Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
91
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
712
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
407
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
365
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
362
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

«Жетісу» жоғары жетістікті аңсайды

26 дек. 2015, 15:40 | 1736
Футболдан ел біріншілігінің өз мәресіне жетіп, командалардың демалысқа шыққанына да біраз уақыт болды. Сонымен, биылғы аладоп аламанында қатарынан екінші жыл «Астананың» асығы алшысынан түсті. Жанкүйерлер елордалық ұжымның біріншілік алтынын «Қайраттан» қандай тартысты бәсекеде жұлып алғанына куә.

Сонымен бірге, биылғы біріншілікте керісінше жүлдеден қағыс қалып, ел сенімін ақтай алмаған ұжымдар да болды. «Әттеген ай» дегізген сондай команданың бірі Талдықорғанның «Жетісуы». Маусым басынан-ақ, ісі алға жүрмеген жетісулық команда, әйтеуір әупірімдеп жүріп премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Алматы облысының бас командасы алдағы маусымына үлкен үмітпен қараған. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда клуб бюджеті де едәуір артып, команда тізгінін «Жетісуды» сонау жемісті 2011-ші жылы күміске жеткізген Асқар Қожабергенов ұстаған болатын. Клуб қайта жасақталып, жаңарды. Қысқасы, жетісулық жанкүйерлердің ертеңіне деген сенімі нығая түскен.

Алайда, команданың алғашқы турлардан ақ ойыны жүрмей, кезекті сәтсіздігінен кейін Асқар Қожабергенов орнын өз еркімен босатты. Сөйтіп, тоқырауы тоқтамаған ұжымға жаңа бапкер тағайындалып, көш соңында ілбіген жетісулықтарды қайта серпілту міндеті Иван Азовскийге тапсырылған болатын.

«Жетісу» су жаңа бапкерімен «әп» дегенде «Таразды» ұтқанымен, жағдайы бірден оңалып кете қойған жоқ. Бірінші кезеңнің алғашқы айналымын қорытындылаған 11 тур да бар болғаны 7 ұпай жиған клуб, осыншама бәсекеде жалғыз рет жеңіске жеткен еді. Команда Иван Азовскийдің жетекшілігімен бірнеше кездесуде ұпай еншілеп, бір сатыға көтерілді. Қорытынды кезең басында сырт алаңда «Тобылды» қапы қалдырып, келесі бәсекеде «Тараздан» айласын асырады. Ал жан алысып, жан беріскен футбол клубы үшін соңғы турлардағы нәтижелердің орны тіптен бөлек. Біріншілік шымылдығы түрілген 31 және 32-шы тур ойындарында 6 ұпай олжалаған «Жетісу», премьер-лигаға берілетін жолдамаға таласу мүмкіндігіне ие болды. Онда талдықорғандықтар не бел, не белбеу кететін бәсі жоғары бәсекеде өскеменнің «Востогынан» басым түсті. Дегенмен, биылғы маусым барысында жетісулық ұжымның жарқын жеңістен көрі, жеңілістің ащы дәмін молынан татқаны анық. Көпшілік басынан бақ тайды десе де, жар шетіне жеткен команда қайта тұруға күш тауып, үздіктер қатарында қалды. Сонымен, жетісулық жанкүйерлер енді алдағы жылы да жоғары деңгейдегі футбол бәсекелерін тамашалайтын болды.

«Жетісу» шыңдаған жастар

Ел біріншілігінің жоғары орындары үшін таласатын көшбасшы командаларға талап қашан да жоғары. Оларда жергілікті футболшылар да өнер көрсеткенімен, басты сенім келімсектерге артылады. Алғашқы үштікті қорытындылаған «Астана», «Қайрат» пен «Ақтөбені» алып қараңыз. Иә, Бауыржан Исламхан, Таңат Нөсербаев, Дидар Жалмұқандай ұландар өз клубтарында үлкен беделге ие. Деңгейі өсіп отырған ішкі біріншілік пен жалпы қазақ футболының өркендеуі арқасында әлі де талай жастың жұлдызы жанары да даусыз. Дегенмен, еурожарыстардай бәсі жоғары бәсекелерде үкілі үмітті әлі де болса шетелдіктерге артып отырғанымыз жасырын емес. Міне, осындай өтпелі кезеңде әзірше өзіміздің өрендер өркен жая алмай отырған жайы бар. Атап айтсақ, жас жігіттер ең алдымен премьер-лигада тәжірибе жинай алмай, өз командаларының қосалқы құрамында қалып қойып жүреді. Айтпағымыз, «Жетісу» биыл жастар үшін тамаша сынақ алаңы болды. Клуб намысын Душан Савич, Руслан Галиакберов сынды шетелдік футболшылармен бірге Саят Сариев, Бауыржан Тұрысбек, Темірлан Әділхановтай қарагөздеріміз абыроймен қорғай білді.

Әсіресе, Сербия суперлигасында өнер көрсетіп келген Бауыржан Тұрысбек бірден жанкүйер назарына іліккен. Футбол мамандары өткен маусымда «Жетісу» үшін аса маңызды бәсекелерде мергендік танытқан жас шабуылшыны ұлттық құрамаға тартуды ұсынып отыр. Еуропаның жоғары деңгейлі чемпионаты болмаса да, әлемге Бранислав Ивановичтерді берген топырақта доп теуіп қайтқан жігіттің таланты, ұлттық құрама талаптарына жауап бере алады деп ойлаймыз. Бойында шабуылшыға қажетті қабілеттер жетерлік Бауыржанның футбол тұрғысындағы әлеуеті зор. Сондықтан, жасы әлі жиырма беске де толмаған дарынды сұрмергеннің өз бағын келесі маусымда еліміздің «Астана» немесе «Ақтөбе» сынды үздік командаларында сынап көруге тамаша мүмкіндігі бар. Осы алған бетінен таймай, алдына биік мақсат қоятын болса, қазақ футболының көгінде тағы бір Бауыржан есімді жұлдыздың жарқырап шығу мүмкін. Сонымен қатар, жетісулық ұжымда өзіндік орны бар тағы бір жас футболшының бірі-Саят Сариев. Жергілікті дарын жанкүйерлердің үлкен қолдауына ие. Талдықорғандықтардың ыстық қошеметіне бөленетін жас қорғаушы туған клубынан бөлек, жастар құрамасына жиі шақырту алып келеді. Команданың негізгі құрамынан орын алған ол, биылғы премьер-лига ойындарында әбден шыңдала түсті. Өмір үшін күрес жүргізген клубта біраз тәжірибе жинап қалған Саят, біздіңше болашақта Ұлттық құрамаға көмегі тиер дайын кадрдың бірі. Ал әзірге еңбекқор футболшының басты арманы да - құрама жейдесін киіп, көк байрақтың намысы үшін сынға түсу.

«Кішкентай» команда амбициялары 

Биылғы футбол бәйгесінде «Жетісу» үшін командадағы барлық жігіт аянбай тер төкті. «Восток» қақпасына «алтын» доп соққан Марат Шахметов, Серік Сағындықов, қақпашы Андрей Шабанов. Осы орайда, келімсек футболшыларға да ерекше тоқталып өткеніміз жөн. Ұпайға кенде «Жетісудің» орындауындағы ойынды тартымсыз деуге аузымыз бармайды. Команданың шабуылға құрылатын ойын тактикасы жанкүйерлер көңілінен шығып жүрді. Ал Душан Савич пен кейін алматылық «Қайрат» сапына ауысып кеткен Джордже Деспотович нәтижелі дуэт құрап, футболсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Македониялық пен сербиялық футболшының жұбы премьер-лигадағы үздік қақпашылардың зәресін алған болатын. Талдықорғандағы талпынысы өз жемісін беріп, көп ұзамай Джордже Деспотович Алматыға аттанған болатын. Оның «Қайрат» сапында еуродода сындарында жасындай жарқылдағанын барлығымыз жақсы білеміз. Ол Бауыржан Исламханы бар, биылғы чемпионаттың үздік шабуылшысы Жерар Гоу бастаған командаластарымен бірлесіп, алматылық ұжымды күміске әкелді. Ал кезінде «Црвена Звезда» намысын қорғаған футболшы алматылықтар сапында ішкі біріншілікте ғана емес, еуродода бәсекелерінде де табысты өнер көрсетті. «Қайрат» қатарын толықтырған тағы бір жетісулық Евгений Плотников. Жас қақпашыға құда түскенде алматылық команда қателеспеген еді. Жоғары дивизионның күмісі мен суперкубокті қанжығасына байлаған «Қайраттың» биылғы жетістігіне Плотниковтің де едәуір үлес қосқаны сөзсіз.

«Жетісуды» өрге сүйрегендер арасынан Руслан Галиакберовке де жеке тоқталып өткіміз келеді. Жас шабуылшы Қазанның «Рубинінен» ауысып келгенде ұжымның екінші тынысы ашылғандай болған. Ресейлік футболшы премьер-лига тағдыры шешілетін бірқатар кездесуде маңызды доптар соғып, «Жетісуға» жеңіс сыйлаған еді. Жасыл алаңға 13 рет шығып, 6 рет мергендік танытқан Галиакберов екінші айналымдағы «Жетісу» жетістігінің кепіліне айналған. Бұл орайда, команданың ұтымды менеджментіде жоғары бағаға лайық. Күрделі шақта клуб басшылығы мен бапкерлік құрам селекция тұрғысында дұрыс таңдау жасап, маусым соңы жаман болмады. «Жетісу» бюджеті жөнінен еліміздегі үздік команда емес. Талдықорғандық ұжымның алдағы уақытта бұл көрсеткіш бойынша «Астана», ірі жобаларды қолға алған алматылық «Қайрат» немесе республиканың батысындағы командалармен теңесе қоймасы анық. Десек те, биылғы біріншілік ортаңқол ұжымның дұрыс селекция мен жергілікті жастарға сенім артудан ұтылмасын анық аңғартты. Міне, дәл осындай футбол қағидасы «Жетісудай» ортаңқол клубтардың оң жамбасынан келетін, табысты һәм қолайлы саясат. «Кішкентай» командалар жас футболшыларға мүмкіндік беру арқылы Отандық футболдың дамуына үлкен үлес қоспақ.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Фотолар "Жетісу" футбол клубының сайтынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх