Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
116
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
183
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
185
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
170
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
191
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Дәуренбек Тәжімбетов: "Ұлттық құрамаға қайта оралу үшін еңбек етудемін"

06 июл. 2016, 12:50 | 4178
Қызылорда футбол мектебінің түлегі Дәуренбек Тәжімбетов ірі денелі, баспен жақсы өнер көрсететін шабуылшы. Жақын арада «Ордабасыдан» «Таразға» ауысып, қайтадан гол соға бастады. Осы орайда «KazFootball.kz» порталы Дәуренбекке хабарласып, сұқбат құрған болатын.

Анықтама:

- Дәуренбек Тәжімбетов;

- Қазақстан Премьер-лигасында 276 ойын өткізіп, 52 гол соққан;

- «Ордабасы» командасының үздік бомбардирі. Шымкенттік ұжымда 32 гол соққан;

- «Қайсар» - 16, «Шахтер» - 3, «Астана» - 0, «Тараз» - 1 гол.

- 2010-жылғы маусымда Тәжімбетов қатарынан 5 турда гол соғып, рекорд қойған. Алайда қазіргі рекорд Жерар Гоуға тиесілі. Ол биыл қатарынан 8 турда гол соғып отыр.

- Ұлттық құрама сапында 4 ойында 3 гол соққан.

- Дәуренбек, алғашқы сауалды Өзіңіздің «Ордабасы» сапынан кетуіңізден бастасақ. Бұл командаға осы күні шабуылшы жетіспей жатқан жағдайы бар.

- Мен бұл командаға нағыз тамаша бабымда жүрген кезімде келген едім. Ол кезде бас бапкер Виктор Кумыков болатын. Арнайы шақыртқаннан кейін, жоғарғы мақсаттарды бірге шешеміз дегеннен кейін келгенмін. Алайда, чемпионат барысында тізеден жарақат алдым. Сол кезде біраз емделіп, Мәскеуге барып емделіп қайттым. Бұл арада Кумыковтың орнына Бақтияр Байсейітов келген болатын. Одан кейін жаңа маусым алдында оқу-жаттығу жиындарында қайтадан бабыма келе бастадым. Наурыз айында командамен келісім-шартқа қол қойысып, маусымды «Ордабасыда» өткізуге бел байладым. Алайда, командада негізгі шабуылшы қызметін Филип Касалица атқарды. Команда болған соң бәсекелестік болары анық. Кейіннен ол нашар ойнап жүрген кезде командаға Милош Трифунович алынды. Оның үстіне Эдин Юнузовичті қосыңыз. Бапкер тек ойынға алмастырып қана шығарып отыратын. Кубокта 1, чемпионатта «Ақжайық» қақпасына 1 гол ғана соқтым. Сосын ауысым ашылғанда өзге командаларды қарастырдым.

- Біздің естуімізше Сізді «Тобыл», «Шахтер» секілді командалар шақырды. Оларға шабуылшы қатты қажет болды. Бірақ, Сіз ең соңғы орында тұрған «Таразды» таңдадыңыз. Мұның сыры неде?

- Иә, менің бұл шешіміме көбісі таң қалуда. Бірақ, шынымды айтсам «Таразға» бір бүйрегім тартып тұрды. Неге екенін өзімді айта алмаймын. Мүмкін, қала, команда, мұндағы атмосфера ұнаған шығар. Соңғы үш айда небәрі жеті-ақ ұпай алған командаға көп футболшы бармас еді. Алайда, мен «Таразға» қолымнан келер бар көмегімді көрсетіп, команданы премьер-лигада алып қалу үшін өз үлесімді қосқым келді. Бұл команданың ел футболында қандай орын алатынын білесіздер ғой. Сондықтан, ештеңеге қарамастан осында келдім.

- Енді мұнда келгеніңізге өкінбейтін шығарсыз. Команда бірден нәтиже көрсетіп, соңғы орыннан көтеріліп кетті ғой.

- Иә, соңғы екі ойында алты ұпай алдық. Өз алаңымызда алғашқы алтылыққа енгісі келіп жүрген «Тобылды» ұттық. Сосын сыртта негізгі бәсекелес «Шахтерді» жеңдік. Бұл екі ойын бізге сенімділік әперді. Бас бапкер бірден мені келе сала негізгі құрамға шығарды. Және алғашқы матчта гол соқтым. Командадағы кілең жас ойыншыларға осы қазір тәжірибиелі ойыншылардың көмегі керек. Сондықтан, командаға Александр Алиев, Антон Григорьев, Андрей Яковлев секілді тәжірибиелі ойыншылар алынды. Әйтпесе, чемпионат бойы өнер көрсетіп келген жастарға қиын соқты. Оның үстіне олардың өзі жарақат ала берген.

- Жарақат мәселесін қозғар болсақ, «Таразда» шабуыл өтінде Игорь Зенькович болатын. Оны бірақ жарақат меңдеп жүрген секілді.

- Иә, мені командаға шақырғандағы себептің бірі де сол болатын. Игорьдің тізесі жарақат екен. Дәрігерлер оның командаға қашан оралатынын дәл басып айта алмауда. Сондықтан, ортада өнер көрсететін шабуылшы керек болған. Ал, Малик Мане мен секілді әуедегі допқа таласып, қақпаға арқамен қарап тұрып ойнауға дағдыланбаған. Ол негізінен вингер қызметінде қапталдан шабуылға араласқанды ұнатады. Әйтпесе, орталық шабуылшы қызметінде 2-3 ойын ойнап та көріпті.  

- «Тараздың» мақсаты – премьер-лигада қалу. Қалай ойлайсыз, бұл шешілетін түйін бе?

- Әрине, оңай болмасы анық. Алайда, қазір командада көңіл-күй өте керемет. Жастар тәжірибиелі ойыншылар келісімен өз-өздеріне сене бастады. Енді жақын арада болатын ойындарға дайындаламыз. Алғашқы кезең аяқталғанға дейін үш ойын бар. Солардың екеуі «Ертіс» пен «Ордабасыдан» ұпай алуға болады. Ал, одан кейін екінші алтылықта «Ақжайық» пен «Шахтерді» артқа тастауға тырысамыз.

- Сізбен қатар, командаға тағы да тәжірибиелі ойыншылар алынды. Солардың ішінде Александр Алиевтің орны бөлек. Ол ойыншы кезінде Ресей мен Украина чемпионаттарында үздік саналып жүрді. Мұндай атақты ойыншының командаға қосары көп шығар?

- Сөзсіз, мықты ойыншы. Тек соңғы кездері кішкене бабын жоғалтып алған. Алайда, ол осы күні бас бапкерге көмектесу үшін командаға алынып отыр. Келе салып, ол да бірден айып добын қалай тебу керектігін көрсетті. Жаттығуда ол жергілікті жастарға айып добын тебуді үйретіп жүр. Одан жергілікті жастар тек қана ұтатыны анық. Мұндай тәжірибиелі ойыншыдан бар білгенін алып қалуға тырысуда.

- Жалпы, Тараз футболы еліміздегі таланттар ұстаханасы екенін білеміз. Жергілікті жастарға деген ойыңыз қалай? Олардың өзге аймақтағы футболшыларға қарағанда артықшылығы неде?

- Келе сала байқағаным түгел қала футболмен тыныстанады екен. Таразға келген соң таңғы сегізде тұрып, мешітке бардым. Сонда жол-жөнекей төрт жаттықтырушының жасыл алаңда 50 шақты жас жеткіншектермен жаттығу жасап жатқанын көріп тұрып қалдым. Бұл көрініс маған қатты әсер етті. Мырзабаев, Ниязымбетов, Мазбаев одан бергі Исламхан, Байтана, Қонысбаев секілді таланттардың тек Тараздан ғана шығатынына сол жерде көзім жеткендей болды. Бұрындары да бір таңқалғаным бар еді. Мен «Шахтерде» ойнап жүрген шағымда «Тараз» бас бапкері Арно Пайперс ұтылып жатып, командаға жаңадан алынған жап-жас бір ойыншыны шығарды. Техникасы толысқан ойыншы ортада ойқастап жүріп бізге екі гол салды. Ешкім танымайтын сол жігіттің есімі – Жақып Қожамберді еді. Ол осы күні ұлттық құрама сапында жүр.

- Әңгімені ұлттық құрамаға ауыстардыңыз. Осы тақырыпты да қозғай кетсек. Еліміздің бас командасына шабуылшы ауадай қажет болып тұр...

- Иә, түсініп отырмын, әңгімеңізді. Меңзегеніңіз құрамаға қайта оралу деген ойым бар ма? Иә, әрине. Кезінде құрамаға алынып жүргенде хет-трик жасап, жап-жақсы-ақ бастаған болатынмын. Бірақ, аяқдопшыны құртатын бір кесапат бар. Ол – жарақат. Дегенмен, әлі де құрамаға алынуға мүмкіндігім мол. Менің негізі, «Ордабасыдан» кетуімнің де себебі сол. "Таразда" негізгі құрамда көбірек алаңға шығып, гол соғып, бапкерлер көзіне көріну. Қазақстандық қос бапкердің құрама тізгінін ұстағанына дән ризамын. Осы күні «Таразда» жатпай-тұрмай жаттығу жасап, өзімнің бастапқы қалыпыма келуге асығудамын. Чемпионаттың екінші кезеңінде аянбай өнер көрсетіп, құрамаға алынар күнді күтемін. Қазір қарап тұрсаңыз Алексей Щеткин де «Астанадан» «Ақтөбеге» ауысты. Оның да ойы көбірек алаңға шығып, ойын тәжірибиесін жинақтау.  

- Сұқбатыңызға рақмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх