Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
231
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
284
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
266
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
256
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
264
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Бірінші кезеңдегі ең жарқын сегіз ойын

01 авг. 2016, 08:01 | 1575
Жанкүйерлер тамсанып, ұзақ уақыт жыр қылып айтып жүретін тартысқа толы, нәтижелі матчтар ел Премьер-лигасында аз болатыны баршамызға мәлім. Бір қызығы жеңіліп жатып, мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алып кететін командалар да некен-саяқ. Десек те, бірінші кезеңдегі ең тартысты деп сұрыптап алынған сегіз ойынға тоқталып өтуді жөн көрдік.

4-тур. «Ақтөбе» - «Жетісу» - 3:2

Маусым басындағы «Ақтөбе» мен «Жетісу» ойыны тізімді ашып бермек. Алдыңғы үш турда жеңіске жетпеген қос команда, маусымдағы ең нәтижелі матчтардың бірін көрермендерге ұсынған еді. Ақтөбедегі “Қобыланды батыр” атындағы стадион маусымға дайын болмағандықтан, бұл ойын “Астана-Аренада” өткен болатын. Бірінші таймда батыстықтар екі гол соғып, үзіліске басымдылықпен кетсе де, екінші таймның басында қонақтар есеп айырмасын қысқартады. Матчтың аяғына дейін алма-кезек шабуылдаған командалар үш минуттың ішінде голдармен алмасып, 3:2 есебін тіркейді. «Ақтөбе» бірінші жеңісіне осылай қол жеткізген еді.

7-тур. «Ертіс» - «Астана» - 2:2

«Астана» алғаш ұпай жоғалтқан матч. «Қайрат» алғашқы алтылыққа ене алмай жүргенде, «Астана» мен «Ертіс» көшбасшы орынға таласып жүрген. Павлодардағы матч өте тартысты өтеді. Төреші ысқырығы естілісімен шабуылға лап қойған «Ертіс» футболшылары екінші минутта есеп ашады. Гогита Гогуаның асырған пасын Елдос Ахметов голға ұластырған еді. Араға бес минут салып-ақ, Станимир Стойлов жігіттері жауапты допты Джордже Деспотовичтің арқасында соқса, отыз бірінші минутта тіпті есепте алға шығады. Серікжан Мужиков оң қапталдан келген пасты сәтті пайдаланады. Дегенмен, елордалықтар жеңісті ұстап қала алмайды. Екінші таймда Карлуш Фонсека алаң иелеріне тең нәтижені алып келеді. Жалпы, маусымдағы ең сапалы матчтардың бірі осы еді.

9-тур. «Атырау» - «Ордабасы» - 2:2

Батыстық команданың қатысуымен тағы бір ойын. Маусым басынан бастап төртікке жармасқан шымкенттіктер «Мұнайшы» стадионынан үш ұпай алып кетеміз деп келген. Қонақтар бірден іске кірісіп те кетті. Ойынның бесінші минутында Филип Касалица есеп ашады. Алаң иелерінің осыдан кейін қарқыны күшейіп, бірінші таймның қосымша уақытында таблодағы есепті теңестіріп кетеді. Пшемыслав Трытко қақпашымен бірге-бір шығып, Алмат Бекбаевтың үстінен допты әдемі асыра салады. Екінші таймның басында «Ордабасы» Ренат Абдуллин голының көмегімен матчта екінші рет есепте алға шықса да, атыраулықтар екінші рет есепті теңестіріп кетеді.

13-тур. «Қайрат» - «Ақжайық» - 3:2

Алматыдағы бұл ойын Андрей Сидельниковтың өрескел қателіктерімен есте қалды. Владимир Плотниковқа демалыс беріп, екінші қақпашыны алаңға шығарған Кахабер Цхададзе опық жеді. «Қайраттың» қақпасына соғылған екі гол да Андрейдің болмашы жерден қателік жібергенінің салдарынан туған еді. Алматылықтар бірінші таймда-ақ қақпашыны ауыстырады. Ал, алғашқы таймның есебі - 1:2. Чемпионаттың сөзсіз аутсайдері екі-үш минут шыдағанда, сенсация жасағалы тұрған. Бірақ, Жерар Гоу мен Гаэль Тавамбаның арқасында Цхададзе жігіттері жеңісті жұлып әкетеді. Ал, Сидельников содан бері алаңда қарасын көрсеткен жоқ.

16-тур. «Тараз» - «Жетісу» - 2:3

«Тараз» матчтың алдында «Жетісудан тоғыз ұпай қалып тұрған. Соңғы орынға жайғасқан жамбылдықтардың жайы өте мүшкіл еді. Бұл ойын алаң иелері үшін сәтсіз өрбиді. Бірінші таймның ортасында бір доп, екінші таймның бірінші жартысына дейін екі доп тоғытқан Душан Савич хет-трик жасап, қонақтарға ірі жеңіс әкелгелі тұрған. Алайда, матч соңына қарай жамбылдықтар жігер таныта білді. Негізгі уақыт аяқталарға бес минут қалғанда Малик Мане гол соқса, Йоан Мера тоқсаныншы минутта есеп айырмасын қысқартады. Бірақ, жата-жастана қорғанған Алмас Құлшынбаев шәкірттері жеңісті сақтап қала алды.

16-тур. «Қайрат» - «Ордабасы» - 2:2

Өткен матчта өз алаңында «Ертісті» жеңген «Ордабасы», Алматыға «Қайраттың» қарқынына төтеп береміз деп келген. Әр таймның басында Владимир Плотников қақпасына доп дарытқан шымкенттіктер алаң иелерін әбден састырған болатын. Ойын барысы «Ордабасының» қолында болып көрінгенімен, әуелі Жерар Гоу есепті қысқартып, кейін Жарко Маркович таразы басын теңестіріп, «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалады. Он мыңға жуық жанкүйер тамашалаған оңтүстік дербиінде қос команда кім мықтыны анықтай алмай тарқасқан еді.

17-тур. «Ордабасы» - «Оқжетпес» - 2:2

Тағы да “Ордабасының” қатысуымен болған ойын. Тағы да Бақтияр Байсеитов тәлім беретін жігіттер екі доп айырмасымен басым бола тұрып, жеңісті жіберіп алады. Бірінші таймның ортасында бар болғаны алты минуттың ішінде қонақтар қақпасына қос доп соққан еді шымкенттіктер. Алайда, екінші таймда алаңдағы жағдай басынан аяғына дейін өзгеріп шыға келді. Көкшеліктер Әлібек Бөлешев пен Игорь Юрин соққан голдардың арқасында тең нәтижені тіркеп кетеді. Қанша тырысып бақса да, тең есепті ұстауға барын салған қонақтардың қақпасынан саңылау таба алмай дал болған еді алаң иелері. Осылайша, «Ордабасы» қос ойында алты ұпай алудың орнына, екі ұпайды ғана қанағат тұтады.

19-тур. «Тобыл» - «Ертіс» - 3:2

Қостанайдағы ойында көрермендер бес голдың куәсі болды, үш пенальти көрді. Пенальтиден соққы қайтарған қақпашының ерлігін де тамашалады. Давид Лорияның үш доп өткізгенін де көрді. Жиырма бесінші минутқа дейін-ақ алаң қожайындары екі гол соғып, «Ертіс» футболшыларын біраз есеңгіретіп тастаған еді. Чемпионат көшбасшыларының бірі екінші таймның басында ғана ес жиып, 55-ші минутта бір доппен жауап қатқанымен, араға үш минут салып қонақтардың қақпасына пенальти белгіленеді. Бірақ, “Тобылдың” жетекші футболшысы Томаш Шимкович Лориядан айласын асыра алмайды. Қонақтар үшін үміт оты жағылып, бүкіл команда болып шабуылға аттанған шағында, 63-ші минутта қарсы шабуыл өткізіп, Лория қақпасына кезекті пенальти алып келеді. Бұл жолы тәжірибиелі Давид команданы голдан аман сақтап қала алмайды. Екі доп айырмасымен жеңіліп жатқан «Ертіс», ойынның қалған бөлігін «Тобыл» айып алаңының маңын торуылдаумен өткізсе де, бар күші есепті қысқартуға ғана жетеді. 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх