Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
269
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
312
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
287
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
280
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
277
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Екі кемеге жармасқандар суға кете ме?

01 июл. 2016, 14:40 | 1790
Алтылықтар қалыптасып, алғашқы кезең аяқталуға жақын. 22 турдан тұратын бірінші кезеңнің аяқталуына небәрі төрт тур ғана қалып отыр. Ал, көшбасшы командаларымыз осы аптада Еуропа лигасында сайыс жолына шықты.

19-тур. 2-шілде.

«Шахтер» – «Тараз»

Қарағандылық команда үшін бұл ойында жеңіс ауадай қажет. Себебі, «Тараз» «кеншілердің» басты қарсыластарының бірі. Аутсайдерлер арасындағы тартыстың да өзіндік қызығы бар. Премьер-лигадан ұшып кетпеу үшін соңғы орында қалмау қажет. Соңғы орында әзірге «Тараз». Бірақ, олар өткен турда «Тобылды» 2:0 ұтып, «Шахтерді» біраз қорқытып тастады. Бұл арада сонымен қатар, «Ақжайық» та бар. Олардың жағдайы да мәз емес. Сондықтан, осы үш команданың ортасында өтетін тартыста кім мықты шығары белгісіз. Осы матчта алаң иелері барын салып, үш ұпай алуға тырысады. Әйтпесе, «Тараз» дендеп жетіп алуы мүмкін. Аяқ алыстары жаман емес. «Ордабасыдан» ауысқан Дәуренбек Тәжімбетовтың «Таразда» бағы ашылуы мүмкін деген едік. Шынымен де, өткен матчта ол жаңа команда сапында алғашқы голын соқты. Мәлік Манеге керемет жұп болып орналаса кетті. Демек, гол көп жіберетін «Шахтер» қорғанысына абай болу қажет. Дегенмен, Йозеф Вукушич шәкірттері «Атыраумен» өткен ойында қақпаларын голдан аман алып қалды. «Шахтер» мен «Тараз» арасында жеті ұпайлық айырмашылық болғанымен де, қонақтардың қазіргі жағдайы алаң иелерінен еш кем емес.

3-шілде

«Тобыл» - «Ертіс»

«Тараздан» жеңілген «Тобыл» өз алаңында кегін «Ертістен» алмақшы. Керекуліктер бірақ есе жіберіп қарап отыра қоймас. Гогита Гогуасы кетіп, Елдос Ахметов жарақат алып қалғандықтан бұл кездесуде «Ертістің» жайы қалай болар екен деген ой туындайды. Омари Тетрадзе бапкердің шәкірттері жылдам өнер көрсететін командалардың бірі. Алайда, Димитар Димитров тактикалық сауаттылығының арқасында жақсы нәтижеге жететін ойын көрсетуге тырысары анық. Оның үстіне соңғы ойындарда чилилік ойыншы Игнасио Эррера гол соғып жүр. Бұл ойыншының белсенділігі күн санап арта беретін болса, қарсыластар қорғаушылары үшін бас ауруы болмақ. Индивидуалды шеберлігінің арқасында лып етіп айып алаңына ене кететін Эррера Қостанайда да біраз шу жасайды деп күтеміз. Бірақ, ғаламторда бұл ойынның тең аяқталарын болжап отырған мамандар қарасы көп.

«Ақтөбе» - «Ақжайық»

«Ақтөбе» Еуропа лигасындағы кездесуден кейін кішкене шаршаңқы күйде болары анық. Олар өз алаңында Венгрияның МТК командасымен тең ойнады. Ол матчта команда ойыншылары қолдан келгеннің бәрін жасап, көбірек шабуыл ұйымдастырды. Еуропа лигасына кеткен күш енді премьер-лигада да керек. Ал, Юрий Уткульбаев командасын әлі 7-ші шілде күні сыртта тағы бір матч күтіп тұр. Сондықтан, футболшылардың ойы екіұдай. Екі кемені қатар ұстағандар көбінесе суға кетіп жатады. Еурокубоктық ойындарда өнер көрсететін қазақстандық клубтар жалпы осы турда ұпайдан шашау шығаруы мүмкін. Тек «Астана» ғана осы аптада ешқандай ойын өткізбейді. «Ақтөбе» мен «Ақжайық» арасында қазір тоғыз ұпай айырмашылығы бар. Оралдықтар «Ақтөбені» қуып жетпесе де өздеріне «Тараз» бен «Шахтермен» тайталасатын ұпай алуды көздейді. Бұл матчта батысқазақстандықтар үшін бір ұпайдың өзі үлкен қазына болар еді.

«Жетісу» - «Қайрат»

«Жетісудың» жақсы ойыншысының бірі Бауыржан Тұрысбек бұл жолы «Қайрат» жейдесімен алаңға шығуы мүмкін. Өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнау қаншалықты қиын боларын көре жатармыз. Ал, оған дейін «Қайрат» та сонау Албаниядан оралады. Олар Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Албанияда жергілікті "Теута" командасын 1:0 есебімен жеңді. Кахабер Цхададзе командасы премьер-лигадағы ойынға баса назар салатыны анық. Себебі, әрбір тур сайын максимум ұпай алып отырған дүрыс. Кездесудің басты фавориті облыстық дербиде тосылмас деп білеміз.

«Ордабасы» - «Атырау»

Сербияға жасаған ауыр сапардан кейін шымкенттіктер дем арасында қалыпқа келе алар ма екен?! "Чукаричкиге" 0:3 есеібмен ойсырата ұтылған команданың көңіл-күйі мәз емес. Оның үстіне қарсылас тегеурінді. «Атырау» болгариялық бапкердің жетегімен матч сайын құлпырып келеді. Ал, алаң иелері болса әлсіреп қалған. Дәуренбек Тәжімбетов пен Азат Нұрғалиевтің жоқтығы команда шабуылына кері әсерін тигізері анық. Ортада тек Гогита Гогуаға сенім артады. Бұл матчта тең нәтиже тіркеледі дегенге букмекерлік кеңселер бір кісідей сеніп отыр.  

5-шілде

«Астана» - «Оқжетпес»

19-шы турды қорытындылайтын елордалық «Астана» мен Көкшетау қаласының «Оқжетпесі». Көкшетау қаласының командасы болғанымен оларға «Астана-Арена» жат стадион емес. Чемпионаттың алғашқы 7-8 турын олар осы стадионда өткізді. «Оқжетпес» үшін «Арена» өз үйіндей болып кеткен. Бұл жерде де облыстық дерби орын алғалы тұр. Мұндай қиын ойындарда Станимир Стойлов шәкірттері бір доп айырмасымен жеңіске жетіп, керекті нәтижені қалтаға басатын әдеті бар. Жаңадан келген менеджер Марко Абай Трабукки күллі командаға жігер берері анық. Ал, ең бастысы «Ертіс» пен «Қайраттың» нәтижелерін біліп ойнайтын қос команда турнирлік кестеде біраз нәрсені өзгертуі мүмкін. Сондықтан, қос ұжымда мотивация мәселесінде еш ақау болмайтыны белгілі.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх