Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
190
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
252
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
239
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
229
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
242
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

"Янг Бойз" сырт алаңдағы сәтсіздік сериясын жалғастыра ма?

29 сент. 2016, 16:50 | 1660
Бейсенбі күні «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында швейцариялық «Янг Бойз» клубын өз алаңында қабылдайды. Бірінші турда Кипрде АПОЭЛ клубына есе жіберіп, қоржыны бос қайтқан ел чемпиондары топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізе ала ма?

Көптеген еуропалық клубтар секілді «Янг Бойздың» да тамыры XIX ғасырдан бастау алады. Негізі жетістіктері өткен жүз жылдықпен байланысты. Он бір мәрте бұйырған Швейцария чемпионы атағы да, Чемпиондар кубогының жартылай финалы да өткен ғасырдағы мақтаныштары. Соңғы рет ішкі біріншіліктің жеңіс тұғырына Швейцария астанасының бұл ұжымы 1986 жылы көтерілген екен. Ал, тоқсаныншы жылдардағы дағдарыс команданың құлдырап, таралуына әкеліп соқтыра жаздады. Дегенмен, дер кезінде демеушілердің табыла кетуі клубтың әрі қарай өмір сүруіне мүмкіндік сыйлайды.

«Янг Бойз» Еуропа лигасының топтық кезеңіне бесінші мәрте қатысып отыр. Бұрын, екеуінде келесі сатыға аттай алмаса, 2010/2011 және 2014/2015 жылғы маусымда 1/16 финалға жолдама алып, ресейлік "Зенит" пен ағылшындық "Эвертонға" жол берген еді. Негізі, «жас балалар» осы жылы Чемпиондар лигасының тобында өнер көрсетуге жақын болған. Алайда, төртінші кезеңде «Боруссия М» швейцариялықтарды қос ойын қорытындысы бойынша 9:2 есебімен жеңіп, таптап өтіп кеткен еді.

Швейцария суперлигасында команда бүгінде екінші орында. Чемпионаттың сөзсіз көшбасшысы «Базельден» бар болғаны тоғыз тур ойналса да, он үш ұпайға қалып келеді. Швейцария кубогында төменгі лигада өнер көрсететін командадан басым түскенін есептемесек, «Янг Бойз» соңғы үш ойында жеңіс дәмін татпаған. Оның ішінде, Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Олимпиакосқа» қарсы кездесудегі жеңіліс те бар. Ал, ішкі бірінішіліктің соңғы турында «Сьонмен» тең түсті.

Команданың бас бапкері Адольф Хюттерді «Байердің» тізгінін ұстап тұрған Роджер Шмитдпен теңестіреді. Жылдам футбол. Допты барынша тез шабуыл шебіне жеткізу. Допқа ұзақ иелік ету, позициялық шабуыл Адольф Хюттердің стилі емес. Бұл маман австриялық «Зальцбургты» баптаған шағында командасы 36 ойынның ішінде 99 доп соққан. Хюттердің сүйікті сызбасы, футболшыларға ұсынатын жүйесі 4-4-2. Қақпаны 22 жастағы камерундық Ивон Мвого қорғайды. Екі жыл бұрын-ақ тәжірибиелі Марко Вольфлиді қосалқы құрамға отырғызып қойған. Жерлете бағыттаған соққыларды қайтаруда осалдығы бар. Оң қапталдағы қорғаныста Лондон шаһараның тумасы, «Тоттенхэмнің» жанкүйері Скот Зуттер өнер көрсетеді. Сол «Тоттенхэмдегі» Эрик Дайерге ұқсайтыны бар. Ойын мәнері де, оған қоса, екеуі де ағылшын футболының түлегі емес, екеуі де басында артқы жартылай қорғаушы позициясында ойнап, кейін қорғаныстың оң қапталына көшкен. Жылдам техникалық футболға Швейцарияда үйренген. Сол қанаттағы қорғаушы жан-жақты, шабуылға кейде толықтай ден қоятын 25 жастағы чех Ян Лецякс. Бас бапкердің бас ауыртар мәселесі орталық қорғаныс болып тұр. Ойын алдында негізгі қорғаушы Ален Рошаның Астанаға бара алмайтындығы мәлім болды. Ал, өз деңгейінде алмастырып, команда капитаны Стив фон Бергенмен жұп құрай алатын ешкім жоқ. Онсыз да команданың қорғаныстағы ойыны осы маусымда көңіл көншітпейді. Ішкі біріншіліктегі 9 матчта 13 гол жіберген. Орнына Милон Вилотич шығуы мүмкін. Алайда, бұл орталық қорғаушыға бас бапкер көп сене бермейді. Команданың тарихындағы ең қымбат футболшы бола тұра Хюттердің қол астында қосалқы құрамның ойыншысы ғана. Швейцариялық ұжымның ең осал жері осы тұс. Баяу, әрбір шешімін ұзақ ойланып барып қабылдайтын орталық қорғаушыларға көбірек қысым жасау керек.  

Орталық алаңның иесі шыққан тегі италяндық, «Янг Бойздың» түлегі Леонардо Бертоне. Даңқты Стивен Джеррардты үлгі тұтанын 22 жастағы Бертонеде оңтүстікке тән мінезі мен батылдығымен қоса, алаңды жақсы көре білетін, допқа шебер иелік ететін, екі аяқпен де жойқын соққы бағыттайтын, допты жан аямай тартып алатын қасиеттері бар. Оның жанында, көпшілік бар болғаны 19 жасында Патрик Виейра, Яя Туре, Поль Погба секілді футболшыларға ұқсатып жүрген Денис Закариа өнер көрсетеді. Әрине, әлі Туре мен Погба секілді дәл соққысы, Патрик секілді әріптестерінің былығын тазалап жүретін шеберлігі болмаса да, физикалық мығымдығын, допты ұстауын, бірнеше футболшыны алдап өтуін, пасының кереметтігін атап өтуге лайықты. Ал, қос қапталдан шабуылға дем беріп, қарсыластың қорғаушыларына үнемі қысым жасайтын Миралем Сүлеймани мен Торстен Шик. Кезінде болашағынан зор үміт күттірген Миралем «Аякс» сапында бес жыл доп теуіп, 29 доп соққан футболшы. Әлем футболының жарқын жұлдызына айнала алмауына еріншектік, агенттердің қулығы, бапкерлемен жиі жанжалы кері әсерін тигізді деседі. Сол аяқпен соққысы жойқын. Доппен қапталдан ортаға ойысуды жақсы көреді, екі-үш қарсыластан айналып өтудің шебері. Алайда, осалдығы допты өзіңде ұзақ ұстайды, қорғанысқа көп көмектеспейді.

Команданың жұлдызды футболшысы француздық «ПСЖ» намысын қорғап, атағы шыққан сұрмерген Гийом Оаро. Алайда, 33 жастағы ардагер футболшының матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз. Жарақатынан әлі толықтай айықпаса да бас бапкер Гийомды Астанаға алып келді. Осы маусымда ішкі біріншілікте бес ойынға қатысып үлгерген шабуылшы төрт рет мергендік танытып, екі рет нәтижелі пасты атына жазыпты. Ол алаңға шықпаса, орнына Йорик Равені ойнатуы мүмкін. Дегенмен, француз футболшысы таза шабуылшы емес. Алғы шепте ойнайтын Михайль Фрайдан сәл төмен ойнайды. Ал, команданың түлегі Фрай осы маусымдағы барлық турнирде жеті рет қарсылас қақпасын дәл көздеген екен. Жарқын, батыл, жылдам футбол ойнайтын «Янг Бойздың» сағын сындыру оңайға соқпайды. Жасыл алаң жолдас болады деу де қате. Себебі, «Янг Бойз» стадионының шөбі табиғи емес. Әр күні жаттығу жасап үйреніп қалған. «Астана-Аренаның» алаңы Адольф Хюттер жігіттері үшін жат бола қоймас. Дегенмен, еурокубоктегі соңғы бес ойында жеңілген командадан Станимир Стойлов серкелері басым түсуге міндетті. Мақсатымыз топтан шығу болса, ұпай алар кез келді. Бір ғана емес...

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх