Главное Маңызды
27 нояб. 2024, 23:34
129
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян на пресс-конференции ответил на вопросы журналистов перед матчем четвертого тура общего этапа Лиги Конференций против «Витория Гимарайнш» (Португалия), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 19:38
162
Наставник «Витория Гимарайнш» Руй Боржес оценил уровень «Астаны» перед матчем четвертого тура основного этапа Лиги Конференций, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «A Bola»:
27 нояб. 2024, 18:08
203
Главный тренер МФК «Семей» Дави Мендонса рассказал об уровне готовности команды в преддверии матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Пальмы» (Испания), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 10:25
325
Наставник АФК «Кайрат» Марлон Веласко поделился ожиданиями от первого матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Этуаля», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
26 нояб. 2024, 16:55
923
Петропавловский «Кызылжар» имеет долги по налогам за предыдущие годы. Также, следователи обнаружили факты хищения бюджета, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Гол Емес».

Тағы бір сын алдында...

05 июн. 2016, 07:20 | 1829
​Қазақстан Ұлттық құрамасы 7-ші маусым күні Қытайдың Далянь қаласында аспан асты елінің құрама командасымен жолдастық кездесу өткізгелі отыр. Осыған байланысты еліміздің бас командасы Талғардағы базаға жиналып, көршілес елге аттанып кетті.

Жылдың басынан бері құрама команда түрлі мәселелерге тап болуда. Алдымен бапкер мәселесі. Шет елден түрлі бапкерлер Астанаға келіссөзге келіп-кетіп жатты. Бірақ, біреуі де қызметті жүрексініп ала қоймады. Қазақстан футболы шет елдік мамандарға қалайша қорқыныш тудыртуда, оны әзірге біле алмадық. Соның салдарынан құраманы жаттықтыруға қазақстандық мамандар кірісті. Нұркен Мәзбаев пен Талғат Байсуфинов жігіттерді жасақтап, Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Онда команда Әзірбайжан командасын 1:0 есебімен жеңді. Одан кейін Грузия астанасы Тбилисиге жол тартты. Борис Пайчадзе атындағы стадионда болған кездесуде отандастарымыз 1:1 есебімен тең түсті. Міне, қос матчтың нәтижесінде біз төрт ұпай жинап, бапкерлерді орнында қалдыратын болып шештік. Дегенмен, астыртын түрде Футбол Федерациясы тағы да жаңадан бапкерлер іздестіруін жалғастыра берді. Енді мінекей, араға үш ай салып, команда тағы бір жолдастық кездесуге аттанды. Бұл жолғы қарсыласымыз – Қытай.

Бапкерлер тарапы көктемгі шақырылымда болған футболшылардың түгелге дерлік деңгейлеріне риза болысқан. Қазақстандағы ең мықты орындаушылар таңдалынып алынды деп мәлімдеді. Тек шабуылшы қажет екенін байқадық. Байсуфинов-Мәзбаев жұбы осы орайда чемпионатта сегіз гол соғып үлгерген "Ертістің" шабуылшысы Роман Мұртазаевты құрамаға шақырып отыр. Бұл командадағы басты жаңалық. Қытайға қарсы ойында Роман алаңға шығып қалуы әбден ықтимал.

Одан кейінгі мәселелер сәл күрделі болып тұр. Бапкерлер де үнсіздік танытуда. "Қайрат" футбол клубы өзінің ойыншыларын құрамаға жіберуден бас тартты. Олар қақпашы Владимир Плотников, қорғаушы Ермек Қуантаев, жартылай қорғаушылар Исламбек Қуат және Бауыржан Исламхан. Осы төрт ойыншы құрама сапында Қытайға бармай қалды. Әсіресе, аталған қос жартылай қорғаушының жоқтығы қатты әсер етері сөзсіз. Қазақстан Футбол Федерациясы мен "Қайрат" футбол клубының арасындағы қақтығыс осылайша күллі құрамаға кері әсерін тигізіп отыр. Болашақта енді мұндай жағдайлар қайталана берсе, құрамамыз ресми матчтарға негізгі ойыншыларын жинай алмай қалмай ма деген қорқыныш та туындайды.

Әрине, біз бұл шикілікке аса қатты араласқымыз келмейді. Бірақ, бұл жерде тек Ұлттық құрама команда зардап шегетінін мойындауымыз керек. Осы жақында ғана шыққан ФИФА-ның рейтингісінде Қазақстан 112-ші орынға көтерілген еді. Енді Қытаймен өтетін ойында ұпай ала алмасақ, қайтадан құлдилап кетуіміз ғажап емес.   

Сонымен қатар, құрамаға шақыртылған ойыншылар тізімінде болған бір қорғаушымыз жарақатына байланысты ойынға қатыса алмайтын болды. Абзал Бейсебеков жайлы мұндай ақпаратты "Астана" командасының ресми сайты растап отыр.

Осы арада айта кететін тағы бір жәйт. Қазақстан құрамасы Қытаймен бұрын тура осы Дальян қаласында жолдастық кездесу өткізген екен. Бұл осыдан 19 жыл бұрын 2 қыркүйек күні өткен. Бір қызығы дәл сол матчта қазіргі құрамамыздың бапкері Нүркен Мәзбаев алаңда 90 минут өткізіпті. Алайда, Серік Бердалиннің шәкірттері алғашқы таймда үш гол жіберіп, жеңіліске ұшыраған болатын. 

Жолдастық кездесу - 02.09.1997

ҚЫТАЙ - ҚАЗАҚСТАН - 3:0 (3:0).

Голдар: Фань Чжии, 17 (1:0), Ли Цзинью, 22 (2:0), Ли Бин, 40 (3:0)

ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников (Ишутин, 46), Сәдуов (Литвиненко, 46), Спарышев, Осипов, Коноваленко, Суродеев (Қадырқұлов, 46), Еңсебаев (Ниязымбетов, 46), Фамильцев (Гумар, 46, Евтеев, 80), Клишин (Балтиев, 46), Мәзбаев, Логинов (Мирошниченко, 60).

Бас бапкер - Серік Бердалин

Далянь. "Jinzhou Stadium" стадионы.

Араға он жыл салып голландиялық маман Арно Пайперс басқарған құрамамыз Қытай елімен тағы бір жолдастық кездесу өткізді. Мұрат Сүймағамбетов есеп ашып, елге үміт сыйлаған болатын. Бірақ жігіттер екі доп жіберіп, тағы да жеңілістің ащы дәмін таттық. Қазіргі құрамда сол ойында ойнаған қос ойыншы бар. Олар - Давид Лория және Самат Смаков.

Жолдастық кездесу - 07.02.2007

ҚЫТАЙ - ҚАЗАҚСТАН - 2:1 (1:1).

Голдар: Сүймағамбетов, 15 (0:1), Хань Пэн, 29 (1:1), Ли Цзиньюй, 50 (2:1)

ҚАЗАҚСТАН: Лория, Смаков, Кучма (Күмісбеков), Жалмағамбетов, Е.Азовский, Жұмасқалиев, Чичулин (Көкеев), Камелов, Сергиенко (Ларин), Балтиев, Сүймағамбетов (Бяков). 

Бас бапкер - Арно Пайперс

Сучжоу. "Tianhe" стадионы.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы қыркүйек айында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Әзірге Ұлттық құрамамыздың дайындығы қалай екенін білмейміз. Жолдастық матчтар тізімі осы ойынмен аяқталмасы анық. Тамыз айында тағы да матчтарымыз бар. Егер осы матчта құрама сүбелі ойын өрнегін көрсетер болса, онда бас бапкерлер де сенімді түрде қызметіне кірісетін шығар. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх