Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
101
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
169
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
173
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
161
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
182
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Йован Голич: “Футболшы бақыты – үнемі ойында болу”

23 дек. 2015, 23:04 | 2857
Оның тегі футболдан тараған. Орталық алаңда қорғанысты ұстап, шабуылды да бірінші болып бастайды. Артқы жартылай қорғаушы деген ауыр қызметті арқалап жүрген Йован Голич Қазақстандағы сырттан келген легионерлер легінің мүшесі. Десе де, оны көппен бірге қарай салуға болмайды. Ол Қазақстан футболын бес саусақтай білетін адам. Маусым аяқталысымен біз Голичпен емен-жарқын әңгіме құрған болатынбыз.

- Йован, «КазФутбол» сайтының оқырмандарына өзіңнің футболға қалай келгеніңді айтып өтсеңіз.

- Мен негізі Боснияда туып өстім. Ол кезде Югославия деген алып империяның құрамында едік қой. Кейіннен әке-шешем Сербияға қоныс аударды. Футбол әліппесін сонда жүріп аштым. 17-жасымда мені ең алғаш «Младость» командасы шақырып, келісім-шартқа отырдым. Бұл менің үлкен футболға жасаған алғашқы қадамым болатын. Ол кезде Сербияның 1-лигасында өнер көрсеттік. Сол «Младостьпен» мен 1-лиганың жеңімпазы атандым. Келесі маусымда премьер-лигада ойнадым. Бұл үлкен бір тәжірибие алаңы болды. Сонымен қатар, көптеген футбол мамандарының көзіне іліктім. «Младость» сапында 4 жыл ойнадым. Сосын 23-жасымда мені Ресей чемпионатына шақырды. «Спартак» Нальчик деген команда маған қатты қызығып, жақсы келісім-шарт ұсынды.

- Сол «Спартакта» Сіздің бапкеріңіз қазіргі Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Юрий Красножан болды емес пе?

- Иә, рас айтасыз. Шет елдегі менің алғашқы бапкерім Красножан болды. Жалпы айтқанда менің спорттық ғұмырымдағы ең мықты бапкер сол кісі болды деп нық сеніммен айта аламын. Юрий Анатолиұлымен жұмыс жасаудың өзі бір рахат дүние. Әрбір жаттығуы өте қызықты өтетін. Мен бапкерге толықтай сенім арттым. Команда түгел Красножанды құрметтеді. Соның арқасы болар «Спартак» Нальчик Ресейде әжептеуір биікке көтерілді.

- Бірақ, Сіз одан ары қарай спорттық ғұмырыңызды «Атырауда» жалғастырдыңыз...

- Трансферлік ауысым кезінде ұзақ ойланудың керегі жоқ. Ең бастысы алаңға шығып, футбол ойнасам болар деп шештім. Көптеген футболшылар ақшаға, келісім-шарттағы сомаға қызығып жатады. Ол дұрыс емес. Футболшы бақыты - үнемі ойында болу, алаңға шығу. Келген ұсынысты бірден қабылдап, «Атырауға» келдім. Одан кейін Арно Пайперс деген білікті маман мені Таразға шақырды. Бұл жерде де мен аса қатты көп ойланбадым. Өйткені, Пайперсті сырттай жақсы білетінмін. Ол өз ісінің нағыз маманы болатын.

- Йован, жалпы Қазақстанда Балқан түбегінен келген футболшылар өте көп. Сіз солардың ішінде кімдермен араласасыз?

- Қарағандылық «Шахтер» қорғаушысы Никола Васильевичті жақсы танимын. Сосын, Александр Симчевичпен сөйлесіп тұрамын. Ол қазір «Ордабасыда» ойнап жүр. «Астана» қақпашысы Ненад Эричпен де бұрыннан таныспын. Олардың көбісін мен осында Қазақстанға келіп таптым. Бір-бірімізге қарсы ойнағанда ойыннан кейін амандасып, хал жағдай сұрасамыз. Қанша дегенмен, отанымыз бір емес пе? Бірақ, кейіннен еске түсіре келе, фотоларды ақтарып жүріп қарасам мен Никола Василевичпен бір командада байқауда болған екенмін. Ал Симчевичпен тіпті бір командада ойнаппыз. Бірақ, ол мен келген соң бір аптадан кейін команда ауыстырып кетіпті. Және «Тобылда» ойнайтын Огнен Красичпен жасөспірімдер құрамасында бірге ойнағанбыз.

- Сербиялық футболшылар осы күні әлемнің азулы ұжымдарында доп теуіп жүр. Олардың арасында да бірге ойнаған бұрынғы әріптестеріңіз бар шығар?

- Әрине, бар ғой. ЦСКА сапында өнер көрсетіп жүрген Зоран Тошичпен Сербияның 17, 19 жасқа дейінгі құрамаларында бірге доп тепкенбіз. Аракідік бір-бірімізге хат жазысып та тұрамыз. Сосын «Челсиде» ойнайтын Немания Матичпен бірге ойнадық. Екеумізді жастар құрамасына шақырған. Өздеріңіз білесіздер, ол да мен секілді артқы жартылай қорғаушы. Маған қарағанда ол кішкене көбірек жетістікке жетті деп есептеймін.

- Йован, бір қызық сауал қойғым келіп отыр. Сербияның мен білетін экономикасы да, басқа да әлеуметтік жағдайы проблемаларға толы. Бірақ, сөйте тұра Еуропа футболын сіздің отандастарыңыз басып алды. Мұның сыры неде? Сербияда екі адамның біреуі футбол ойнайды ғой деймін шамасы?

- Иә, Сербия жалпы спортты өте қатты құрмет тұтатын мемлекет. Ел ішінде әлгіндей Сіз айтып отырған әлеуметтік ақаулар өте көп. Дегенмен, футбол жағына келгенде олай деп айта алмаймын. Біздің елде футбол академиялары, интернаттары өте жақсы деңгейде. Барлық жағдайы жасалған мектептер көп. Көптеген балалар жастайынан футболға барады. Содан 16-17 жасқа толғанда алғашқы келісім-шарттарына отыра бастайды. Одан кейін, шет елдік клубтарға ауысып ел атағын шығарып жатады. Ең бастысы футболға деген махаббат Сербияда өте мықты.

- Сербия мен Қазақстан чемпионаттарын жақсы білесіз. Нендей айырмашылық байқадыңыз?

- Ұқсастық көп. Сербияда жақсы футбол көрсететін «Црвена» мен «Партизан» бастаған екі-үш команда бар. Қазақстанда да солай. Қалған ұжымдар соларға жетуге ұмтылады. Қазақстанда футбол кішкене күшке құрылады. Допты тартып алу, қақтығыстар, ірі денелі футболшыларды пайдалану секілді факторлар көп. Сосын стандарттық жағдайларға көп сенім артылады. Ал, Сербияда - еуропалық стиль. Жылдамдық және техника мен тактикалық ойынға иек артады. Әр футболдың өзінің ерекшелігі болады. Өздеріңіз білесіздер, жазда «Қайрат» «Црвенаны» Еуропа лигасында айналып өтті. Және қандай сенімді түрде. Сол «Қайратта» өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кез-келген футболшы Сербия чемпионатында доп тебе алады деп есептеймін. Әсіресе, Бауыржан Исламханды сербиядағылар қатты мақтады.

- Маусым аяқталды. Сіздің ойыңызша Қазақстандағы үздік ойыншылар кімдер?

- Мен бір футболшыны айтып қоя салудан аулақпын. Маусымның үздіктері деп бірнеше футболшыны айтқым келеді. Көп гол соққан Жерар Гоу. Ол биылғы жылдың үздік шабуылшысы. Сосын Бауыржан Исламханның да ойыны ұнады. Оның алаңдағы қимылдары көп нәрсе шешеді. Ал өзімнің позициямда мықтылар кімдер десеңіз онда бірден ауызға "Астана" артқы жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс түседі. Сонымен қатар, "Қайраттағы" Михаил Бакаевты де ерекшелей кеткім келеді.

- Соңғы сауал, алдағы мақсатыңыз қалай болмақ? «Таразда» келесі маусымға да қаласыз ба?

- Осы жақында менің келісім-шарт мерзімім аяқталады. Әзірге басшылармен бұл тақырыпта сөйлескен жоқпыз. Әрине, Қазақстанда қалғым келеді. Әсіресе, Таразда. Маған мұнда барлығы ұнайды. Егер ұсыныс түссе, міндетті түрде қаламын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Ермұхамед МӘУЛЕН 

Фото "sports.kz" және Ресей сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх