Главное Маңызды
27 нояб. 2024, 23:34
115
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян на пресс-конференции ответил на вопросы журналистов перед матчем четвертого тура общего этапа Лиги Конференций против «Витория Гимарайнш» (Португалия), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 19:38
150
Наставник «Витория Гимарайнш» Руй Боржес оценил уровень «Астаны» перед матчем четвертого тура основного этапа Лиги Конференций, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «A Bola»:
27 нояб. 2024, 18:08
184
Главный тренер МФК «Семей» Дави Мендонса рассказал об уровне готовности команды в преддверии матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Пальмы» (Испания), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 нояб. 2024, 10:25
307
Наставник АФК «Кайрат» Марлон Веласко поделился ожиданиями от первого матча элитного раунда Лиги Чемпионов по футзалу против «Этуаля», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
26 нояб. 2024, 16:55
906
Петропавловский «Кызылжар» имеет долги по налогам за предыдущие годы. Также, следователи обнаружили факты хищения бюджета, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Гол Емес».

Жұма күнгі жеребе қалай болмақ?

15 июл. 2016, 15:20 | 2189
Еуропа чемпионаты аяқталысымен кәрі құрлықтың клубтық деңгейдегі турнирлері Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу турнирлері басталды. Қазіргі уақытта басты турнирде Қазақстан намысын «Астана», Еуропа лигасында "Қайрат" қорғауда. Командаларымыздың "Жальгирис" пен "Маккабиді" өткен жағдайда алдағы уақыттағы жағдайлары не болмақ? KazFootball.kz порталының тілшісі осы жөнінде ой қозғамақ.

Чемпиондар лигасының биылғы финалының өтетін жері белгілі. Ол ойын келесі жылы мамырда Уэльс астанасы Кардифтегі «Миллениум» стадионда өтетін болды. Ал, қазақстандық команданың басты мақсаты өткен жылғы жетістікті қайталау. Яғни, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алу. Бұл әрине оңай шаруа емес. Дегенмен де, Станимир Стойлов шәкірттерінің бұл мақсатты шешуге әлеуеті жетеді.

УЕФА бүгін өтетін үшінші іріктеу сатысының жеребе тарту рәсімі алдында командаларды рейтингтеріне сәйкес топтарға бөліп тастады. «Астана» үшінші кезеңге өткен жағдайда «Чемпиондар жолы» деп аталатын топтың бірінші қоржынындағы командалардың біріне қарсылас атанады. Ал, ол жақта рейтингісі ең төмен команда даниялық «Копенгаген» екенін айта кетейік. Әрине, Дания чемпионы секілді командалар өздерінің әлсіз қарсыластарын екінші айналымнан жеңіп өтсе. Тек бұл тізімде шотландияның "Селтигі" ғана бірінші ойында сырт алаңда Гибралтар чемпионы «Линкольн» командасына жеңілді. Ал, әзірге бұл қоржында аса қатты сенсация жоқ. Демек, бірінші аталған, рейтингілері жоғары командалардың бірі «Астанаға» қарсылас атанары анық. Олардың ішінде біздің ойымызша елордалықтарға жағымды болар 2-3 команда бар. Мысалы, өткен жылы «Астана» жеңіп өткен кипрдің "Апоэл" командасы. Олармен тең тайталаса алуға болатынын Таңат Нөсербаев бастаған жігіттер жақсы түсінеді. Одан кейін ыңғайлы қарсылас деп Беларусь елінің намысын қорғап жүрген БАТЭ-ні айтуға болады. Олар кезінде қарағандылық «Шахтерден» екі ойын қорытындысы бойынша жеңіліп қалған еді. Оларды да астаналықтар айналып өте алады. Ал, «Олимпиакос» пен «Виктория» командалары түссе, онда жағдай күрт нашарлайды деген сөз. Әрине, бұл сатыда кез-келген командамен тайталасуға болады. Алайда, әлгі аталған командалар тәжірибиесі мол, дәстүрі қалыптасқан, әрі Чемпиондар лигасының топтық кезеңдерінде ойнап үйренісіп қалған ұжымдар екенін де естен шығармайық.

Жалпы алғанда осылай жеребе жолдас бола ма екен деп бас қатырып отырмас үшін «Астанаға» осы жылы 10 000 ұпай жинау керек. Жалпы алғанда 10 жеңіс қажет. Сонда командамыз жеке рейтингісінің арқасында келесі жылы «Чемпиондар жолы» тобының бірінші қоржынында өнер көрсетуі ықтимал. Себебі, қазір сондағы ең рейтингісі төмен «Копенгагенде» 24,720 ұпай бар. Сондықтан, «Астана» биыл әрбір матчта жеңіске жетіп, мол ұпай жинауға тырысуы қажет.

Егер «Астана» үшінші кезеңнен өтпей қалатын болса, онда бізді Еуропа лигасының плей-офф раунды күтіп тұрады. Демек, Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсудің өзі қиындайды деген сөз. Ал,үшінші кезеңде жеребе жолдас болып Чемпиондар лигасының соңғы төртінші кезеңіне өтетін болсақ, онда 100 пайыз кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеміз. Ал, ол жақта биыл атақты «Манчестер Юнайтед» командасы өнер көрсететінін айта кетейік. Өткен жылы «Астанаға» жеребе жолдас болды. Биыл оңтайлы командалар түсе қалар ма екен? Міне, соны біз бүгін білетін боламыз.

«Лига өкілдері жолы».

І-қоржында:

"Шахтер" Донецк (Украина) – 81,976 (УЕФА рейтінгісіндегі коэффициенті)

"Аякс" (Нидерланды) – 58,112

"Андерлехт" (Бельгия) – 54,000

"Фенербахче" (Турция) – 40,920

"Спарта" Прага (Чехия) – 40,585

ІІ-қоржында:

ПАОК (Греция) – 37,440

"Стяуа" (Румыния) – 36,576

"Монако" (Франция) – 36,549

"Янг Бойз" (Швейцария) – 24,755

"Ростов" (Россия) – 11,716

«Чемпиондар жолы».

І-қоржында:

"Олимпиакос" (Греция) – 70,940

"Виктория Пльзень" (Чехия) – 44,585

"Зальцбург" (Австрия) – 42,520 немесе "Лиепая" (Латвия)

"Селтик" (Шотландия) – 40,460 немесе "Линкольн" (Гибралтар)

АПОЭЛ (Кипр) – 35,935 немесе ТНС (Уэльс)

БАТЭ (Беларусь) – 34,000 немесе "Сейняйоки" (Финляндия)

"Легия" (Польша) – 28,000 немесе "Зриньски" (Босния)

"Динамо" Загреб (Хорватия) – 25,775 немесе "Вардар" (Македноия)

"Лудогорец" (Болгария) – 25,625 немесе "Младост" (Черногория)

"Копенгаген" (Дания) – 24,720 немесе "Крузейдерс" (Солтүстік Ирландия)

ІІ-қоржында:

"Карабах" (Азербайжан) – 13,475 немесе "Дюделанж" (Люксембург)

"Русенборг" (Норвегия) – 12,850 немесе "Норчепинг" (Швеция)

"Астана" (Қазақстан) – 12,575 немесе "Жальгирис" (Литва)

"Астра" (Румыния) – 11,076

"Шериф" (Молдава) – 10,575 немесе "Хапоэль" Беэр-Шева (Израиль)

"Црвена Звезда" (Сербия) – 7,175 немесе "Валлетта" (Мальта)

"Динамо" Т (Грузия) – 5,875 немесе "Алашкерт" (Армения)

"Хабнарфьордюр" (Исландия) – 5,750 немесе "Дандолк" (Ирландия)

"Тренчин" (Словакия) – 5,400 немесе "Олимпия" Любляна (Словения)

"Партизани"* (Албания) – 1,575 немесе "Ференцварош" (Венгрия)

* УЕФА шешіміен Албания чемпионы «Скендербеу» клубын осы елдің күміс жүлдегері «Партизани» алмастырады.

Енді азды-кем Еуропа лигасы жайлы әңгіме қозғай кетсек. «Қайратқа» осы күні басты мәселе «Маккабиді» өтіп алу. Израильдік командаларға төрешілер қалай «керемет» қызмет қылатынын кеше де байқап қалдық. Чемпиондар лигасындағы «Хапоэль» «Шерифті» 3:2 есебімен жеңді. Сол матчта алаң иелеріне үш бірдей пенальти берілді. Олар соның арқасында жеңіске жетті. «Қайрат» егер де келесі кезеңге өтсе, оңай қарсыласқа түсуі ықтимал. Алматылықтарға тек төртінші кезеңде мықты қарсылас түсуі мүмкін. Осы жерде айта кететіні «Қайратқа» да әр матчтан ұпай ала берген дұрыс. Алматылықтардың да УЕФА-даға жеке рейтингісінің жетісіп тұрғаны шамалы. Дегенмен, мықты қарсыластың арқасында «Қайрат» үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімінде бірінші топтан шығады. Ал, оның қарсыласы болып екінші себеттегі рейтингісі төмен командалар болары анық. Сондықтан, егер «Маккабиді» артта қалдырса, команданың одан әрі қарайғы жолы ашылуы мүмкін. Мысалы «Маккабиді» өтсе, төмендегі командалар қарсылас атануы мүмкін.

2-себет
"Грасcхопперс" (Швейцария) 9,755 немесе "КР Рейкьявик" (Исландия) 
"Нефтчи" (Әзірбайжан) 9,725 немесе "Шкендия" (Македония)
АЕК Ларнака (Кипр) 9,435 немесе "Клифтонвилл" (Солтүстік Ирландия)
"Александрия" (Украина) 8,976
АИК (Швеция) 8,975 немесе "Европа" (Гибралтар)
"Слован" Братислава (Словакия) 8,900 немесе "Елгава" (Латвия)
"Люцерн" (Швейцария) 8,775
"Видеотон" (Венгрия) 8,725 немесе "Чукарички" (Сербия)
АЕК Афины (Греция) 7,940
"Войводина" (SRB) 7,925 немесе "Коннас-Ки" (Уэльс)
"Истанбул Башакшехир"" (Турция) 7,920
"Стремсгодсет" (Норвегия) 7,850 немесе "Сендерюске" (Дания) 
"Шахтер" Солигорск (Беларусь) 7,500 немесе "Домжале" (Словения)
"Спартак" Трнава (Словакия) 7,400 немесе "Ширак" (Aрмения)
"Брондбю" (Дания) 7,220 немесе "Хиберниан" (Шотландия)
"Хераклес" (Нидерланды) 7,112
"Пандурий" (Румыния) 7,076
"Османлыспор"* (Турция) 6,920 немесе "Зимбру" (Молдава) 
"Славия" Прага (Чехия) 6,585 немесе "Левадия" (Эстония)
"Дебрецен" (Венгрия) 6,475 немесе "Торпедо" Жодино (Беларусь)
"Гетеборг" (Швеция) 6,475 немесе "Пяст" (Польша) 
"Хартс" (Шотландия) 6,460 немесе "Биркиркара" (Мальта)
"Адмира-Ваккер" Медлинг" (Австрия) 6,020 немесе "Кяпаз" (Әзірбайжан) 
"Вентспилс" (Латвия) 6,075 немесе "Абердин" (Шотландия)
"Хэкен" (Швеция) 5,975 немесе "Корк Сити" (Ирландия)
"Янина" (Герция) 5,940 немесе "Оддс" (Норвегия)
"Локомотива" Загреб (Хорватия) 5,775 немесе РОПС (Финляндия)
"Габала" (Әзірбайжан) 5,225 немесе МТК (Венгрия)
"Вииторул" (Румыния) 5,076

Сөз соңында айта кететіні, биылғы маусымдағы Еуропа лигасының финалы Швецияның «Френдс Арена» стадионында өтеді. Естеріңізде болса бұл стадион Стокгольм шетіндегі Сольна деген қаланың стадионы. Бұл спорт кешенінде өзінің ойындарын Швецияның «АИК» командасы өткізеді. «Астана» командасы Еуропа лигасының  іріктеу сатысы аясында 2014 жылы осы команданы жеңген болатын.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх