмерген атанды. Келесі жылы команда екінші орын алып, чемпиондықты семейдің “Елімайына” беріп қойды.

“Елімайдың” сол шақта керемет дәурені жүріп тұрды. Қазақстан чемпионатын қатарынан ұтып, кубоктың де иегері атанып жүрді. 1996 жылғы маусымды Литвиненко “Елімай” сапында бастады. Бірақ ол жылы Олегтің туған командасы “Тараз” чемпион атанды.

1998-жылға дейін Олег “Елімайда” шабуыл шебінің үздігі атанды. Әрбір екі қауіпті шабуылдың біреуін голға айналдыратын. Осы кезде ол Ұлттық құрама сапына да тұрақты алынды. “Атланта” олимпиада додасының іріктеу турнирінде ол олимпиадалық құраманың қатарында Азия құрлығындағы жарыста 10 ойын өткізіп, 9 доп соғады. Сонда Литвиненко жайлы азиялық журналистер “Литти-ураган” деп жазған болатын.

Барлығы тамаша болып келе жатты. Қазақстандағы көптеген қорғаушылар Олегтен зәре құты қашатын. Тамаша дриблинг, үлкен жылдамдық, алаңды көре білу және де қақпа алдындағы сезімталдылық Литвиненконың бағын ашты. Алайда 1999-шы жылы “Елімай” басшылары құжаттардан қателік жіберіп алады да, АФК оны бір жылға футболдан шеттетіп тастайды. Бір жылдан кейін Олег үлкен футболға қайта оралды. Алматылық “Қайрат” сапына ауысқан ол бір жыл бойы футболдан тыс жүрген адам секілді көрінген жоқ. Қайта голға деген ашкөздікпен одан әрі голдар соға бастады. Ұлттық құрамаға да қайта алынды. Осы аралықта оған кипрдің “Эрмис” деген командасы қызығып, өз сапына шақырды. Алайда, онда “Литва” (оны достарының барлығы фамилиясын қысқартып осылай атайтын) еуропалық футболға бейімделе алмады. 9 ойынға қатысқанымен, қарсылас қақпасына гол соғу мүмкін болмады.

Сыйлық

Одан кейін Олег қайтадан отанға оралып, “Елімайға” қосылды. Ел ішінде ол көптеген командаларда ойнады. Қайда бармаса да, ол ұжымның жаны еді. Ол жүрген жерде үнемі күлкі-қалжың, тамаша көңіл-күй болатын. Литвиненкомен бірге ойнаған Роман Вороговский бірде Олег жайлы мынандай қызық әңгіме айтқан: “Олег жастайынан аңғалдау өскен адам болған. Оны алдау оңай болатын. Бірде Тәжікстанға ойынға бардық. Сонда Серік Жейлітбаев оның сөмкесіне әдемі оралған сыйлық салып қойыпты. Олег ойында ештеңе жоқ, әуежайдан өтіп бара жатқанда, сөмкесі шырылдап, кеден қызметкерлері оның сөмкесін бұлқан талқанын шығарып, шашып тастайды. Сөйтсе, әлгі “сыйлық” қарапайым күйдірілген қызыл кірпіш болып шықты. Бұл жағдайды түсінбеген тәжікстандық кеденшілер Олегті сумкасымен қосып бөлек тексеру бөлмесіне алып кетті. Не керек, содан жарты сағаттан соң Олегті зорға жіберген. Содан кейін Олег Серікке әбден шүйлігіп жүрді. Ең қызығы, ауыр кірпішті байқамай Олегтің қаншама уақыт көтеріп жүргенін айтсаңызшы. Күші тасып, энергиясы бойына сыймай жүруші еді”.

Тағдыр

2001 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу сынына қатысты. Өз алаңымызда Иракты қабылдадық. Бұл бір Қазақстан үшін ескі жау болып кеткен команда болатын. Алматының “Орталық” стадионына жиналған 25 мың жанкүйер ойынның 30-шы минутында түрегеп қол соқты. Өйткені, Олег Литвиненко әдемілігі жағынан керемет гол соққан болатын. Тоғыздыққа шиіре тартқан “Литваның” бұл голы әлі күнге дейін жанкүйерлер жадында. Қазақ футболының тарихындағы “Алтын голдардың” алды болатыны сөзсіз. Жалпы, Олег құрама үшін 28 ойын өткізіп, 6 голдың авторы атанған.

Кейінгі жылдары, бұрынғыдай жылдамдық жоқ болып, Олег ойын барысында шаршап қалып жатты. Жасы да 30-дан асқалы бері алаңдағы ойыны тек тәжірибие мен ғаламат түйсіктің арқасында ғана жүретін. Ол артық салмақ жинап, тіпті ішімдікті де ұрттап жүрді. Осы аралықта тағы бір оқиға ойға оралады. “Елімай” дүркіреген кезде шабуыл өтінде Олегпен бірге жарқылдаған Андрей Мирошниченко екеуі жақсы араласқан. Екеуінің басы қосылса “жынды судан” сілтейтін болған. Кейіндері Мирошниченко Ақтөбеге кеткен. “Актюбинец” пен “Елімай” кездесіп, қос ойыншы қайта кездеседі. Ойын алдында бір күн бұрын екеуі түнімен “ахаңнан” сілтесе керек, ертесіне Олег ойынның 60-шы минуттарына қарай бір-ақ келіпті. Ұйқыдан оянып, асығыс жеткені сол екен, команда 1:0 жеңіліп жатыпты. Маусымның соңына қарай “Елімайға” ұпай ауадай қажет болып жатқан шақ. Сол ойында Олег алаңға шыға салысымен 2 гол соғып, семейліктерге жеңіс сыйлаған екен.

Сол ішімдік Олегті біраз шаршатқанға ұқсайды. Әкесінің де, Тараздағы көптеген достарының да айтқаны осыған саяды. Өмірінің соңында ол Тараз қаласының сыртындағы зиратханаға барып, өз-өзіне қол жұмсайды. Өмірін бұлайша аяқтауы әрине де, сол күйі жұмбақ болып қала берді. 34 жасқа келер шағында ол өмірден озды. Олег арамызда болмағанымен, оның іс-әрекеттері, соққан голдары барлығы да қазақстандық жанкүйерлердің жадында мәңгі қалатыны анық.   

Ермұхамед Мәулен

суреттер kff.kz, vesti.kz, karavan.kz, kaz-football.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх