Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
263
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
308
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
285
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
276
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
277
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

"Қайратқа" жаңа стадион қажет пе?

05 июл. 2016, 11:40 | 3487
Алдағы уақытта алматылық "Қайрат" клубының стадионы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуі мүмкін. Жаңа жоба бойынша стадионның сыйымдылығы 30 мыңға жетеді екен. Одан бөлек, көрермендер отыратын трибуналардың жоғарғы жағы жабық болады. Мұндай жаңа стадион «Қайрат» клубына қажет пе? Kazfootball.kz порталының тілшісі осы сауалға жауап іздеп көреді.

Негізі бұл сауалға келгенде мамандардың да, қарапайым жанкүйерлердің де ойы екіге бөлінеді. Бірі иә десе, енді бірі жоқ, қажет емес дейді. Біз де осы екі тараппен жазуды жөн көріп отырмыз.

Иә, керек

Маусым басында «Қайрат» клубының өкілдері стадионда жөндеу жұмыстарын өткізген еді. Бесінші турға дейін алматылық клуб сырт алаңдарда ойнады. Соның кесірінен де болар, маусымды сылбыр бастады. Ол кезде стадионның көгалы ауыстырылып, стадионның бұқаралық құралдарға арналған жерлері, командалардың киініп-шешінетін бөлмелері жөнделген болатын. Қазір жасыл желектің мықты төселгенін көріп жүрміз. Еліміздегі ең бір сапалы төселген көгалдардың бірегейі десек қате болмас. Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне арналған жерлер жұмыс істеуге оңтайлы болып тұр.

Осы жөндеу жұмыстарынан кейін стадионға күрделі жөндеу жұмыстары керек екеніне көзің жетеді. Себебі, жалпы Қазақстанда әлі заманауи талаптардың барлығына сай келетін стадион жоқ. Егер, Алматыдағы стадион күрделі жөндеу жұмыстарынан өтетін болса, ұлттық құрама ойындарын қайта оңтүстік астанада өткізуге мүмкін болар еді. Бұл негізі ұлттық құрама үшін де ыңғайлы. Астанада құрама команда жаттығатын мықты база жоқ. Жаңа стадион клуб жанкүйерлері үшін де қолайлы болады. Мысалы, өткен жылы Еуропа лигасында стадионға сыймай, маңайлап жүрген жанкүйерлерді көрген едік. Сол олқылықтың орны толар еді. «Қайрат» командасының жанкүйерлер қатарын арттырып, шет елдік жанкүйерлерді де тартуға мүмкіндік туады. Одан бөлек, Қазақстанның халықаралық дәрежедегі турнирлерді ақырындап қабылдап, тәжірибие жинауға себебі болады.

Жоқ, қажет емес

Алматының Орталық стадионында күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге қарсылық білдірушілер жетерлік. Әсіресе, егде жастағы жанкүйерлер стадионның осы қалпында қалуын қалап отыр. Өйткені, Орталық стадион қаланың өткен ғасырдан бері сақталып келе жатқан көрікті жерлерінің бірі. Сондай-ақ стадионды бұзуға жеңіл атлеттер қарсы шықты. Дегенмен, бұл мәселе шешімін тапты. Қайрат Боранбаев жеңіл атлетика федерациясының президентімен кездесіп, жаңа стадион соғылса, бірінші кезекте атлеттердің мүддесі қарастырылатыны айтты.

Жаңа стадионды 30 мың жанкүйерге арнап соғатыны белгілі. Бірақ, дәл қазіргі қазақ футболының дамуымен стадионға мұнша жанкүйер тарту мүмкін болмай тұр. Әрине, «Қайрат» еліміздегі медиа бөлімі дамыған клубтардың бірі. Дегенмен, соның өзінде «Қайрат» ара-тұра жанкүйерді стадионға лық толтырмаса, ел біріншілігіндегі ойындарда толтыра алмайтыны белгілі.

Түйін

Міне, қазір жаңа стадионға байланысты жанкүйерлер арасында тартыс біз айтқан бес-алты тақырыптың айналасында жүреді. Бұл сұрақтың басын енді клуб басшылары ашып беретін шығар. Оның үстіне биыл қалалық әкімшілік клубқа стадионның 30 пайыз басқаруын берді. Мұның әзі де негізі әжептеуір жеңілдік. Өйткені, бұған дейін клуб стадионды жалға алуға жылына 1,2 миллион доллар жұмсайтын. Енді қалған ақшаны жөндеу жұмыстарына жұмсауға болады.

Керек – дерек

Алматының Орталық Стадионы 1958 жылы ресми түрде ашылып, осы уақытқа дейін футбол, жеңіл атлетика және т.б спорт түрлерінен бәсекелерді өткізіп келеді. Соңғы мәрте стадионда жөндеу жұмыстары 2010-11 жылдары жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта стадион құшағына 23 804 жанкүйерді сыйдыра алады.

Орталық стадионда «Қайрат» клубы өз алаңдарындағы матчтарын өткізеді. «Астана-Арена» стадионы ашылғанға дейін футолдан Қазақстан ұлттық құрамасы да кездесулерін осы стадионда өткізетін еді.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх