Главное Маңызды
27 нояб. 2024, 23:34
114
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян на пресс-конференции ответил на вопросы журналистов перед матчем четвертого тура общего этапа Лиги Конференций против «Витория Гимарайнш» (Португалия), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 19:38
149
Наставник «Витория Гимарайнш» Руй Боржес оценил уровень «Астаны» перед матчем четвертого тура основного этапа Лиги Конференций, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «A Bola»:
27 нояб. 2024, 18:08
182
Главный тренер МФК «Семей» Дави Мендонса рассказал об уровне готовности команды в преддверии матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Пальмы» (Испания), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 10:25
305
Наставник АФК «Кайрат» Марлон Веласко поделился ожиданиями от первого матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Этуаля», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
26 нояб. 2024, 16:55
904
Петропавловский «Кызылжар» имеет долги по налогам за предыдущие годы. Также, следователи обнаружили факты хищения бюджета, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Гол Емес».

"Өз-өзіне қол салған" Бақтияр Даниярұлының тактикасы

14 июл. 2016, 18:20 | 2307
Еуропа лигасының електік додасы еліміз үшін аса сәтті бастала қойған жоқ. “Қайратымыз” қарсыласын қалпақпен ұрып алды деп қуанбасақ, “Ақтөбе” мен “Ордабасы” сенімді ақтай алмады. Қаржылық дағдарысқа ұшырап, алға басқан адымы артқа тартып жүрген “Ақтөбенің” жеңілісіне түсіністікпен қарауға болар, ал “Ордабасыға” деген өкпе қара қазандай, деп жазады Kazfootball.kz порталы.

Сербиялық команданы әлсіз ұжым еді деуден аулақпыз. Бірақ, біздің команданың да бір кемдігі жоқ еді қарсыластан. Ойыншыларының деңгейі, бюжеті тең ұжымдар. Сырт алаңдағы сәтсіздіктеріне жанкүйер қауым кешіріммен қарады. Тіпті, қақпамызға екі бірдей пенальти белгілеп, капитанымызды алаңнан қуған португалиялық бас қазыға Қазақстанда жатып-ақ қабақ шытып жүргендер қаншама.

Сөйтсек, Сербиядағы сәтсіздік өкініштен сан соғу ғана екен. Шымкенттегі шырғалаң көзі қарайғанның басыменен жар соғуы болды. Қонақта 0:3 есебімен ұтылып қайтсақ та, келесі кезеңнен үмітіміз үзіле қоймаған еді. 3-4 гол соғармыз, тым құрығанда, негізгі уақытта есепті теңестіріп алып, қосымша таймда немесе пенальти сериясында сүріндірсек де жарар деп күткен көп көрермен.

Бірақ, ойын олай өрбіген жоқ. Сыралғы жанкүйер жасыл алаңға алғашқы минуттан бастап шыққан футболшылардың тізіміне қарап түкке түсінбей отырғанда, қақпамыздың құлпы да ашылып үлгірді. Қонақтардың шіләпәсін шыр айналдырады деп күтілген Шымкенттің ыстығы да Сербтерге сеп болғандай. Олар тіпті шығыс еуропада емес, Шымкентте туып-өскендей ширақ қимылдады. Ойынның оныншы минутында есеп ашып, жиырмасыншы минутта есепті 0:3-ге жеткізді.

Байсеитов мырза бір тәуекелге бел буғаны бірден байқалды. Негізгі құрамда Премьер-лиганың өзінде анда-санда бір ойын өткізетін Темірлан Ерланов пен Дәурен Қайқыбасовты шығарыпты. Қорғаныстың тұтас бір қапталы тапсырылған Талғат Адырбеков те қосалқы құрамның “қонағы” екені бәрімізге белгілі. Бір гол соқты демесеңіз Александр Гейнрих да келістіріп ойнаған жоқ. Өзінің негізгі құрамда шыққанына сенер-сенбесін білмей жүрген Ерланов есін жиып үлгіргенше, үш гол жіберіп алдық.

Ал, Адырбеков үшін Александр Симчевич сол қапталға ығыстырылып Гафуржан Сүйімбаевтан қалған кетікті жамауға жауапты болыпты. Адырбеков үшін дегенім Симчевич негізі оң қапталдағы қорғаушы. Әрі өз қапталының сөзсіз мықтысы болатын. Өкініштісі, осы ойында сол қапталға ойысып еркін көсіле алмады. Осылайша қарсыластар үшін қорғаныс шебінің әр тұсынан кетік табылды. Алғашқы гол сол қапталдан келіп соғылса, үшінші голға оң қапталдағы қорғаушыларымыз тосқауыл қоя алмады. Ал, екінші гол орталық қорғаушылардың таза қателігінен соғылды. Мандичтың маңында жүруі керек болған Ерлановтар қарсыластың қақпашымен бетпе-бет келіп гол соғу барысын алыстан “тамашалап” қана тұрды.

Екінші таймда ойынға Гогита Гогуа мен Филип Касалица қосылды. Негізі бас бапкердің жоспары да осы болатын. Бірінші таймда ойынды өз бақылауларында ұстап, өз қақпасына гол жібермеу. Мүмкін болғанда жылдам гол соғып алу жоспары да болғаны сөзсіз. Ал, екінші таймда мықты шабуылшыларын шығарып, шаршап, қалжыраған қарсыластың қақпасына гол дегеніңізді үйіп-төгуді көздеген. Сөйтіп, бір апта бұрынғы Белградтағы сценарийді Шымкентте қайта қою болатын.

Бапкердің бұл ойымен де келісуге болатын ба еді, егер “Б тактикасының” қорғаныс шебінен шашау шықпағанда. Бірінші тайм үшін шабуылдан гөрі қорғанысқа бейім 4-5-1 тактикасын таңдап алуы да сол үшін болатын. Бірақ, орталық алаңды күшейтуді көздеген бапкер өз қақпасының алдын ұмыт қалдырған екен. Ерлановтың орнына Ренат Абдулинді қойып, Александр Симчевичті өз қапталынан қозғамауы керек еді. Немесе Бақдаулет Қожабаевты қоса шығарып Симчевичке қорғаныс пен шабуылды қатар тапсырып көрсе де болар еді. Өйткені, Симчевич оң қапталда қорғанысқа да, шабуылға да жатылған. Осы тактиканы бапкер ел чемпионатында бірнеше мәрте пайдаланған да болатын. Қысқасы, Байсеитов мырза “Чукаричкиге” қарсы екі ойында да қорғаушыларын орынды пайдалана алған жоқ. Белградта орталық қорғанысты екі егде қорғаушыға тапсырған еді, елге келгенде тек жастарды жіберіп жүрісті тағы қате жүрді.

“Ордабасының” бұл сәтсіздігіне жазғы трансфер кезінде командадан кеткен Азат Нұрғалиев пен Гафуржан Сүйімбаевтің жоқтығы да себеп болған шығар. Бірі команданың капитаны, бірі сол қапталда қорғаныс пен шабуылға қатар жауап беретін үздік ойыншы. Осы жерде бізге біздің елде трансфер құқығы күшті, беделі басым командалардың пайдасына жұмыс жасайтындай көрінеді. Айтпағымыз, футболшылар да мемлекеттік қызыметкерлер секілді бұйрыққа бойұсынып, бар деген командаға барып, қал деген құрамада қала ма деген күдік. Болмаса 15-ші маусым Алматының орталық алаңында “Ордабасы” сапында “Қайратпен” кездесу өткізген Азат Нұрғалиев тура бір аптадан кейін дәл сол алаңда “Астана” ойыншысы ретінде “Қайратқа” қарсы тағы кездесу өткізіп тұра алар ма еді? Ол тіпті 19-шы маусым “Ордабасы”- “Оқжетпес” кездесуінде де шымкентіктердің намысын қорғаған. Ал, үш күннен кейін 23 маусым күні “Астана” жейдесінде жасыл алаңда жүр! Мұндай найзағайдай жылдам трансфер біздің елде ғана орын алатын шығар.

Хош, сонымен маусым басында “Мақсатымыз Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау” деп мәлімдеген “Ордабасы” бірінші іріктеу кезеңінен де аса алмады. Сырт алаңда 3:0, өз жерінде 3:3 есебін тіркеп еурододамен ерте қоштасты. Жалпы есепте алты гол жібергенімен, абырой болғанда өз алаңында тең түсіп, жанкүйерлерінің алдында масқарадан аман қалды. 0:3 болып ұтылып жатып, есепті теңестіру әдетте футбол әлемінде ерлік болып саналады. Бірақ, дәл осы ойында емес. Өйткені, оңтүстік команда “өз-өзіне қол салғандай” әсер етті бізге. Үш доп айырмасымен ұтылып келіп, келесі кезеңге өту үшін сөзсіз ірі есеппен жеңіске жету мақсаты тұрғанда қосалқы құрам ойыншыларын ойнатып, болмайтын қателік жіберді. Бақтияр Байсеитовтың тактикалық жүрісі үлкен тәуекелшілдік болғанымен, сәтсіз аяқталды. Қайта ойын соңына қарай гол соғып, тең есепке қол жеткізе алды. Әтпесе, Байсеитовтың “Б тактикасы” масқаралықтың бастамасы болып қалар еді.

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх