Главное Маңызды
27 нояб. 2024, 23:34
133
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян на пресс-конференции ответил на вопросы журналистов перед матчем четвертого тура общего этапа Лиги Конференций против «Витория Гимарайнш» (Португалия), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 19:38
164
Наставник «Витория Гимарайнш» Руй Боржес оценил уровень «Астаны» перед матчем четвертого тура основного этапа Лиги Конференций, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «A Bola»:
27 нояб. 2024, 18:08
205
Главный тренер МФК «Семей» Дави Мендонса рассказал об уровне готовности команды в преддверии матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Пальмы» (Испания), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 10:25
327
Наставник АФК «Кайрат» Марлон Веласко поделился ожиданиями от первого матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Этуаля», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
26 нояб. 2024, 16:55
925
Петропавловский «Кызылжар» имеет долги по налогам за предыдущие годы. Также, следователи обнаружили факты хищения бюджета, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Гол Емес».

Голдар мерекесі

03 июн. 2016, 14:30 | 1688
Қазақстан Премьер-лигасының 14-ші тур ойындары нағыз голдар мерекесіне ұласты. Тек бір ғана матчта мүлде қақпаға доп соғылмады.

“Оқжетпес” – “Ақжайық” – 4:2

Голдар: Антипов 7 (0:1), Нганбе 10 (1:1), Ристович 35 (2:1), Хайруллин 44 (3:1), Нганбе 51 (4:1), Бегалин 81 (4:2)

Алғашқы матч “Астана-Арена” стадионында өтті. Көкшетаулық “Оқжетпес” үйреншікті стадионында “Ақжайықты” қабылдады. Бұл матчта алты гол соғылады дегенге матч басында ешкім сенбеген болатын. Алайда, кездесудің небәрі 8-ші минутында Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Антипов есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Бірақ, алаң иелері тез арада таразы басын теңестірді. Серж Бандо екі ойыншыдан әдемі сытылып өтіп, алыс бұрышқа допты бағыттай салды. Ал, одан кейін айып добынан соғылған Ристо Ристовичтің голы осы турдағы ең әдемі гол деген атаққа ие болуы мүмкін. Әшейінде Марат Хайруллин тебетін жағдайдан, сербиялық ойыншы қолмен қойғандай әдемі гол соқты. Демек, стандарттық жағдайларды орындау мәселесінде көкшетаулықтарда бәсекелестік пайда болды деген сөз. Владимир Муханов бәсекелестік дегенді өте жақсы көреді. Бірінші тайм соңында Марат Хайруллин бір гол соғып, матч жеңімпазын анықтағандай болды. Себебі, “Ақжайықтың” арты-артынан екі гол соғуы неғайбыл дүние еді. Екінші таймда Серж Бандо тағы бір гол соғып, кездесу нүктесін қойды. Есеп 4:2.  

“Тараз” “Астана” – 0:2

Голдар: Деспотович 88, Мужиков 90

“Тараз” өз алаңында жақсы ойнайтын командалар қатарынан болушы еді. Тек биыл олай емес. Өз алаңында алған ұпайы көңіл көншітпейді. Жаңадан келген бапкер Юрий Максимов сырттағы екі ойыннан екі ұпай алып келген. Бірақ, өз алаңында мықты қарсыласқа тап болды. Бұл матчта Мирослав Беранек баптаған Қазақстан Ұлттық құрамасы еске түсіп кетті. Матч бойы қарымта шабуылдардан өткір қимылдап, 89-шы минуттан кейін екі доп жіберіп алды. Команда ойыншылары физикалық тұрғыдан қарсыласқа қарағанда әлсіз екендігі осыдан байқалды. Ал, “Астана” күн сайын өзінің шеберлігін, деңгейін осылайша дәлелдеп келеді. Бұл команда Қазақстан футболындағы нағыз лидер ұжымға айналып отыр. Болгариялық бапкер Станимир Стойлов не қолы жүргіш, не тактикалық өте сауатты маман. Кейде, осы екеуі үнемі қатар жүре ме деп те қаламыз. Деспотович пен Мужиковтың голдары санаулы минуттың ішінде ғана кездесу тағдырын шешіп кетті. Жамбылдық жанкүйерлердің іші күйетіндей жағдай, шынында да.

“Жетісу” “Ақтөбе” – 1:1

Голдар: Цвейба 70 (0:1), Әмірсеитов 73 (1:1)

Алтылықтардың қиылысы деген тақырыппен өткен бұл матч тең аяқталды. “Ақтөбе” алғашқы алтылықтың соңғы командасы болса, “Жетісу” екінші алтылықтың мықтысы болып тұрған жайы бар. Екеуі тура қазір 6 және 7-ші орындарда тұр. Араларын бөліп тұрған небәрі төрт ұпай. Ол төрт ұпайдың аралығы қорғаныс мәселесінде деп ойлаймыз. Себебі, қос команда бірдей 15 голдан салған. Ал, жіберген голдары тең емес. “Ақтөбе” - 16, “Жетісу” - 21 доп жіберген. Демек, салыстырмалы тұрғыда қорғанысы сәл нашарлау деген сөз. Әйтпесе, екі команда анық деңгейлес. Ойынның бірінші таймында айта кетерлік аса қатты қауіпті жағдай орын алмады. Бұрын “Жетісудың” директоры болған Дмитрий Васильев осы күндері “Ақтөбеде” дәл сондай қызметте. Кейбір ақпарат көздерінде бұл мәселе айтылып, жазылды да. Алайда, ойын барысында төреші тарапынан да, талдықорғандық футболшылар жағынан да аса ешқандай күмәнді дүние орын алмады. Цвейба соққан голға, жабыла жүріп бір доппен жауап қатты. Ойын осылайша, тең аяқталып, достық жеңіске жетті. Таза классикалық тең ойын.

“Тобыл” “Ордабасы” – 1:0

Гол: Хижниченко 58

Омари Тетрадзенің “Тобыл” тізгінін ұстасымен алған алғашқы жеңісі. Осы футболда бар не құдірет?! Жаңадан бапкер келсе, команда жақсы ойнап кететін. “Ордабасы” да осал ұжым емес. Оны өз алаңыңда жеңу премьер-лигадағы көп команда үшін абырой саналады. “Тобыл” жаңа бапкердің алдында түлеп сала берді. Алғашқы таймда анық екі гол салатын мүмкіндік болды. Бірі қақпа бағанынан кейін серпілсе, бірінде Хижниченко бетпе-бет шығып, қақпашыдан допты асыра алмады. Ал, екінші таймда бір ғана пас тағдырды шешті. Ортадан қапталға, қапталдан айып алаңына, сонымен Хижниченко кезекті голын салды. Ұлттық құраманың шабуылшысы Қытайға сапар шеккелі отырғанда осылай бір желпінді. Бахтияр Байсейітовтің командасы болса күн санап артқа шегінуде. Алғашқы алтылықта ілініп тұру да қиындап барады. Оның үстіне жақын арада Еуропа лигасы басталмақ. Не істемек керек? Ұпайдан шашау шығара берсе Байсейітовтың креслосы да шатқаяқтап қалуы мүмкін. Баспасөз мәслихатында қазақша сөйлейтін жалғыз бапкеріміз орнынан кетсе, журналистер қауымына қиын болмақ. Себебі, Бахтияр мырзаның әр ойын сайын өзінің қанатты сөздерімен баспасөз бетінде “жарқ” етіп тұратын әдеті бар.

“Ертіс” “Шахтер” – 0:0

Керекулік “Ертіске” көз тиді ме, әлде сөз өтті ме белгісіз. Әйтеуір команда соңғы кездері сүріншектеп жүр. Футболдың жазылмаған заңы бойынша олар осы турда үш ұпай алулары керек еді. Сегіз гол соққан серке Роман Мұртазаев бұл ойында мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Бағы жанбады. Ол да құрамаға алынып, өзінің дебютін бастан өткеруге шақ жүр. Бірақ, сол аспан асты еліне сапар шекпес бұрын чемпионатта сүреңсіз ойнағаны қиын болды. Димитар Димитров оны тіпті матч соңына дейін жүргізбеді де. Орнына Гетериевті шығарып жіберді. Ал, Қазбектің премьер-лига командасында ойнайтын түк деңгейі қалмағанын осы матч көрсетіп берді. Не екені түсініксіз Гетериев ішкі чемпионатымызға жабысты да қалды. Шамасы, бұл ойыншының арқасында зор тіреуі бар секілді?

“Қайрат” “Атырау” – 5:2

Голдар: Аржанов 17 (0:1), Исламхан 22 (1:1), Исаэль 28 (2:1), Аршавин 45+1 (3:1), Исламхан 65 (4:1), Гоу 85 (5:1), Куртеян 87 (5:2)

Ойынның 17-ші минутында Аржанов гол соқты. Ал, ойынның ар жағы атыраулықтар үшін өте аянышты аяқталды. Исламхан мен Исаэльдің егіз голы Цхададзенің көңілін орнына түсірді. Ал, анасының алдында Аршавин де гол соғып, бір желпінді. Екінші таймда Исламхан мен Гоу бір-бірден гол салып, есепті тіпті күрделендіріп тастады. Молдовалық Куртеян атыраулықтардың жеңілісін сәл жеңілдетті демесеңіз, оның голынан түк маңыздылық қалмаған еді.

Ал, жалпы алты ойында 18 гол салынды. Биылғы біріншіліктегі бұл да бір кішігірім рекорд. Жалпы шығар қорытынды, әр тур сайын біріншілігіміз қыза түсуде.

Ермұхамед МӘУЛЕН

    

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх