Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
233
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
286
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
268
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
258
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
266
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Жеңіс жеңіске ұласа ма?

25 авг. 2016, 17:30 | 1950
Екінші жыл қатарынан еурокубоктің топтық кезеңінде өнер көрсетуге жақын «Астана» футбол клубы бүгін Белоруссияның Борисов қаласында жергілікті БАТЭ-ге қарсы жауапты кездесуін өткізеді. Елордада сенімді жеңіске жеткен Станимир Стойлов командасы қонақта өз футболынан жаңылмаса, кем дегенде күз бойы жанкүйерлерлер ел чемпионының «кәрі құрлықтың» мықты ұжымдарына қарсы ойындарына куә болады.

Өз алаңында екі доп айырмашылығымен басым болу өте жақсы нәтиже. Ал, өз қақпаңа гол жібермей құрғақ жеңісті қанжығаға байласаң, онда тіпті керемет. «Астана» алғашқы матчта былтыр шыңдалған шеберліктің арқасында соңғы жиырма минут ішінде жеңісті жұлып әкетті. Ойын басынан-ақ алаңдағы бар жағдайды бақылап отырды. Шабуылға бар күшпен аттанған сәтте қорғанысты ұмыт қалдырған жоқ. Тәжірибиелі Юрий Логвиненко Глазгода қызыл қағаз алып қалған Дмитрий Шомконың орнын жоқтатқан жоқ. Қонақтар қақпаға соққы бағыттаса, тек айып алаңының сыртынан ғана бақ сынап көрді. Бірінші таймда қонақжайлылық танытып, қарсылас иелегіне футбол снарядын дарытпаған «Астана» футболшылары үзілістен соң матч тағдырын шешіп кетті.

Ел чемпионы бола тұра, чемпиондық ойын көрсетпегені үшін БАТЭ-ны Белоруссияда әбден сынады. Ішкі біріншілікте тізгінді еркін жіберсе де, еурододаға келгенде өзгеріп шыға келетін команданы тани алмай, жанкүйерлер дал болды. Prеssball.by порталы команданың Астанада сөзсіз жеңілгенің мойындап, үш жыл бұрынғы «Шахтёрге» қарсы текетіресті еске алды. Азат Нұрғалиевтың голын Қарағандыдағы қарымта матча белорус Игорь Зенькович соққан голға толықтай ұқсатқан. “Қақпашының қателігі айна қатесіз қайталанып отыр” деп жазады. Шабуыл шебін де сынға алған. Гордейчук, Родионов, Гвилия, Карницкий бастаған жігіттер бірде-бір тұшымды шабуыл жасамады. “Астана - мықты команда, былтыр өз жерінде тіпті "Атлетикоға" да есе жібермеген. Бірақ, еурокубокте үнемі ойнап жүрген БАТЭ-нің бірде-бір қауіпті сәт ұйымдастыра алмағаны масқара ғой”. Бұл портал «Астананың» ойнау мәнерін де сынға алып отыр: -“Несін жасырайық, «Астана» Белоруссия чемпиондарына қарсы өте дөрекі ойнады. Логвиненко Александр Глебты ойыннан шығарып тастады. Екінші таймда да «білгендерінен» жаңылған жоқ. Сергей Веремконың аузы-мұрны қан болды. Қақпашыны дәрігерлер «тірілтіп», қатарға қосқанымен, болмайтын жерден қателесті. Матчты құтқаруға тыңнан қосылған Иванич те, екінші шабуылшы болып шыққан Сигневич те көмектесе алмады. Екі доп айырмашылығымен ұтылып, Александр Ермакович командасы өздерін тығырыққа әбден тіреді. Клуб күздегі еурокубоксіз өзінің болашағын елестете алмайды. Қарсыласты жеңіп, топқа шыға ала ма, оны уақыт көрсетеді”- деп түйіндейді.

Белоруссияның ең атақты football.by футбол порталы Ермакович шәкірттерінің көбі БАТЭ-ның деңгейіне сай келмейтіндігін атап өткен. “Кейбір ойыншылар өздерін топ чемпионатта ойнап жүргендей сезінеді. Олардың БАТЭ-ден басқа ешбір командаға керек еместігін, одан артық көтеріле алмайтындығын тағы бір мәрте еске салсақ артық емес. Бұлай ойнаса жақын арада Борисов та керек қылмайды. Бәрін жуып-шаю үшін ең соңғы мүмкіндік қалды. Бейсенбі күні мінез танытып, айды аспанға бір-ақ шығарса ғана сыншылардың аузына құм құйылады. Өкініштісі, команданың Астанада төккен тері де, қаны да бекер кетті. Нәтиже жоқ. Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде «Дандолкке» қарсы матчтағы жеңіліс те сабақ бола алмады. Еурокубоктік маусым жүріп жатқанын, бұл жол БАТЭ үшін ерте аяқталуы мүмкін екенін еске сала алған жоқ”

БАТЭ жексенбі күні ішкі чемпионатта қонақта минскінің «Динамосымен» тең түсті. Қорғаныстағы қателіктерінен арылмапты. БАТЭ қақпасына соғылған жалғыз гол орталық қорғаушылардың бірін-бірі түсінбеуінен туды. Ал, Астанада жарақат алған Веремко ойынға қатысқан жоқ. Оның орнын екінші қақпашы Артем Сороко басты. «Астана-Аренада» елордалық қорғаушылардың еркін көсілуіне мүмкіндік бермеген Гордейчук БАТЭ-ны жеңілістен аман алып қалды.

Ішкі біріншілікте көш бастап келе жатқан Стойлов командасы өткен жексенбіде өз алаңында жеңіске жетті. Азат Нұрғалиев пен Патрик Твумаси голдарының арқасында шымкенттік «Ордабасыны» тізе бүктірген болатын. Аталмыш ойынға Логвиненко қатыспады. Неманья Максимович пен Рохер Каньяс бір-бір таймнан ойнады. Ал, Серікжан Мужыков пен Джуниор Кабананга жетпісінші минуттан кейін ғана алаңға шықты. Белоруссияға команда барлық негізгі футболшыларымен аттанды. Қатарда жарақатынан айыққан Таңат Нөсербаев та, қызыл қағаз үшін бір ойынға шеттетіліп, бірінші матчқа қатыса алмаған Дмитрий Шомко мен Игорь Шитов та бар.

БАТЭ осы маусымдағы еурокубокте екі мәрте өз алаңында ойнап, екеуінде де жеңіске жеткен. Финляндияның «Сейняйоки» командасынан 2:0 есеібен басым түссе, ирландиялық «Дандолкты» 1:0 есебімен тізе бүктірген. Ал, ішкі біріншілікте аутсайдер ұжымдарды ойсырата ұтса да, негізгі қарсыластары «Минск», «Шахтер» секілді командаларды екі доп айырмашылығымен ғана сан соқтырған.

Текетірестің тағдыры толықтай «Астананың» қолында екені түсінікті. Осыдан екі-үш жыл бұрын ойын басқаша өрбір ме еді, кім білсін, алайда дәл қазіргі таңда біздің чемпионның БАТЭ-ге қарағанда мысы басым. Бүгінгі матчта Стойлов шәкірттерінің бір нәтижелі шабуылы ғана Ермакович командасының бар жоспарын жоққа шығарады. Қарсылас қорғаушыларының қателіктерін ескерсек, Кабананга бастаған жігіттердің гол соғулары әбден мүмкін. Бастысы, алаң иелерінің матч басындағы жұлқынысына тойтарыс беру. «Селтик» секілді бүкіл матч бойы шабуылдайтын командаға БАТЭ мүлде ұқсамайды.

                                                                                Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх