Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
47
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
554
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
382
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
343
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
340
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

Клубтарымыз қазақ тіліне немқұрайлы қарап жүр

08 февр. 2016, 09:10 | 3563
Футбол - халықтарды біріктіретін үлкен күш. Футбол арқылы бір халықпен екінші халықты жауластырып, не достастырып жіберуге болады. Бүгінде футбол жай спорт қана емес. Саясат құралы. Футбол арқылы идеология жүргізуге болады. Бірақ, біз футболдың бар шама-шарқын дұрыс пайдалана алмай жүрген секілдіміз. Өйткені, футбол арқылы қазақ тілінің де абыройын асқақтатып жіберуге болады. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Біз бұл материалымызда қазақ клубтарының сайттары қазақ тілін қаншалықты меңгергенін, қаншалықты құрметтейтінін сараптап көрсек деген едік.

Биыл ел біріншілігіне 12 клуб қатысады. Біз осы клубтардың сайттарын шолып, зерттеп көреміз. Одан бөлек, Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының сайтын қарап көрдік.

ҚФФ мен ҚКФЛ-ның қазақ тіліне құрметі ерекше

Қазір технология заманы. Сол үшін де көпшілік бұрынғыдай газеттің шыққанын күтіп, сатып алып оқуды қойды. Қазір жанкүйерлер бар жаңалықты ғаламтор арқылы оқып отырады. Газеттің орнын интернет желісіндегі ақпарат құралдары мен сайттар басты.

"Заманына қарай, адамы". Бүгінгі күннің талабын Қазақстан футбол федерациясының сайты толық атқарып отыр. Ел футболындағы елеулі жаңалықтар, эксклюзивті сұқбаттар, ара-тұра сараптамалар да шығып тұрады. Негізі, федерация сайты үш тілде жүргізіледі. Қазақ, орыс және ағылшын. Және үш тілдегі жаңалықтар да бір мезетте шығады. ҚФФ сайтының қазақ тіліне аударып отырған көңілі ерекше. Бұрын біз мұндай жағдайды ҚФФ тарапынан байқаған жоқ болатынбыз. Жаңа басшы, жаңа хатшы келгеннен бері футбол федерациясының сайты гүлдеп шыға келді. Біз мұны тек құптаймыз, қолдаймыз.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы да қазақ тіліне ерекше көңіл аударып отыр. Орысша шыққан ақпараттар бірден қазақ тілінде де жарық көреді. Бірақ, бір әттеген-ай бар. Сол шығып жатқан қазақша жаңалықтың сапасы. Әрине, жаңалықтар орыс тілінен аударылатыны мәлім. Енді осы бір жәйтқа ҚКПЛ басшылары көңіл аударса, нұр үстіне нұр болар еді.

Клубтарымыз қазақ тіліне немқұрайлы қарап жүр

Ел біріншілігінде ойнайтын командаларымыздың 80 пайызы қазақ тіліне немқұрайлы қарайды. Дәлел керек пе? Бізде дәлел көп. Егер, қаласаңыздар өздеріңіз қазақ клубтарының сайтына, оның ішінде қазақ тілі бөліміне кіріп көріңіз, бәріне өзіңіз куә боласыз. Біз сіздерге енді сайттарды бір шолып өтсек.

Елімізді Еуропа алаңдарында танытып жүрген "Астана" клубы екені баршаға мәлім. Бірақ, елордалық клубтың сайтындағы соңғы қазақша ақпарат 2015 жылдың тамыз айында шыққан. Оның өзі шала-пұла ақпарат. Қазір "Астананың" айы оңынан туып тұрған сәт. Сөз жоқ клуб басшылары мықты жұмыс істеп жатыр. Оған ешкім күмән келтірмейді. Бірақ, клубтың қазақ тіліне көңіл аудармағанына көңіліміз жарым болды.

Ел клубтары арасындағы ең атақты ұжым - "Ақтөбе". Бірақ, батыс қазақстандық клуб қазақ тіліне көңіл бөлмейді. Оған дәлел де көп. Команданың басшысы болып орыс азаматы, команданың бас бапкері болып орыс маманы келді. Қала берді сайттары да толық орысша. Тіпті "қазақ тілі" деген арнайы бөлім жоқ. Арнайы мамандар арқылы тілді автоматтандырып қойған. "Тіл" деген мәзірді бассаңыз бірнеше тіл шығады. Соның ішінде "қазақ тілі" дегенді бассаңыз "Гугл аудармашы" ақпаратты қазақ тіліне аударады. "Аудармашының" қазақ тіліне қалай аударатынын жақсы білетін шығарсыздар?!

Қазақилықтың иесі аңқып тұратын оңтүстіктегі командалар да қазақшаға көздерінің қиығымен қарап жүргендей. "Ордабасы" мен "Тараздың" сайтында қазақ тілі бар. Бірақ, оның ішіне кірсеңіз, ақпараттар тек орыс тілінде.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады. Біз бұл клубтарды сынап-мінегіміз келіп тұрған жоқ. Тек қазақ тіліне көңіл аударса екен дейміз. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

"Атырау", "Ертіс", "Шахтер", “Ақжайық” және "Оқжетпес" клубтарында да дәл осындай жағдай. Бірінде қазақ тілінің бөлімі жоқ болса, екінші бірінде қазақша ақпараттар жоқ.

Біз негізі ел клубтарының барлығына күйе жаға алмаймыз. Өйткені, Премьер-лигада жүрген кейбір клубтардың қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Әсіресі, қостанайлық "Тобыл" клубының сайты қазақ тіліне ерекше мән беріп отыр. Клуб қатарында болып жатқан жаңалықтарды, жаңа келген футболшыларды барлығын (кешігіп болса да) салып отырады. Осыдан кейін ҚПЛ-дағы клубтар "Тобылға" қарап бой түзесе екен деген ой келеді.

Алматының "Қайраты" да қазақша ақпарат таратады. Тұрақты түрде. Алайда, орысшадан аударылған ақпарат сын көтере алмайтын кездер де болады. Сонымен қатар, талдықорғандық "Жетісу" клубының қазақшасы тәп-тәуір. Клуб сайтының жүргізушілері тек команда жайлы емес, ел ішіндегі жаңалықтарды да салып тұрады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Әрине, біз клубтардың ішкі жұмыстарына араласа алмаймыз. Бірақ, бір өтінішіміз бар. Клубтар қазақ тілін құрметтесе екен. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты. Осыны ұмытпаса екен.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх