Главное Маңызды
27 нояб. 2024, 23:34
131
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян на пресс-конференции ответил на вопросы журналистов перед матчем четвертого тура общего этапа Лиги Конференций против «Витория Гимарайнш» (Португалия), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 19:38
164
Наставник «Витория Гимарайнш» Руй Боржес оценил уровень «Астаны» перед матчем четвертого тура основного этапа Лиги Конференций, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «A Bola»:
27 нояб. 2024, 18:08
204
Главный тренер МФК «Семей» Дави Мендонса рассказал об уровне готовности команды в преддверии матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Пальмы» (Испания), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 10:25
326
Наставник АФК «Кайрат» Марлон Веласко поделился ожиданиями от первого матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Этуаля», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
26 нояб. 2024, 16:55
924
Петропавловский «Кызылжар» имеет долги по налогам за предыдущие годы. Также, следователи обнаружили факты хищения бюджета, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Гол Емес».

Қазақ футболынан қақпашылар қашан шығады?

01 июн. 2016, 11:30 | 3181
Қазақ футболында соңғы жылдардың бедерінде бір мәселе менмұндалап, айқындалып тұр. Ол – қақпашылар позициясы. Ел футболының тарихында талай даңқты қақпашылар болды десек, артық болар. Біз білетін тек Құралбек Ордабаев қана. Ал, сол кісіден кейін дені-дұрыс қақпашылар шықты ма? Тәуелсіз Қазақстан тарихында болған мықты қақпашыларымызды тізе отырсақ, бір қолдың саусағымен ғана санауға келерлік екен.

Ең алдымен ойға оралатын қақпашы – Юрий Новиков. Павлодар қаласының тумасы өзінің алғашқы ойынын сонау Кеңес үкіметінің чемпионатында ойнаған. Ол бір өте қызық оқиға болған. Ойынның соңғы отыз секунды қалғанда алаңға алмасып кірген. Қақпаға келіп енді ойынға араласа бергені сол еді, төреші ақтық ысқырық шалған. Ал, жалпы тәжірибиесі толысқан қақпашы “Ертіс” сапында тамаша маусымдар өткізді. 2000-жылдардың басында Ұлттық құрама сапында негізгі қақпашыға айналды. Оның Азия құрлығындағы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарында көрсеткен өнері көптеген қазақ жанкүйерлерінің жадында. Әсіресе, Қазақстан құрамасының Иракқа қарсы өткізген ойындарында Новиков пенальти қайтарып, ерлігімен көзге түсті. Алайда, төреші Юрийді ысқырықтан ерте қимылдап қойды деп 11-метрлікті қайта тепкізді. Одан кейін де Новиков “Ертіс” қақпашысы ретінде Азиядағы чемпиондар кубогында сәтті өнер көрсетті. Онда да ол пеналти қайтаруымен есте қалды. Ал, Ұлттық құрама командамыздың Еуропаға ауысқаннан кейінгі матчтарында Новиков талай қақпаны голдан аман алып қалып жатты. Мінекей, Юрий Новиковтың Қазақстан футболындағы қақпашылық қызметтегі абыройы осылай еді. Ресейлік кейбір ақпарат көздері кезінде Новиковты Роман Абрамович сатып алған “Челси” сапына ауысуы мүмкін деп те ақпарат таратқан. 

Новиковке дейін Ұлттық құрама қақпасы үнемі Олег Воскобойниковтың иелігінде болған еді. Ол да өз кезегінде абыроймен қызмет етті. Чемпионатта үздік ойыншы, үздік қақпашы атақтарына қол жеткізді. Осы күні аталған қос қақпашымыз қақпашылар бапкері болып “Тобыл” (Юрий Новиков) мен “Қайрат” (Олег Восокбойников) сапында қызмет етіп жүр.

Ал, осы арада еліміздің атын танытқан тағы бір қақпашыға тоқталып өтсек. Давид Лория Австралияда оқып, кейіннен Қазақстан футболына ерте жасынан араласа кетті. Владимир Фомичев баптаған Қазақстан жастар құрамасының сапында ол Әлем чемпионатына қатысты. Оған дейін ол Олимпиядалық құрамада болып, Азия құрлығында өткен іріктеу матчтарында керемет өнер көрсетті. Тіпті, сол кезде Лория Азия құрлығында айдың “Үздік қақпашысы” деген атақты да жеңіп жатты. Давидтың спорттық ғұмырындағы керемет ойындардың бірі Қазақстанның 1999-жылы Нигерияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатындағы Аргентинаға қарсы болған кездесуі. Сол матчта Эстебан Камбьяссо соққан жалғыз гол “албиселестаға” жеңіс сыйлады. Көзкөргендердің айтуынша сол ойында Лория қақпаға қарай ұшқан-кеткеннің барлығын қайтарыпты. “Давид болмағанда ол ойынның есебі тіпті ірі болатын еді” - дейді сол кезде құрамада болған Ерлан Оразаев. Давид одан кейін Түркия чемпионатында жүрді. Онда да ол ел футболын жақсы жағынан таныстырды. Бұл күнде Давид Ұлттық құрама сапында нөмірі бірінші қақпашы емес. Алайда, “Ертіс” сапындағы сауатты қимылдарымен бапкерлер назарына түсіп жүр. Дегенмен, Давидтың жасы да біршамаға келді. Оған көп сенім артатын жағдайда емеспіз.

Қазақта “ит жоқта шошқа үреді” деген мақал бар. Сол секілді кейбір жылдары Ұлттық құрамаға жақсы қақпашылар жетіспей, ресейден келген келімсектер қақпамызды қорғады. Андрей Морев, Андрей Сидельников секілді жігіттерге қазақстаннан Сергей Бойченко қосылды. Олардың жіберген қателіктерінен талай қазақ футболы жанкүйерлерінің көз жасы төгілді. “Соңғы минуттардың синдромы” деген тақырыптағы талай қақпамызға енген гол осы аты аталған қақпашылардың кесірінен кірген еді.

Шамамен он жылдай уақыт бойы қақпашыға жарымай келдік. Арасында Александр Мокиннің “Шахтер” сапындағы ойынын тамашалап, бір қуанып едік. Алайда Мокиннің де құрамадағы өнері көңіл көншітпеді.

Әйтеуір, соңғы жылдары ел футболына жаңадан есімдер келіп, соның арасында талантты қақпашы Стас Покатилов болды. “Ақтөбенің” негізгі қақпашысы атағын алған Покатилов осы күні “Ростов” командасының құрамында Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Әрине, қосалқы қақпашы ретінде. ЕURO-2016 додасының іріктеу ойындарына қатысты. Тәжірибие жинақтап, толысып келеді. Бірақ, біз бір Покатиловқа қарап отыруымыз дұрыс па? Жалпы, соңғы жылдары елімізде қақпашылар неге аздап шығып жүр? Осы мәселеге неге бас ауыртпаймыз. Аталған қақпашылар ішінен қазақ жігіттері неге көріне алмауда?

Құралбек ағаның ізін жалғайтын Алмат Бекбаев, Самат Отарбаевтан өзге Премьер-лига клубтарында қазақ қақпашылары жоқ. Кезінде Ұлттық құрама мен “Тараз” сапында жарқылдаған Нәкен Қырықбаев осы күні арамызда жоқ. Ресейдегі Руслан Нигматуллиннің қақпашылар даярлайтын мектебіндей елімізде неге оқу орны жоқ? Қайсібір жылдары Құралбек Ордабаевтың қақпашылар мектебі ашылады делінген еді. Бұл жоба демеушісіз, жабулы қазан ретінде қалып кетті-ау.

Елімізде жастар футболын қолға алған құрылымдар осы мәселені жақсылап қолға алмаса, клубтарымыздың қақпашылары түгелге дерлік легионерлер болмақ. Сырттан легионер қақпашы шақыртқанымыз ешбір қисынға сыймайтын шаруа ғой. Бұлай жалғаса берсе құрамамызды түбі Ненад Эрич, Саша Стаменкович, Душан Докич, Александр Григоренко секілді сырттандар қорғап жүрер. Бүкіл елдің қақпасын сырттан келген келімсекке сеніп тапсыру логикаға сыйыңқырамайтын дүние екенін мойындайықшы. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх