Главное Маңызды
25 нояб. 2024, 19:23
199
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1179
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
839
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
499
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1529
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:

Нағи Бақытбеков: "2019 жылы Ұлттық құрама ойындарына орта есеппен 22 мыңнан астам жанкүйер келді"

09 янв. 2020, 08:34 | 1955
Қазақстан футбол Федерациясының Маркетинг және PR-қызметі департаментінің директоры Нағи Бақытбеков Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында футбол тақырыбындағы өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

- Нағи, қайырлы күн! Бірден сұрақ қоюға көшейін. Кез келген спорт түрінің көркі жанкүйерлер екені анық. Ал футболды тіпті онсыз елестету мүмкін емес. 2019 жылы ҚФФ жанкүйерлермен қандай бағытта және қандай жұмыстар жүргізді? Стадионға келген көрерменнің саны артты ма, әлде керісінше кеміді ме?

- Әрине, футболды жанкүйерлер үшін ойнатынымыз анық. Бұл бағытта біраз іс атқарылды. Жанкүйерлердің стадионда емін-еркін кіріп,отыруы, билет бағаларын қалтаның көтеруін де ойластырдық. Ал стадионға келген көрерменнің саны едәуір артты. Мәселен Еуропа чемпионатына іріктеу кампаниясы кезінде өз алаңымызда 5 ойын өткіздік, әр матчқа орта сеппен 22889 адам келіп отырған (Қазақстан - Шотландия матчы (27641),  Қазақстан – Ресей (29582), Қазақстан - Сан-Марино (18652), Қазақстан – Кипр (11769) және Қазақстан - Бельгия (26801).

- 2018 жылдан бастап «Бренд-амбассадорлар» жобасы қолға алынды. Бұл алдағы уақытта жалғасын таба ма және құрамында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- 2018 жылы УЕФА Ұлттар лигасы турнирі қарсаңында басталған аталмыш жоба өткен жылы да жалғасты. Құрамы да біршама өзгерді. Алдыңғы жылы олардың саны 11 адам болса, 2019 жылы 9-ы қалды, атап айтар болсақ, Мейрамбек Бесбаев, Нұрлан Қоянбаев, Ерке Есмахан, Әсел Садуақасова, Луина, Нұржан Керменбаев, Гүлназ Жоланова, Марат Оралғазин, Айқын Төлепберген сынды өнерде, шоу-бизнесте жүрген, әлеуметтік желілерде жазылушылары көп, жалпы елге танымал қыз-жігіттер Қазақстан футболының шашбауын көтеруден шаршаған жоқ.  Олардың жетістіктері жоқ емес. Қолдау, жарнамалау жағын өз деңгейлерінде атқарып жүр. Бұл туралы біраз жерде айтып жүрміз. Алдағы уақытта да осынау жобаны жалғастыру туралы басшылықпен келісіп жатқан жайымыз бар.

- Сонда бұл адамдарға ақша төлейсіздер ме, әлде сыйақы тағайындала ма? Көпшілік осыны білгісі келеді...

- Баспасөз беттерінде, әртүрлі әлеуметтік желілерде бұл туралы алыпқашпа әңгімелердің көп айтылғанын көзіміз көріп жүр. Сіз айтқандай ешқандай сыйақы ештеңе төленбейді, олар тегін жұмыс істеп жүр. Тек жол шығыны, орналасу жағына ғана қаражат жұмсаймыз. Бренд-амбассадорлар арқылы біз Қазақстан ұлттық құрамасын жарнамалап, өзіміздің де оқырмандарымызды көбейтіп жүрген жайымыз бар.

- Әлеуметтік желі демекші, ҚФФ-ның ресми сайты жаңарып, мобильді қосымшасы іске қосылды. Тағы қандай шаруалар атқарып жатырсыздар?

- Иә, 2018 жылы сайтымызды жаңарттық, алайда уақыт бір орнында тұрмайды. Жыл сайын өзгерістер енгізіп отырмасақ, замана көшінен қалып қоюымыз ғажап емес. Ақпараттық технологияның қарыштап дамып жатқан кезінде трендтерден қалмауымыз керек. Мобильді қосымша да өте ыңғайлы, ықшам етіліп жасалды. Ал әлеуметтік желілер жайлы айтар болсақ, дәл қазіргі сәтте Instagram (64300 жазылушы), «Вконтакте» (12600), YouTube (16300), Facebook (2322), Twitter (1666) желілеріндегі ресми парақшаларымыздағы оқырмандар саны күн сайын өсіп келеді. Мұнымен тоқталып қалмаймыз. Facebook пен Twitter желілерін халық көп пайдалана бермейді. Жазылушы санының да сол себепті аз болуы мүмкін, дей тұрғанмен бұрынғымен салыстырғанда бұл көрсеткіштерді де тәп-тәуір деуге болады.

- Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстарыңыз жөнінде не айтасыз?

- БАҚ-тың кез келген саласымен, оның ішінде телевизия, радио, баспасөз бен басқа да ақпарат құралдарымен байланысымыз ашық, жақсы деңгейде жұмыс істеп жатырмыз. Олар қандай да бір мәліметтер немесе ақпараттар туралы білгісі келсе, бізбен телефон, хат-хабар арқылы байланысып жүр. Бес саусақ бірдей емес, біреулер сынап, енді бірінің көңілі толып жатады.

- Журналистер кейде федерацияға реніштерін білдіріп жатады. Айтпағым, бұрындары БАҚ өкілдерін түздегі ойындарға жиі алып баратынсыздар, қазір ол дәстүр неге тоқтап қалды?

- Өткен жылы ұлттық құрама ойындарын көрсететін Qazsport телеарнасының тілшілері мен операторларын алып жүрдік. Шетелде өкілдіктері бар «Хабар» сынды телеарналар мен басқа да ақпарат агенттіктерінің тілшілеріне шетелдегі ойындардың баспасөз мәслихатына және матчтарға қатысуға көмектесеміз. Өз алаңымыздағы ойындарға қанша орын бөлінеді, еш кедергісіз журналистерді кіргізіп жүрміз. Кей кезде сыймай қалып жатады,  дегенмен максималды түрде көмегімізді аямаймыз.

- Өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында UEFA GROW атты семинар өтті. Осы туралы толық білгіміз келеді. Кімдер қатысты, қандай мәселелер талқыланды дегендей...

- Қараша айының 24-27 аралығында бұл семинардың өткені рас. UEFA GROW жобасы федерациялардың жұмысын оңтайландыру жағынан таптырмас дүние екені анық. Еуропадағы 55 мемлекет арасында ТМД елдерінің футбол шаруашылықтары да бұл жобадан қалыс қалған емес. Ресей, Украина, Грузия, Армения, Молдова, Беларусь, Әзірбайжан және Қазақстан сынды елдердің өкілдері осы жоба аясында әр 4-5 ай сайын кездесіп, маркетинг, PR және басқа да мәселелер бойынша ақылдасып, кімнің қандай жаңа дүниесі бар, жалпы қандай да бір оң істер туралы  талқылаймыз. УЕФА ұйымынан да арнайы спикер келіп, өздерінің көрген-білгендерімен бөлісіп жатады. Елордадағы семинар төртінші саналады, бұған дейін Кишиневте, Бакуда және Тбилисиде өткен болатын. Берері мол жиын келесі жолы Минскіде өтеді.

- Басқа мәселеге ойыссақ. Қазақстан футбол федерациясы өз тарихында тұңғыш рет KFF Football Awards 2019 салтанаты шарасын ұйымдастырды. Осы туралы кеңірек айта өтсеңіз...

- Дұрыс айтасыз. Тұңғыш рет өткізілген аталған шара 11 қараша күні астанамыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Марапаттау шарасын БАҚ саласындағы серіктесіміз «Хабар» агенттігі түсіріп, республика жұртшылығына таратты. Мұнда біздің федерация қамтитын ерлер футболы, әйелдер футболы, футзал, жағажай футболы бойынша 2019 жыл маусымының үздіктерін марапаттадық. 40-қа жуық номинация бойынша жүлделер табысталды. Бұдан әрі де жалғасын табуы тиіс жобаға футболшылар, бапкерлер және клуб басшылары да дән риза. «Еңбек қашанда еленуі тиіс, сонда ғана спортшыларға қосымша мотивация, серпін береді»  дейді олар. Ал енді ұйымдастырылу барысы туралы айтар болсам, декорациясы, графикасы мен сахна, қонақтар мен өнер көрсеткен әртістердің де жоғары  деңгейлі болуы біраз жайды аңғартса керек. Алдағы уақытта бұдан да қызықты өтеріне күмәнім жоқ, қызықты номинацияларды қосу да ойымызда бар.

- Нағи, соңғы сұрағым ұлттық құрама жайлы болмақ. Наурыз айында Қазақстан құрамасы Алматыда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты қанда іс-шаралар ұйымдастырылмақ?

- 23-30 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы Талғардағы оқу-жаттығу базасында жаттығу жиындарын өткізеді. 27 және 30 наурызда екі жолдастық кездесу өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Әзірге 30 наурыздағы қарсыласымыз ғана белгілі, ол – Армения құрамасы. Екінші қарсыласымыз жуырда белгілі болады. Барлық алматылықтарды осы матчтарға шақырамыз. Жанкүйерлерді шақыру, жарнама жағын сапалы түрде ұйымдастырамыз деп ойламын. 2017 жылдан бері оңтүстік астанада ұлттық құраманың ойындары өткен жоқ. Жанкүйерлер, жалпы қала жұртшылығы мұндай деңгейдегі матчтарды сағынғаны анық, сұрап та, айтып та жүр. Билеттер бағасы, өтетін жоспарлы іс-шаралар туралы мағлұмат алдағы уақытта федерация сайтында  жария етіледі.

Prosports.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх