Алматыда балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері бойынша конференция өтті
Сондай-ақ, шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов, вице-президент Берік Қаниев пен техникалық директор Владимир Белявский қатысты.
Жиында бірінші болып сөз алған Қазақстан футболының басшысы Ерлан Қожағапанов 2016-2026 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының жобасымен таныстырды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболының жүйесін жетілдіру, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жарыс үдерісі жүйесін жақсарту. «Жобада инфрақұрылымдарды және оқу-жаттығу үдерісін дамыту бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Ал бұл, спортшыларды жаңа кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - деді өз сөзінде Ерлан Қожағапанов. Таныстырылымнан соң жиналғандар жобаны қызу талқыға салды. Оның ішінде «Жас Қыран» лигасын кеңейту, футбол орталығынан немесе спорт мектебінен басқа орталыққа ауысқан баланың жаттықтырушысына үстемақы төлеу мәселесі көтерілді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысатын жарыстардың аздығы да сөз болып, ұзақ кеңестен кейін шараға қатысушылар футбол орталықтары мен түрлі футбол академиялары арасындағы біріншілікті жыл сайын өткізетін болды. Конференция қорытындысы бойынша балалар және жасөспірімдер футболын дамыту бөлімінің жобасы бірауыздан мақұлданды.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |