Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
255
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
302
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
279
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
269
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
273
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Командасын өрге сүйреп жүрген өрендер. І-бөлім

24 июл. 2016, 13:40 | 1719
Премьер-лига екіге бөлінетін кез де таяп қалды. Бүгін екі алтылық сұрыпталып, кімнің неге таласарын анық білетін боламыз. Бүгінде алға қойған мақсатқа командаларға қай футболшылардың көмегі көптеп тиіп жүр? Қай футболшы қысыл-таян кезде ұжымды алға сүйреп жүр? KazFootball.kz порталының тілшісі бұл материалда әр команданы өрге сүйреп жүрген футболшылар туралы әңгімелек.

«АҚЖАЙЫҚ»

Былтыр Бірінші лиганы жеңіп, Премьер-лигада сәтсіз өнер көрсеткен «Қайсардың» орнын басқан «Ақжайық» дәл бүгін чемпионаттың сөзсіз аутсайдері болып отыр. Жиырма бір турдан кейін он бір ұпай ғана алған оралдықтарға бір өзгеріс керек-ақ. Тұңғыш рет Қазақстан клубын еурокубоктің топтық кезеңіне жеткізген бапкер баптайды деп «Ақжайық жанкүйерлері қуаныштан бөрікті аспанға атқан еді кеше ғана. Алайда, ол қуаныш су сепкендей басылды. Өзіне де, өзгеге де сәттілік тілеп, жұмысқа білек-сыбана кіріскелі отырған Виктор Кумыков бір түннің ішінде кетті де қалды. Бұндай да болады. Команданың салы суға кетіп, жолы болмай жүргенде ұжым сапынан белсенді футболшыны атап көрсету де қиын іс. Команда біріншілікте ең көп гол өткізді, голға мүлде жарымай жүр. Қорғаныс нашар, шабуыл жоқ. Кейде, шабуылшы жоқ па деп қаласың. Мальцев, Дудченко, Лечич деген жігіттер алаңнан соққысыз да кетеді кейбір матчтарда.

Десек те, Фредди Коронель деген парагвайлық футболшы бар оралдықтар сапында. Осы маусымда «Ақжайық» екі рет жеңіс дәмін сезініп көрсе, сол екі жеңісті де командаға осы азамат алып келді. Маусым басында «Ақжайық» «Қайраттан» айла асырып, сенсация жасағаны бар. Сол матчта Коронель есеп ашса, 15-ші турдағы "Таразға" қарсы ойында қос голдың авторы атанып, «Ақжайыққа» үш ұпай сыйлағаны бар. 29 жастағы Коронель болмағанда оралдықтар жеңістің не екенін білмес пе еді? Және екі нәтижелі пас Коронель пайдасында. «Ақжайық» маусымда он екі гол соққан болса, соның бесеуі парагвайлық легионердің арқасында өмірге келген деген сөз.

«ШАХТЁР»

«Кеншілердің» гол соққаны ел үшін үлкен жаңалық. Орта есеппен «Шахтёр» жиырма бір турдың бесеуінде ғана қақпаны дәл көздепті. Яғни, бес ойында бір мәрте гол соғады. Әрине, бұл өте нашар нәтиже. «Шахтёрдің» тірі аңызы Андрей Финонченко үшін жаның ашиды. Жасы 35-ке келіп қалған Финонченконың бұл маусымда да командаға көмегі тиді. Қонақтағы «Ақжайыққа», «Таразға» қарсы матчтарда үш ұпайдан алып бергені бар. Ал, Нидерландыдан келген легионер Деслей Уббинк үш рет мергендік танытты. Бір голы нәтиже алып келмесе, екі голы кестенің жертөлесіне жайғасқан «Ақжайықты» жеңуге көмектесті. Маңызды ойындарда жоғалатын бұл футболшыдан да «Шахтёрге» пайда аз болып тұр.

«ТАРАЗ»

Соңғы кезде қарқынға мініп, төрт турда екі саты жоғары секірген жамбылдықтардың ойыны жүріп тұр. Оңтүстік дербиінде, Шымкенттің төрінде «Ордабасыны» ойрандағаны неге тұрады? «Тараз» Премьер-лигада жылдам ойын өрнегін көрсетіп жүрген командалардың бірегейі. Команданың көшбасшы футболшысы әрине, Малик Мане. Сенегал азаматы жалақасының әрбір тиынын маңдай терімен ақтап жүр. Жеті рет қарсылас қақпашыларын сан соқтырған. Ал, жас футболшы Әлішер Сүлей соңғы «Ордбасыға» қарсы ойынның тағдырын жалғыз өзі шешті. Екі гол салып, нәтижелі пас берді.

«ЖЕТІСУ»

Душан Савич кетіп, «Жетісудың» сұрмергені жартылай қорғаушы болып тұр. Соңғы турда Дрогбаның отандасы, әрі аттасы Борис Дидье Кадио маусымдағы екінші голын тоғытты. Иә, «Жетісу» шабуылының хәлі мүшкіл. Бүгінде команда сапында қалып, шабуылшы ретінде өнер көрсетіп жүрген футболшылардың атында бірде-бір гол жоқ. Алғашқы алтылықтан алыс, Бірінші лигаға түсіп қалу қаупі жоқ команда тек маусым аяқталғанын ғана күтіп отырса керек.

«АТЫРАУ»

21-ші турда «Астанамен» терезесі тең ойнаса да, ұпай алмаған батыстықтар осыдан бір ай бұрын алтыншы орынға таласта көшбасшы еді. Соңғы матчтардағы тең есептер мен жеңілістерден кейін Стойчо Младенов командасы сегізінші сатыға сырғыды. «Атыраудың» жақсы қасиеті ұжым ретінде мықты. Әр ойында түрлі футболшылар нәтиже әкеліп отырады. «Атырау» да Премьер-лиганың көптеген командалары секілді шабуылшыға жарымаған. Негізгі шабуылшы поляк легионері Пшемыслав Трытко маусым айының басынан бері үнсіз. Ал, беларусь шабуылшысы Александр Макась командада не үшін жүргені белгісіз. Владимир Аржанов, Павел Шабалин, Валерий Коробкин, Александр Куртеян, Алтынбек Сапаров секілді жартылай қорғаушылар кейбір ойындарда нәтижені қамтамасыз етіп жүр.

«ТОБЫЛ»

Бірінші кезеңнің соңғы туры алдында алтылықтан дәмелі команданың бірі осы - «Тобыл». Өткен турда өз алаңында «Оқжетпеске» есе жібермегенде алтыншы орынның тағдыры өз қолдарында еді. Енді, Омари Тетрадзе шәкірттері соңғы турда «Ақжайықты» жеңіп қана қоймай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде шымкенттіктердің тілеуін тілеулері керек. «Тобыл» чемпионаттағы қайсар команданың бірі. Көбіне бір доп айырмасымен ұтылатын «Тобылға» сәттілік жетіспей жатады. Мысалы, «Оқжетпеспен» болған ойында қаншама мүмкіндікті пайдалана алмай, ойда жоқта жеңіліп қалды. Жалпы, команданы алға жетелеп жүрген футболшы австриялық азамат Томаш Шимкович. Маңызды кездесулерде жарқырайтыны бар. Екі тур бұрын команда өз алаңында «Ертісті» тізе бүктірген кезде, Томаш бір гол мен нәтижелі пас олжалады. «Қайратқа» қарсы ойында Артурас Жулпаға нәтижелі пас берген де осы жігіт. Сол қапталда ойқастап, кейде ортаға да ойысатын Шимковичтің маусымда «Тобыл» соққан 23 голдың сегізіне қатысы бар. Бес гол, үш пас.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх