Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
245
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
295
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
276
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
265
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
270
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Бүкіл елге бір батыр. "Қайрат" Еурододамен қоштасты, "Астана" алға аттады

24 июл. 2016, 12:40 | 1734
Бір ай бұрын ғана еуромаусым басталып еді. Бүгінде бірден үш командамыз жарыс жолынан шығып қалды. Былтыр үздік клубтық турнирдің топтық кезеңінде лайықты өнер көрсеткен «Астана» биыл да жалғыз өзі қазақ футболының намысын қорғайын деп тұр, деп жазады KazFootball.kz порталы

Еуропа лигасындағы екінші кезеңнің ең мықты командасына түскен «Қайраттың» жолы болмады. Алматыда қолда бар жеңістен айырылғаннан кейін-ақ, жат жерде жауын жайпайды дегенге сену қиындау еді, шынында. Израильдіктер өз алаңында төрешінің ысқырығы естілісімен қонақтарды қыспаққа алып, жылдам голдан дәмелі екендерін аңғартқан еді. Алматыда-ақ оң қанаттың осалдығын аңғарған «Маккаби Тель-Авив» футболшылары жанды жерге алғашқы минуттардан қанжар сұғумен болды. Желаяқ Бен Хаим біздің Станислав Лунинді қорғаушы құрлы көрген жоқ. Маусым бойы біресе ортаны, біресе қапталды қорғап, онсыз да шақшадай басы шарадай болып жүрген Лунинды шыр көбелек айналдырды. Матчтағы бірінші голдың қалай соғылғаны де есімізде.

Қарсылас капитаны командасын келесі кезеңге алып шықты, біздің капитан жанкүйерлерді жерге қаратты. «Маккабидің» жарыстағы жолын жалғастыруға мүмкіндік сыйлаған голдың авторы-орталық алаңды тас қамал ұстайтын команда капитаны Альберман болатын. Ал, бірінші кездесудегі біздің Бауыржанның бала қылығы капитанға тән емес еді. «Қайраттың» ойыны Бауыржанның төңірегінде өрбитінін ішкі біріншіліктегі матчтардан көріп жүргенбіз. Капитансыз ойнаған алматылықтардың шабуылы шабыттанбады. Исламханның орнында ойнаған Герсон Асеведо жасыл алаңда «жоғалды». Премьер-лигадағы ең қымбат футболшы жанкүйер жүйкесін жұқартар ойын көрсетті. Ойын деп атауға келсе. Цхададзенің ең үлкен қателігі Герсонды алаңға алғашқы минуттан шығарғаны болатын.

«Қайрат» қауіпті сәттерді Андрей Аршавиннің жеке шеберлігінің арқасында ғана ұйымдастырып жатқанын көріп отырдық. Ресейлік легионерде бірінші таймда есепті теңестіретін тамаша мүмкіндік болса да, пайдалана алған жоқ. Жалпы алғанда, «Қайраттың» қос қанатының айырмашылығы аспан мен жердей болды. Гафуржан Сүйімбаев өз қақпасының маңында тас-қамал қорғанып, шабуылда соққы бағыттап, әдемі пастар беріп жүрсе, Аршавин қарсылас қорғаушыларынан жиі өтіп, Шота Арвеладзе жігіттерінің айып алаңын аласапыран етті. Екінші тынысы ашылғандай жүгірді. Керісінше, қарама-қарсы қапталдағы Исаэль Барбоза мен Станислав Луниннің ойынына екі қою да жомарттық болар еді.

Түйіндей келгенде, Аршавин айтқандай «Маккаби» еурокубоктердегі тәжірибиенің арқасында «Қайраттың» қарымын қайтарды. Қос ойындағы үш голдың екеуін соңғы минуттарда соққандары да осының бірден-бір айғағы. «Астанаға» серік болып жүрген матчтың соңы, «Қайратқа» қас болды. Жеребеге ренжуге де болады. Алматыдағы да, Израильдегі бас қазыларға сын айтуға болады. Бірақ, келесі кезеңге өте алмағанына өздері ғана кінәлі. Екі ойында да матчтың шешуші сәтінде гол жібергендері үшін. Капитанды жауапты сәтте ұжымды жарға жықпауға тәрбиелемегендері үшін. Цхададзенің шексіз қателіктері үшін. Енді, «Қайратқа» маусым аяқталды деуге де болар. «Астананы» чемпионатта қуып жетуі екіталай. Екінші орыннан айырылып қалмас та. Бастысы, бұл ащы сабақтан қорытынды шығарып, келер жылы «Маккаби» секілді мықтылармен мығым болып ойнауға дайын болып оралу керек.

«Астананың» айдарынан жел есті деп те қуанудың қажеті шамалы. Нәтиже бар да, ойын жоқ. Дәл осылай босаңсуды «Селтик» кешіре қоймас. Станимир Стойлов матч алдында да, үзіліс кезінде де қонақтағы 0:0 есебінің аса тиімді емес екенін түсіндіре алмапты шәкірттеріне. Алғашқы голды соғуын соқты да, қарсыластың қарымта добы жағдайды басынан аяғына дейін өзгерте қоярын толық ұққан жоқ. Есеп теңескеннен кейін жер тырмалай шабуылдады деп айтуға ауыз бармайды. Ненад Эрич болмағанда, қуырдақтың көкесін көрер едік.

«Астанада» шабуылшы бар ма өзі? Қағаз бойынша негізі үшеу. Ойынға қарасаң нөл. Матчтың басынан алаңға шыққан Джуниор Кабананга да, Таңат Нөсербаев та, тыңнан қосылған Джордже Деспотович та тұшымды ойын өрнегін көрсете алмады. Ал, қатарға жақында қосылса да команда ойыны Азат Нұрғалиевқа бағынышты болып қалыпты. Ішкі біріншіліктегі «Астананың»  соңғы голдары Нұрғалиевтің арқасында орын алып жүр. Еурокубоктерде ұзақ ойнаймыз десе, клуб басшылығы келесі кезеңде-ақ Азаттың алаңға шыға алатынына жағдай жасауға міндетті.

Ел мақтаған Агим Ибраими «Жальгириске» қарсы екі ойында да көзге түсе алмады. Оң қанатта ғана ойнай алатындықтан, бұл футболшыны бас бапкер орнына қойған еді. Бұл командананың қос қанатын сындырумен бірдей болды. Агим оң қапталда нәтиже бермеді. Ал, Патрик Твумаси сол жақтан гөрі, оң қанаттан жемісті шабуылдайтын еді. Литвада өткен алғашқы матчтағы Ибраимидің сүреңсіз ойынына куә бола тұра, Стойлов бәрібір де Македония ұлттық құрамасының футболшысына сенім артты. Футболшының бапкер сенімін ақтай алмағанын, матч басынан бастап Ибраимды алаңға шығарғаны қателік болғанын бапкер жетпісінші минутта оның орнына Деспотовичті шығарып мойындады.

Шабуылшылардан қайыр болмағасын, «Астананың» екі голын да қорғаушы Марин Аничич соқты. Қорғаушының дублі команданы үшінші кезеңге алып шықты. Бойлары еңгезердей, екінші қабатта мықты ойнайтын шотландықтардың қақпасына қалай доп дарытпақ Стойлов шәкірттері?

Негізі «Астана» да, «Қайрат» өз қарсыластарына қарсы бірдей деңгейде өнер көрсетті. Стойлов жігіттері сәттіліктің арқасында литвалықтарды артта қалдырса, алматылықтарға сол сәттілік серік болмады. Оған қоса, елордалықтарда бар тәжірибие «Қайраттың» бойынан табылмады. Алматылықтар команданы сұрыптап, өткелектен өткізіп, қайсар ұжым жасақтайды деп сенейік. Ал, еурокубокте қалған «Астана», уақытында қазақ футболынан айтарлықтай қарсылық көрген «Селтикті» өтеді деп үміт артайық.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх