Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
122
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
187
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
188
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
172
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
194
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Берік Айтбаев: "Ұлттық құрама бапкерлері ел футболын бес саусақтай білетін мамандар"

04 июл. 2016, 15:00 | 1554
Қазақ футболында қорғаушылар мәселесі күн тәртібінде тұрғаны белгілі. Тасқамал қорғаушыларға зәрі екеніміз айдан анық. Ел клубтары бұл жағдайда көбінесе легионерлерге жүгініп жүр. Ал, соңғы кезде бой көрсетіп келе жатқан жастар да аз емес. Бұл жолы KazFootball.kz порталының тілшісі жамбыл футбол мектебінің түлегі Берік Айтбаевпен тілдескен еді.

- Берік, ең алдымен өзіңіздің футболдағы алғашқы қадамыңызбен таныстыра өтсеңіз. Халық, жанкүйерлер Сіз жайлы ақпаратты өз ауызыңыздан естігісі келеді.

- Мен футболды 2000-жылдардың басында бастадым. «Тараз» футбол клубының базасында құрылған облыстық спорт мектебінің командасына алындым. Осы жерде менің алғашқы қадамым басталды. «Орталық» стадионда жасаған алғашқы жаттығулар мені футболшы болуым керек деген арманға жетеледі. Өздеріңіз білетіндей «Тараз» футбол клубы тарихқа, дәстүрге бай ұжым. Мұнда бәсекелестік те өте жоғары. Содан алғашқы жарыстарға қатысып, жүлдегер атана бастадық. Бұл мені одан әрі футболмен айналысуға шабыттандырды. Өзбекстан мен Қырғызстандағы халықаралық жасөспірімдер жарысына да қатыстым. Сонымен, күндердің күнінде мен дайындық тобына қабылдандым. Онда Сүйін Молдашбаев деген бапкердің қол астына түстім. Бұл нағыз үлкен футболға бір табан жақындаған шағым болатын.

- Осы кезде естуімше Сіз жартылай қорғаушы болған екенсіз...

- Иә, қапталда өнер көрсетіп, жартылай қорғаушы қызметінде едім. Дайындық тобындағы және «Тараздың» қосалқы командасындағы бапкерлер мені қорғанысқа қойды. Орталық қорғаушы ретінде пайдаланып көрді. Осы позицияда бапкерлерге ұнасам керек, содан бері орталық қорғаушы болып кеттім. Бапкерлер мені тек осы жағдайда ғана қарастыра бастады. Содан кейін өзім де осыған икемдене бастадым.

- «Тараз» командасына 2009-жылы алғаш рет алындыңыз. Бірақ, алаңға шыға алмадыңыз. Дегенмен, тәжірибие үшін бұл бір таптырмас кезең болды ғой?

- Иә, 2009 жылы мені атақты бапкер Ваит Талғаев басты командаға алды. Ұжыммен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, физикалық-тактикалық тұрғыда әжептәуір өсіп қалдым. Алайда, алдағы екі жыл тек қосалқы құрамда жүрдім. Бірнеше матчта ойынға шыға алатын футболшылар тізіміне ендім. Бірақ, жасыл алаңға шығу бақыты бұйырмай келді. Тек 2011-жылы бас бапкер мені алматылық «Қайратқа» қарсы матчта алаңға шығарды. Бұл менің үлкен футболдағы дебютым еді. Содан бері «Тараз» командасында негізгі құрам ойыншысына айналдым.

- 2015-жылы «Тараздан» кетуге нендей жағдай әсер етті.

- Команда ішінде барлығы тамаша болды. Мен тек өзімді өзге командаларда сынап көргім келді. Өздеріңіз білесіздер «Тараз» ойыншыларына керемет ұсыныстар түсіп, қазақстанның өзге командалары өздеріне шақырып жатады. Мүмкін өзге командаға ауыссам бағым ашылып, жақсы прогресс жасайтын шығармын деп есептедім. Сөйтіп, Владимир Никитенко өзі шақырып, 2015 жылы «Атырау» сапына ауыстым. Осында жүріп мен шынымен де бапкерлер көзіне түсе бастадым. Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алдым.

- Одан кейін «Таразға» оралған кезде ендігі тәжірибиесі бар ойыншыдай көріндіңіз. «Атыраудан» көп нәрсе үйреніп қайтқан секілдісіз.

- «Атырауда» мен Антон Григорьевпен бірге өнер көрсеттім. Ол кезінде мәскеулік ЦСКА командасының сапында ойнаған, тәжірибиесі толысқан ойыншы. Қорғаушының нағыз мықтысы деп білемін. Сол Антон маған көп нәрсе үйретті. Жасыл алаңда қалай жүруді, қалай ойнауды көрсетті. Тәжірибиесімен бөлісті. «Атырауда» жүргенде шабуылға араласуға ұялма дейтін. Сенің орныңа қорғаныста мен қала саламын деп үнемі қолдау көрсететін. Енді ол осы күні «Тараз» сапында жүр. Ал, мен трансферлік ауысым кезінде «Атырауға» қайта ауысып кеттім.  

- Ал, жалпы Қазақстандағы ең мықты орталық қорғаушы деп кімді айта аласыз?

- Көбінесе легионерлер ғой. Жарко Маркович, Марин Аничич секілді ойыншыларды айта беруге болады. Ал, қазақстандық ойыншылардан орталық қорғаныста осы күні Юрий Логвиненко мықты дей аламын.

- Құрамаға қазақстандық бапкер келгеніне қалай қарайсыз? Сізді бұрын Юрий Красножан мақтап, құрамаға алдыртушы еді.

- Әрине, ол кісіде мықты бапкер болатын. Алайда, менің ойымша басты команданы қазақстандық бапкерлер жаттықтырғаны дұрыс. Себебі, Талғат Байсуфинов та, Нүркен Мазбаев та ел футболын бес саусақтай білетін адамдар. Сондықтан, оларға сенім артылғаны өте дұрыс. Соңғы көрсетіп жатқан нәтижелердің өзін алып қараңыз, бұрынғыдан мықты ғой. Одан басқа не дәлел керек!

- Әңгімеңізге рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх