Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
238
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
290
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
271
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
261
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
267
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

"Қайрат" ұпай айырмасын қысқартуы мүмкін

17 сент. 2016, 09:40 | 1546
Әне-міне дегенше 27-ші тур ойындары да келіп жетті. Бұл аптада біз кімдердің ойынын тағатсыздана күтеміз? Турда қандай сенсация болуы мүмкін?

17-қыркүйек

«Ордабасы» - «Оқжетпес»

40 ұпайдан жинап қойған қос команданың ойыны өте тартысты болары анық. Алайда, «Оқжетпестің» бір ойыны әлі де болса сақтаулы тұрғанын ұмытпаймыз. Олар қазан айында «Астанамен» кездесулері тиіс. Сондықтан, көкшеліктердің осы бір басымдылығын жоққа шығару үшін «Ордабасы» өз алаңында қалайда жеңіске жетуі тиіс. Мұндай ойындарды алты ұпайдың таласы деп жатады. Расымен де турнирлік кестеде бірдей жағдайда тұрған командалардың ойыны өте қатты маңызға ие. Соңғы ойындарда керемет голдар соғып жүрген «Ордабасы» фаворит дегенге сенуге болады. Оның үстіне команданың әлсіз тұсы да жақсы шешімін тапқан секілді. Қақпашылардың қателігінен зардап шеккен шымкенттіктер Алмат Бекбаевқа толық сеніп отыр. Және бұл қақпашы ойын сайын тамаша прогресс жасап келеді.

«Атырау» - «Ақжайық»

«Атырау» кубок ойындарын тағатсыздана күтіп жүрген команда. Бар үміті сонда. Келер жылы еурокубоктық додаларда сынға түскісі келеді. Сондықтан, жалғыз үміт кубок екені анық. Ал, әйтпесе екінші алтылықта мықты нәтиже көрсеткенімен, одан еш абырой жоқ. Матч фавориті «Атырау» екені анық. Оның үстіне олар өткен турда «кеншілерден» оңбай жеңілді. «Ақжайықтың» да қарап қалмасы анық. Соңғы орыннан серпілгісі кеп жүргендер бар үмітті шабуылшыларға арнайды. Матч алдында біз Мирослав Лечичпен сөйлескен едік. Ол команданы қалайда премьер-лигада қалдыруға тырысамын дейді. Әрине, оның қолынан көп нәрсе келе қоймас, бірақ сербиялық ойыншы барымды саламын деп отыр, сене отырайық.

«Қайрат» - «Ертіс»

Осы турдағы әдемі ойындардың бірі болуы тиіс. Осыған дейінгі Алматыдағы матчта алаң иелері 1:0 есебімен әзер жеңген. Бұл жолы алматылықтардың шабуылы шыңдалған. Әр ойында орташа есеппен алғанда кем дегенде екі гол салып жүр. Өткен жолы өздеріңіз білетіндей ел чемпионы «Астананың» қақпасына төрт гол салып жіберді. Ол ойын тіпті «Астана-Аренада» өткен болатын. Сондықтан, Кахабер Цхададзенің шәкірттерінен қаймығу қажет. Айтпақшы, бұл матчты бүгін кешкі сағат 18:00-де «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

18-қыркүйек

«Жетісу» - «Шахтер»

«Ордабасы» мен «Оқжетпес» секілді бұл командалардың да жағдайлары біркелкі. 27 ұпайдан жинап алған. Енді қоржынды одан әрі қомпайту үшін талдықорғандықтар аянып қалмасы анық. «Кеншілер» «Жетісу» үшін негізгі бәсекелес. Букмекерлік кеңселер осы ойын тең аяқталады деп болжам жасап отыр.

«Тобыл» - «Тараз»

Осы ойында турнирлік маңыздылық тек қонақтарға ғана керек секілді. Өйткені, «Тараздың» жағдайы сәл қиын. Өкшесінен басып «Ақжайық» келеді. Ал, «Шахтер» болса әр тур сайын озуға тырысуда. Украиналық бапкер Юрий Максимов шәкірттеріне негізі бір ұпай да жетіп қалатындай. Бірақ, футболшылар алаңға тең ойнасақ та жетеді деп шықпайды ғой. 

«Ақтөбе» - «Астана»  

«Ақтөбенің» қазіргі жұлдызы – Алексей Щеткин. Ал, оны «Астана» бапкері Станимир Стойлов жаратпай тастады. "Астанада" Джордже Деспотович пен Джуниор Кабананга жүргенде маған мұнда орын жоқ шығар деген Алексей "Ақтөбеде" өз-өзін дәлелдеп жүр. Ұлттық құрама команда шабуылшыға зар болып тұрған қиын кезеңде, тур сайын көзге түсу Щеткинді тек қана өсірері анық. Бұл матчта ол өзінің командасына қарсы бәрін салып ойнап, Стойловты ойландыртуы керек. Маусым болса аяқталып қалды, ал келер жылға ойнайтын команда керек. Еуропа лигасында жеңіліп қалған «Астана» қатарынан ауыр екі жеңіліске ұшырады. Бірі «Қайраттан», екіншісі АПОЭЛден. Енді осы матчта елордалық команда ұпай жоғалтса, жағдай тым нашарлап кетуі мүмкін... 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх