Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
201
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
263
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
249
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
240
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
253
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

“Ақжайық” қайтып “тасыды”

24 сент. 2016, 11:30 | 1815
Оралдың “Ақжайығы” Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңін өте сүреңсіз өткізген болатын. 22 кездесудің бар болғаны үшеуінде жеңіп, екеуінде тең есеп тіркеді. Ал, қалған 17 кездесуде қарсыластарына жол беріп алды. Сөйтіп, екінші кезең басталар алдында 11 ғана ұпай жинап, турнирлік кестенің ең соңына жайғасқан еді. Осы көрсеткіштерге қарап көрермен қауым “Ақжайықты” маусым соңында былтыр келген ізімен төменгі лигаға қайта кететін шығар деп межелеген. Басты қарсыластарынан ұпай айырмашылығын тым алшақтатып алған оралдықтардың жағдайы шынымен қиын болатын.

Бірақ, батыстық ұжымның да айтары бар екен. Екінші кезең бастала сала, бар өнерін көрсетті. Өзімен бірге соңғы алтылықта қалып қойған бес командаға тізесін батыра бастады. Үй демей, түз демей қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. Төменгі алтылықтағы бес команданың батыстықтардан жапа шекпегені жоқ. Тіпті, бірінші айналымның соңғы турында осы “Ақжайықты” Орал қаласының өзінде 0:5 есебімен сұлатып салған “Тобыл” да қауқар таныта алған жоқ.

Қатарынан бес жеңіс кез-келген команданың қолынан келетін іс емес. Әсіресе, “Ақжайық” секілді чемпионат барысында өте сәтсіз өнер көрсетіп жүрген команданың бұл сенсациялық жетістігі таңғалдырмай қоймасы сөзсіз. Егер екінші кезеңдегі ұпай санымен есептейтін болсақ, оралдықтар Қазақстан чемпионы атанып тұр. Бес ойыннан 15 ұпай. Тіпті, соңғы бес кездесуде “Қайрат” бен “Астананың” өзі ұпай жоғалтып үлгірді. Алматылықтардың еншісінде 12 ұпай, елордалықтарда 9 ұпай ғана.

Ендеше алғашқы кезеңде алға басқан адымы артқа тартып, ері мойынына кетіп жүрген команданың екінші айналым бастала сала түлеп сала беруіне не себеп болды? Ортадағы 20 күн үзілісте бас бапкер Вахид Масудов өз шәкірттеріне не үйретіп үлгірді? Негізі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудов “Ақжайық” тізгінін бірінші кезең біткен соң ғана ұстады. Оған дейін команданы бірінші лигадан алып шыққан бас бапкер Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы басқаратын болып, ауысып кеткен болатын. Бос қалған бас бапкердің қызметін уақытша Артур Авакянц атқарды. Сол аралықта команда басшылары отандық танымал маман Владимир Никитенко, Ресейлік Виктор Кумыков секілді мамандарға “сөз салып” көргенімен, келіссөздер аяқсыз қалған болатын. Осыдан кейін ғана командаға көмектесуге келген Вахид бапкер өзінің бар білімін батыстықтардан аямаған көрінеді. Өте қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр, енді оралдықтардың премьер-лигадаға қалуға мүмкіндіктері басқа қарсыластарымен бірдей.

Команда сапында алаңға шығатын негізгі құрам ойыншыларында жалпы беттік өзгеріс бола қойған жоқ. Тек ойыншылардың орналасу ерекшелігіне тактикалық өзгертулер енгізді. Атап айтқанда, бірінші кезеңде жиі алаңға шығып жүрген орталық қорғаушылар Данило Николич пен Саша Колунияны негізгі құрамнан бір жола алып тастап, олардың орнына Майкл Одибені қойып тұрақты түрде төрт қорғаушы жүйесімен ойнай бастады. Әрі сол қапталда Рахымжан Розыбакиевтен гөрі Бауыржан Омаровқа көп сенім артқанын айта кетейік. Команда капитаны Мейрам Сапанов пен оң қапталдағы қорғаушы Элдар Әбдрахмановты қозғаған жоқ. Бес кездесуде де тұрақты 4-2-3-1 жүйесін ұстанды. Артқы тіреуші жартылай қорғаушы қызметін сербиялық Предраг Говедарица мен парагвайлық Фредди Коронельге сеніп тапсырды. Осы қызметті ара-тұра атқарып тұратын Марат Шахметов пен Антон Шурыгин алаңдағы орындарынан бір жола айырылды. Тағы бір сербиялық шабуылшы Мирослав Лечичті сәл кейін шегеріп, орталық алаңнан шабуылды ұйымдастыру міндетін тапсырды да, шабуыл өтіне команда сапына жазда ғана қосылған Константин Дудченконы шығарды. Екі қапталдан атойлауға Эдуард Сергиенко мен Руслан Валиуллин жауапты болды. Ойын барысында алаңға тыңнан тек Абылайхан Тотай, Рахымжан Розыбакиев, Антон Шурыгин, Рубио Костнер төтеуі ғана қосылып, жеңіске өз үлестерін қосып отырды.

Вахит Юнусовичтің бұл жаңалықтары өз нәтижесін бермей қойған жоқ. Әсіресе алдыңғы шептегі ойыншылары сенімді ақтады. Команда қоржынына 15 ұпайды салған жеті голдың үшеуін Дудченко, үшеуін Лечич соқты. Нәтижесінде команда қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, турнирлік кестенің ең соңғы орынынан сытылып шықты. Міне, жаңа бапкердің жаңа тактикасы өз жемісін берді деген осы. Енді осы қолда барды төкпей-шашпай сақтап, соңғы шешуші бес турда да қолайлы нәтижеге қол жеткізіп, команданы премьер-лигада сақтап қалса, Масудов бапкерге Орал жұртшылығының айтар алғысы шексіз болар еді.

Бірақ, соңғы бес тур алғашқыдай оңай бола қоймайды. Енді қалған ойындарда ешкім де үш ұпайды оңайлықпен ұстата салмайтыны анық. Өйткені, ешкімнің бірінші лигаға “ұшып” кеткісі кемейтіні сөзсіз. “Ақжайық” екінші кезеңнің алғашқы айналымындағы бес кездесудің үшеуін өз алаңында өткізді. Демек, енді қалған бес ойынның үшеуінде қонаққа баратын болады. Әсіресе, сырт алаңда өтетін “Тараз” бен “Жетісу” командаларына қарсы кездесулер өте ауыр болары сөзсіз. Себебі, соңғы орында қалып қалмау үшін жанталасатын командалар осы үшеуі болуы мүмкін. Деңгейлері жоғарғы алтылықта ойнауға да жететін “Тобыл” мен “Атырау” енді қарсыластарына ұпай тарата қоймайды. Осы екі команда алғашқы бес турда тым күш шығармағандай көрінді. Олай деуге себеп, бірінші алтылыққа енуге бір табан ғана жетпей қалған қос ұжым осы бір айды демалыс мезгілі ретінде қабылдаған болса керек. Өткен бір ай көлеміндегі бес турда “Тобыл” клубы жеті-ақ ұпай еншілесе, “мұнайшылар” тіпті екі ұпайға ғана қол жеткізген екен. Демек, екінші айналымда оларға арқаны кеңге салуға еш себеп жоқ. Олар енді қарсы келгеннің қалпағын қайырып тастап, қарап отыратын шығар. Өйткені, төменгі алтылықта әлеуеті ең жоғарысы осы - екі ұжым.

Егер “Ақжайық” осы қарқынынан таңбаса, келесі жылы да жоғары лигада жорығын жалғастыратын болады. Ол үшін сырт алаңда “Тобыл”, “Тараз”, “Жетісу” командаларынан, өз алаңында “Атырау” мен “Шахтерден” ұпай олжалауға тырысуы керек. Әсіресе, турнирлік кестенің соңына жақын орналасқан тікелей бәсекелестеріне қарсы ойында қателік жібермегені жөн. Бір алаңдатарлығы “Тараз” да, “Жетісу” да соңғы бес турдың үш кездесуін өз алаңында өткізеді. Әрі екі команда да өз алаңында “Ақжайықты” қабылдайтынын баста айттық. Демек, ол екеуінің оралдықтарға қарағанда жолдары жеңілдеу. Анығы, төменгі топтағы премьер-лигада қалу үшін талас жоғары топтағы чемпиондыққа таластан кем болмайын деп тұр.

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх