Бірінші алтылыққа кім лайық?
Екінші айналымның аяқталуына төрт тур ("Атырау" мен "Тобыл" үшін бес ойын) қалды. Бұрғаны күні бірінші алтылықта болатын бес команда белгілі болып тұр. Олар – «Астана», «Қайрат», «Ертіс», «Оқжетпес» және «Ордабасы». Сонымен қатар, биылғы жылдың аутсайдерлері де айқындалып қалды. Биыл премьер-лигада ойнау құқығын сақтап қалу үшін «Тараз» бен «Ақжайық» таласатын секілді.
Ал, әзірше алғашқы алтылықты түйіндейтін алтыншы команда белгісіз болып тұр. Оған «Атырау», «Тобыл», "Ақтөбе", «Жетісу» және "Шахтер" командалары үміткер. Бұл бестіктің ішінде қай клубтың бірінші алтылыққа қосылатын мүмкіндігі жоғары? Осы сұрақты қарастырып көрейік енді.
Бірінші кезекте бірінші алтылыққа «Атырау» командасының қосылу мүмкіндігі жоғары. Қазір «мұнайшылар» негізгі 6-шы орында тұр. 7-ші орында келе жатқан «Тобылдан» екі ұпайы көп. Бірақ, команданың алдағы күнтізбесіне қарайтын болсақ, қарсыластар қарымды. Келер турда олар «Ордабасыға» қонаққа барса, одан кейін «Ақтөбені» өз алаңында қабылдайды. Содан кейін елордада «Астанаға» қарсы кездесуге келіп, екінші айналымды «Жетісумен» өз алаңдарында аяқтайды. Тағы бір айта кететін жайт, бұл ойындардың арасында «Атырау» өз алаңында «Тобылмен» кейінге шегерілген бір ойынды өткізу керек. Қазір команда футболшыларының көңіл күйі жақсы. Соңғы төрт матчта он ұпай алды. Тек ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаев пен Алдан Балтаев жоқ демесеңіз, қалған ойыншылардың барлығы қатарда. Стойчо Младенов командасына әзірше тек қорғаушы Берік Айтбаев қосылып отыр.
Үздік алтылықтан қостанайлық «Тобылдың» да үміті зор. Қазір Омари Тетрадзе шәкірттерінің еншісінде 21 ұпай бар. 18-ші тур аясында «Тобыл» жамбылдық «Тараздан» жеңіліп, жағдайларын тағы нашарлатып алды. Ал, күнтізбеге қарайтын болсақ, қостанайлық ұжымның қарсыластары «Ертіс», «Қайрат», Оқжетпес» және «Ақжайық» екенін көресіздер. Оралдық командадан үш ұпай алуға болады. Бірақ, алғашқы үш ұжымнан ұпай алу қиындау болайындеп тұр. Одан бөлек, «Атыраумен» өтетін кездесу бар. Сондақтан, Тетрадзе тәлімгерлері биылғы маусымда бірінші алтылыққа кіреді дегенге сену қиындау болып тұр.
Мықтылардың қатарына қосылып қалуы ықтимал деген клубтардың тағы бірі «Ақтөбе». Біркездері қазақ футболының бетке ұстар командасы болып жүрген клуб бірінші айналымды бесінші орында аяқтаған еді. Алайда, екінші айналымда екі ғана ұпай жинап, қақпаларына 19 гол жіберіп алған команда сегізінші орынға сырғып кетті. Дейтұрғанымен, жоғары тұрған екі командаға қарағанда «Ақтөбенің» күнтізбесіндегі ойындары шамалы жеңілдеу. Алдағы уақытта бұл клуб «Ақжайық», «Атырау», «Шахтер» және «Ордабасы» командаларымен кездеседі. Бұл ойындарда төрешілер «тыңнан түлен» тартып жатса, Юрий Уткульбаев командасы бірінші алтылыққа еніп кетуі әбден мүмкін.
Математикалық есеп бойынша «Жетісу» командасының да үздік алты команданың қатарына қосылуға мүмкіндіктері бар. Бұрғаны күні талдықорғандық ұжым тоғызыншы сатыда. Еншілерінде 19 ұпай бар. Алда «Қайрат», «Оқжетпес», Ақжайық» және «Атырау» командаларымен күш сынасады.
Ал, қарағандылық "Шахтердің" кішкене болса да мүмкіндігі болғанымен, ол командаға алғашқы алтылық керек емес секілді...
Уалихан ҚОСАНБАЙ
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |