Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
245
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
295
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
276
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
265
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
270
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Бір белесті бағындырдық

21 июл. 2016, 17:00 | 1715
«Астана» – «Жальгирис» ойыны Елорда футбол жанкүйерлерінің ғана емес, күллі қазақстандық көрерменнің қызығушылығын тудыртқаны рас. Сондықтан, осы ойын төңірегінде сөз қозғайық.

Ойынға дейін

Екінші іріктеу кезеңі бұл Қазақстан чемпионы үшін ұпайды барыншы жинайтын алаң болуы тиіс. Себебі, рейтинг мәселесі күн сайын басты мәселеге айналып келеді. Жеке клубтар рейтингінде «Астананың» аспандап тұрған дәнеңесі жоқ. Сондықтан, қос матчта екі жеңіс алуды мақсат тұтуымыз керек еді. Алайда, мақсат солай болғанның өзінде де, іспен сәйкестік табылмады. Сырт алаңдағы ойын сүреңсіз өтіп, таблодағы 0:0 есебі сол күйі өзгеріссіз кетті. Өткен жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көсреткен «Астана» футболшылары шынын айту керек кішігірім немқұрайлы шықты сол күні. «Жальгиристі» айналып өтеміз деген ішкі ой көп футболшымыздың кеудесіне нан пісіріп жіберді. Соның нәтижесі сырттағы ойында тіпті ұтылып та қалуымыз ғажап емес еді. «Жальгирис» өз алаңында бар өнерін салды. Соның өзі осыншамаға ғана жетті деп топшылағандар қателесті. Кешегі ойында литвалықтар бізді таңқалдырды. Әсіресе екінші таймда. Гол жіберіп алғаннан кейін жігерленді де кетті. Одан кейін қорғанысты қалай жақсы ұстай білді. Уақытты да тамаша созды. Бірақ...

Ойынның өзі

«Жальгирис» ойыншылары тізімінде ешқандай өзгеріс орын алмады, барлығы сол қалпында қала берді. Тек команда бұл жолы қорғанысқа қамданып, қарымтаға белді бекем буып отырды. Ол түсінікті. «Астана» осы матчта ортадағы ойыншылардың кесірінен көп қиындық көрді. Бұл ойынды өз басым Рохер Каньяс пен Таңат Нөсербаевтың ең нашар ойындары дер едім. Колумбиялық жартылай қорғаушы пас беру кезінде көп қателесті және 2-3 рет ұстап тұрған добынан прессинг кесірінен айырылды. Бұл әрине кез-келген футболшының басынан өтіп жатқан жағдай ғой. Алайда, Рохерден мұндай нашар ойынды біз көріп үйренбегенбіз. Кәдімгі жүйкесі темір, таблодағы есеп қандай болса да мүлтіксіз қызмет етіп жүретін тірек ойыншымыз ортада ойқастай алмады. Ал, екінші таймда «Жальгирис» ойыншысы оны кеудесімен қақпайлағанда Каньяс құлап қалып, допты қарсылас жұлып әкеткенде шаруа тынды деген ой келген. Тура осы ойында Каньясты құтқарған тек Максимович болды. Ол әдеттегі өзінің көрінбейтін кейпінде барлығын реттестіріп жүрді. Ал, соңғы минутта гол соғылған сәтте ортаға допты асырған да сол сербиялық футболшы еді.  

Таңатқа келсек. Нөсербаевтың баяғы нөсерлетіп тұрып адуынмен шабуылға араласатын кезі артта қалған. Осы күндері тек техника мен тәжірибиеге ғана арқа сүйеп жүр. Негізі командаға сіңірген еңбегі мен атақ-абыройы болмаса Таңаттың елордалық командада жүрер жайы жоқ секілді. Осы ойын соның айқын дәлелі. Бұл бүгінгі ойыннан шыққан қорытынды емес. Жиналған қойын дәптердегі түйіндемелерден. Әрине, осы маусым аяқталмайынша ол «Астанада» болары анық. Оны ешкім де қуып жатқан жоқ. Бірақ, көптеген ойыншылар секілді деңгейі сәл төмендеу, өз ойынына шақ келетін командаға ауысып кеткені дұрыс.

Бұл ойынның алғашқы таймында Таңаттың шабуылға араласуларының барлығы сәтсіз өтті. Ол қақпаға бір ғана соққы жасады. Оның өзі тек статистикалық мәлімет демесеңіз, соққы деуге келіңкіремейді. Алғашқы таймда әуедегі допқа жеті рет секірді, бірақ соның бірде-бірін жеңе алмады. Бас бапкер Станимир Стойлов оны өткен жолғы «Атырауға» қарсы өткізген ойынға қатыстырмады. Кішігірім жарақаты бар деп. Енді осы матчқа неге шығарғаны тек команданың белді футболшысы, жігіттерді жігерімен жанып жүрсін деген оймен болса керек. Екінші жағы ортада ойнайтын ешкім де болған жоқ. Вингерлерден Патрик Твумаси мен Агим Ибраими, шабуылда Джуниор Кабананга, оның астында Таңат Нөсербаев. Тура осы орынға шығаратын «Астана» командасында басқа футболшы болмады. Енді келесі ойындарда бұл позицияда Азат Нұрғалиев ойнайтын болады. Өйткені, ол Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне тіркеліп үлгермеді.

Есеп 1:1 болғаннан кейін Нөсербаевтың орнына Серікжан Мужиков шықты. Оның ортадағы ойыны құр бөкен желісті елестетті. Тек Ибраимидің орнына Джордже Деспотович шыққанда ғана ойыншылар дұрыс позиция алды. Ибраимидің қапталын Твумаси басты (ол оның сүйікті қапталы), Твумасидың сол қапталы Мужиковқа бұйырды. Ал, жаңағы ортадағы Таңаттың шабуылшылардан сәл төмен орналасқан жерін Деспотович алған жоқ. Ол Стойловтың тапсырмасымен екінші шабуылшы болды. Ортаға Максимович пен Каньяс орналасты. Себебі, бір тіреуші артқы жартылай қорғаушының қызметін Юрий Логвиненко орындай бастады. Аничич пен Шитов сәл ортаға ойысты. Оның да себебі түсінікті. Шитов шабуылға шыға беретін қорғаушы емес. Беларустың ойын мәнері бұзып-жару, тоқтату. Ойынның қаһарманы болып Марин Аничич танылды. Ол «Астана» соққан екі голдың да авторы атанды.

Ойыннан кейін

Былтыр соңғы минутта Евгений Постников соққан голдың арқасында «Астана» "ХИК"-ті жеңген еді. Енді міне, тағы бір қорғаушы Марин Аничичтің арқасында соңғы секундтарда жеңісті гол соғылды. Қорғаушылар қашанға дейін құтқарар екен?! Чемпионатта келе салып екі гол соғып үлгерген Джуниор Кабананга «Астананың» негізгі шабуылшысына айналып келеді. Стойлов Деспотовичті енді тек алмастырып қана кіргізіп отыратын секілді. Шабуыл өтінде осылайша бәсекелестік пайда болып келеді. Бұл әрине жақсы. Оның үстіне жоғарыда айтылған Азат Нұрғалиев те бар. Бұл матчта сонымен қатар, Агим Ибраимидің креативтілігі ұнады. Қайта-қайта финт көрсетіп, айып алаңына пас шығарумен болды. Осы кезде Бауыржан Джолчиев еріксіз еске түседі. Енді сәл бір батылдық пен шешімталдылық қосылса, Ибраими Джолчиевті жоқтатпайтын секілді. Айтпақшы, келесі қарсылас шотландияның «Селтик» командасы болатын болды. Атақты Брендан Роджерс баптайтын команда өз алаңында «Линкольнді» 3:0 етіп жеңіп тастады. Біршама мәселеге нүкте қоятын бұл ойынды одан әрі тағатсыздана күтеміз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх